сәлеметсіздер ме! «зелёный коридор" (способ, заключающийся в упрощении процедур и обеспечении безопасности) терминін "көк арна" деп алдым, себебі көкпенбек(жап-жасыл), зеленый базарды көк базар, жасылды КӨК деп айту есебінде. Әлде "жасыл
Толығырақ ...арна» деген дұрыс па? айтып жіберіңіздерші, өтініш!
Сәлеметсіз бе, "зеленый коридор" термині кедендік реттеу саласында "Жасыл дәліз"деп қолданылады.
"Жасыл дәліз" сөзі сіңісіп кетті. Дәліздің түсі де сондай. Сондықтан басқаша ауыстырудың қажеті бола қоймас.
1) "Жасыл дәліз" сөзбе-сөз аударма болса да қалыптасып кетті. Сондықтан өзгертудің қажеті жоқ; 2) "Жасыл" сөзінің соңғы уақыттағы белсенді қолданысы байқалады: жасыл экономика, жасыл энергия, жасыл ел т.т. Осы тіркестердегі Толығырақ ..."жасыл" сөзін "көк"-пен ауыстыру мүлде қисынсыз болар еді.
Басқа пікірлерді көрсету