Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайынғы республикалық терминшілер байқауын бастады! Байқау өтінімі 2026 жылдың 20 сәуір мен 31 тамыз аралығында қабылданады.
Байқауға 18 Толығырақ ...жасқа толған ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Ұлттық сипаттағы терминжасауға әркімнің үлес қосуға мүмкіндігі бар. Небәрі 5 термин ұсынып, жүлделі орынға ие болыңыз!
Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде – 250 000 теңге.
I орын – 150 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 теңге.
Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақыртылады.
Байқау ережесімен танысу үшін сілтемеге өтіңіз ➡️ https://docs.google.com/document/d/12CF9zi_otUyJnajK7WUavQ8Xtt48Oqgv/edit?usp=sharing&ouid=102829762134357764975&rtpof=true&sd=true
Өтінімдер және сұрақтар бойынша байланыс: termincom2021@gmail.com, +77172251465
Жармакин Олжабай Қайкенұлы, Камысбай Камысбай, Сарсембекова Тоғжан және 4
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазір сахарный диабет тіркесін қант диабеті деп аударылып жүр. Алайда , бұл дұрыс емес. Өйткені ілік септігі жасырын түрып қанттың диабеті деп басқа мағына Толығырақ ...беріп тұр. Дүрысы -қантты диабет.
Қантты диабет пен қантсыз диабет деп екіге бөлінеді.
Shakenova Meruyert
  • Shakenova Meruyert 2 күн бұрын

    Қант диабеті – матаса байланысқан зат есімдер (дұрыс модель). Қазақ тілінде ауру атауларының басым көпшілігі бірінші үлгімен жасалады:
    - қан ауруы;
    - өкпе обыры;
    - бүйрек тасы;
    - жүрек жеткіліксіздігі.
    «Қант диабеті» де осы заңдылыққа бағынады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Термин байқауына қатысып жатырмыз. менде бір ұсыныс бар. қазір көп жастар кітап оқымайды. сол кітап оқымайтын жастарға жалпылама бір термин сияқты атау керек пе екен деп ойлап жүрмін. Ол үшін Толығырақ ...өзге елдерде сондай термин бар ма екен деген сияқты. Сол терминді балама ретінде жаңа термин ұсынсақ. Қалай ойлайсыздар?
Жармакин Олжабай Қайкенұлы, Shakenova Meruyert
  • Гаухар Асылбек 4 апта бұрын

    1978 жылы Ларри Микулецки (Микулекки) америкалық балалар арасында жаңа проблемаға айналып келе жатқан құбылысқа алғаш рет назар аударды және «aliteracy» терминін енгізді.

    Ең қарапайым анықтамада «aliteracy» адамның қалыптасқан оқу дағдысы бар, Толығырақ ...бірақ саналы түрде оқымауды қалайтын күйді білдіреді. Басқаша айтқанда, бұл оқу қабілетінің жоқтығынан емес, жеке таңдаудың салдарынан туындайтын ерікті сауатсыздықтың ерекше түрі.

    Бауэрлейннің (Бауэрлейн) пікірінше, қазіргі қоғамда көптеген адамдар кітаптар мен оқуға деген немқұрайдылықты көрсетеді. Өз кезегінде, Шульц (Шульц) ақпараттың шамадан тыс жүктелуі және жарияланған кітаптар санының үнемі өсуі жағдайында адамдар артық ақпаратпен күресу тәсілі ретінде оқуды шектеуге мәжбүр болады деп санайды.

    Коэн (Cohen) «aliteracy» таралуының себептерінің бірі – әртүрлі цифрлық құрылғылардың экрандарында өткізілетін уақыттың артуы деп санайды.

  • Гаухар Асылбек 4 апта бұрын

    Мәлімет Journal of Contemporary Educational Research ғылыми журналынан алынды.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Termincom.kz сайтында «станция" сөзі 2020 жылы "станса" деп бекітілген. Бұл сөзге ұлт тілінде қандай балама ұсынуға болады? "Станса» деп қалғаны қаншалықты дұрыс?
  • А. Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттарына сәйкес жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек.

  • Станция сөзі бекет деп аударылады

  • Станция – станция, станса (Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (59) 2020).

    Пост – бекет (Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №1 Толығырақ ...(51) 2016).

    Контрольный пост – бақылау бекеті
    Наблюдательный пост – байқау бекеті
    (Терминологиялық бюллетень, Республикалық терминология комиссиясының 2025 жылғы 10 қазандағы отырысында бекітілген терминдер).

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Іс-қағаздар саласы: суверенный актив - мемлекеттік актив
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.суверенный активмемлекеттік актив
2.динамика активовактивтердің динамикасы
termincom.kz
  • Гаухар Асылбек 1 ай бұрын

    Суверенный актив – қосалқы актив
    Динамика активов – активтер динамикасы

  • Shakenova Meruyert 1 ай бұрын

    "Суверенный актив" терминінің негізгі мағынасы - мемлекетке тиесілі және оның бақылауындағы экономикалық құндылығы бар мүлік немесе қаржы ресурсы. Оның негізгі белгісі - мемлекет меншігінде болуы және ұлттық мүддеге қызмет етуі. Толығырақ ...Бұл ерекшелігіне сай "ұлттық мүлік" немесе "елдік актив" терминдерін балама ретінде ұсынуымызға болады.

  • мемлекеттік актив дұрыс

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақ тілінде әлі бекітіліп үлгермеген топ 5 сала қандай? Бұл саладағы терминдердің бекітілмеуіне қатысты ойларыңыз қандай?
Shakenova Meruyert, termincom.kz, Оразгүл Жәдігерқызы
  • 1. Жасанды интеллект және нейротехнология
    2. Гейминг және киберспорт
    3. Медицина мен биотехнология
    4. Қаржы
    5. Маркетинг және медиа

  • Қазақстанда терминологиялық жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, бірақ заң, экономика, медицина, ауыл шаруашылығы, білім беру (жаратылыстану пәндері) сияқты күрделі салаларда терминдерді толық бекіту әлі де алда. Бұл процесс салааралық үйлестіруді, Толығырақ ...халықаралық тәжірибені ескеруді және қазақ тілінің терминжасамдық әлеуетін дамытуды талап етеді.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.