Қайырлы күн! Кейінгі 5-7жылда үрдіс алып отырған қазақ тілінде жоқ дыбыстарды терминдерде кеңінен пайдалану мені қатты алаңдатады. Мысалы, цифрлық, цифра, циркуляция және тағы сол сияқты сөздер. Ц, Ф, Ю, Ч Толығырақ ...дыбыстары қазақ тілінде жоқ. Бұл дыбыстарды кеңінен қолдану қазақ тілінің болашағына балта шабу деп есептеймін. Терминдерді түзу жұмысына қазақша сөйлегенде орысша сөздерді араластыратын адамдардың тартылуы ма бұған себеп? Бір-екі мысал келтірейін; «Цифра" сөзінің бұрын қабылданған "сипыр" аудармасы бола тұра кейнгі жылдары "цифра", "цифрлық" деген терминдер бекітіліп отыр. "Циркуляция" сөзінің "айналым" деген термині бекітілгеніне қарамастан кейінгі жылдары қазақша "циркуляция" деп бекітілген. Неге? Цифраны цифра деп циркуляцияны циркуляция деп айта салу оңай болғандықтан ба? Тіліміз құрып орысшаланып кеткендіктен ба? "Циркуляция" деген сөздің аудармасы "айналым" деген дұрыс, бәрақ бір салада қолдансақ "айналым" басқа салада қолдансақ "циркуляция" ма? Қай салада болсын ол сөздің мағынасы бір емес па?
Қашан жөнделесіздер? Қашан қазақ тіліне бет бұрасыздар?
"Самовар" деген орысша сөзді қазақша "самаурын" деп кеттік, сол сияқты "цифровой", "цифра" деген сөздерді қазақша "сипырлық", "сипыр» деуге болмайды ма?
Discussion
Articles

Пікіріңіз өте орынды. Алайда цифра термин ретінде 2006 жылы цифр болып бекітілген. Кейінгілердің бәрі сол қарқынмен кетіп жатқан сияқты. цифровая подпись - сандық қолтаңба түрінде тым жақсы қолданылып жүр. Басқа Толығырақ ...терминдерді де әрине осылай қазақшалаған жөн-ақ
Сипыр демей-ақ, сан десек болмас па? "Сан" дегеннің аудармасы цифр болады емес пе?
Цифра, сан сөзі де цифрлық және сандық, цифрландыру деген сияқты ұғымдармен қолданысқа сіңіп кеткен. Сан сөзін ғана қалдыру үшін бірқатар терминдер қайта қаралуы тиіс.