"
Терминдердің тереңіне үңіліп ізденбегендіктің кесірінен бір кезде НАРКОМАН дегенді нашақор деп аударып жіберді. Наша (анаша) − толып жатқан есірткілердің бір түрі ғана. Нашақор деп тек наша шегуге әуестеніп кеткен адамды Толығырақ ...айтады. Сол нашаны әр жерде әртүрлі атайды, мысалы, марихуана, план, анаша, харас, хусус, гашиш, ал дерттің халықаралық атауы − гашишемания. Одан басқа да кокаиномания, героиномания, барбитуромания, морфинизм деген диагноздар бар. Осылардың әрқайсысы, өзіне тән белгілері бар, жеке-жеке дерт, бірақ ортақ атауы – наркомания. Жалпы, есірткіге әуестеніп кеткен адамды қазақтар баяғыдан БӘҢШІ дейді, яғни наркоман. Біз диагноз қойғанда апиыншы адамды нашақор дей алмаймыз, себебі біреуі апиын қабылдайды, екіншісі наша шегеді. Олардың клиникалық сипаттарында, емдік тәсілдерінде айырмашылықтар болады.
Мұрат Оспанов
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.