Құрметті termincom.kz сайтының қатысушылары,
сіздерге «Информатика және есептеуіш техника» категориясына қатысты екі терминнің аудармасы мен анықтамасын ұсынамын. Бұл терминдер компьютер ғылымдарында жиі кездесетін маңызы зор ұғымдар болғандықтан, оларды сайтқа тіркеуді қарастыруларыңызды Толығырақ ...сұраймын.
1. Когнитивті есептеу - адам миының ойлау жүйесін имитациялайтын компьютерленген үлгі. Бұл технологиялық платформалардың деректерді пайдалану немесе табиғи тілді өңдеу арқылы өзін-өзі оқыту қабілеті болып табылады.
2. Конвейерлік өңдеу - компьютерлік процессордың нұсқаулықтарды логикалық реттілікпен параллель өңдеу әдісі. Бұл бір уақытта орындалатын тапсырмалар мен нұсқаулықтарды ұйымдасқан түрде сақтау және кезекке қою процесі болып табылады.
когнитивті есеп
Когнитивті есептеуді кері аударсақ - вычисление с когнитивом болып шығады. Дұрысы - когнитив есептеу. Қазақша сөзжасам ағылшыншаға барынша жуық келеді: cognitive computing. Орысша калькадан бас тартатын уақыт болды
конвейерная обработка - конвейерлеп өңдеу
Басқа пікірлерді көрсету