Термин жасау деген бәрін жаппай қазақшалау деген сөз емес. Мың жерден қазақшалап алғанмен, қолданысқа түспесе, халық қабылдамаса ол атау бәрібір өледі. Сондықтан бір термин енгізсек те тілге жатымды, ойға қонымды Толығырақ ...болса деп ойлаймын. Мәселен, холодильник деген сөзге тоңазытқыш деп балама таптық. Өте жақсы атау, бірақ Қазақстанда соны тоңазытқыш деп атап жүргендер аз. Шетелден келген қазақтар ғана айтып жүрген, жазушыларымыз ғана жазып жүргендей сезіледі.
Неге? терминді жасау бар да, оны халыққа ұсынып, қадағалау бар. Байқаймын, елімізде осы жағы кем секілді. Бұл арада Шынжаңдағы бір тажирибені айтқым келеді. Шынжаңда жасалған терминдерді жинап газет-журналдарда жариялап, халықтан ұсыныс-пікір алады. Термин тұрақтанғаннан кейін оны БАҚ-тарға арнаулы таратып береді әрі атауларды сол бойынша алуды талап етеді. Оны тіл комитеті арнаулы қадағалайды, БАҚ соған бағынады. Бұл жаңадан қабылданған терминдердің қолданысқа ену салыстырмасын тездетеді. БАҚ беттеріндегі терминдердің ала-құлалығын азайтады. БАҚ-тарда кездескен жаңа атауларды тіл комитетіне жіберіп, қандай балама атаумен алуды сұрап отырады.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Терминді тексттің арасында қаншалықты жарасып тұратынын да қарау керек. Сол термиинге қазаша жалғауларды қойып көріп дегендей.