Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі негізгі міндеттері төмендегідей орталық атқарушы орган болып табылады: мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды реттелетін салаларда, нақты айтқанда, агроөнеркәсіп кешені, өсімдік шаруашылығы, ветеринария, мал шаруашылығы, АӨК-ін техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылығы ғылымы, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісі негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмылдыруға әзірлігінде қалыптастыру және жүзеге асыру; агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету. ҚР АШМ ресми сайты - mgov.kz