Мұнай-газ саласы.
Ответный фланецтерді «контрфланец" деген нұсқасын калькалап, "қарсы ернемек" деп жүрміз. Бірақ мұндағы басты мағыналық екпін олардың қарсы болуында емес, бір-біріне сыңар келуінде. Фланецтер қанша жерден қарсы болса да, Толығырақ ...егер олар радиусы, бұрандама салатын саңылаулары сияқты сипаттары бойынша сәйкес келмесе, олар бір-бірімен қабысып, бекітіле алмайды.
Фланецтер жалғанғанда жұптасады. Сол жұптың біреуін екіншісіне салыстыра, қатыстыра айтқанда "ответный фланец" дейді.
Ұсынысы "қарсы фланец" нұсқасының орнына, не кемінде сонымен қатар, сыңар "фланец/сыңар ернемек" нұсақсын бекіту.
Ұңғымаларды жөндеу бөлімінде жұмыс істеп жүргенде, біз бір фланецке, оның "ответный фланецін" бекіту үшін іздегенде, "сыңарын кигіз" дейтінбіз.
Қосарланып келетін заттың біреуін онсыз да "сыңар» дейміз.
Обсуждение
Библиография

Сыңар фланецке қосыламын. Алайда фланецті "ернемек" деген де сонша жасанды көрініп тұр. Фланец деген шеті, көнтиген ернеуі ғой. Оны ернеу деп алуға да болады, арнайы балама керек болса, "ернек" сөзін Толығырақ ...де алуға болар еді.Сыңар ернеу/Сыңар ернек.Ернек те ернеудің бір баламасы. Түбірі - ерін ғой.
Сыңар ернек деген баламаны ұсынған дұрысырақ