Обсуждение
Библиография



Сәлеметсіз бе, Назым! Пікіріңізге рақмет! Сіздің ойыңызды толық қуаттаймыз. "Коуч" терминін қазақ тіліндегі қызметіне, мәнмәтініне (контекске) қарай әр түрлі нұсқада қолдануға болады. Мысалы, дене тәрбиесі және спорт саласында, "сәттілік Толығырақ ...жаттықтырушысы" деп аударған екен. Бірақ бұл қаншалықты сәтті аударма?! Шеттілдік термин, сөздерге мүмкіндігінше балама тапқан дұрыс. Бірақ ол терминнің анықтамасын, яғни дефинициясын бермесе, қолданысқа түсе алмайтынын ұмытпауымыз керек. "Коуч" терминін бекіту жөнінде ұсыныс болған жоқ, термин бекітілмеген. Сіз айтқандай, "ақыл айтушы", "мотивация беруші" деп бекітілуі екіталай, яғни, сіздің алаңдауыңызға еш негіз жоқ.
Инвестор – инвестор (2017 жылы бекітілген термин). Қазақ тілінде «қаражат салушы» деген нұсқасы кездеседі.
Терминді талқылағанда, ол терминнің осы уақытқа дейін бекітілген, бекітілмегенін, белсенді қолданыстағы нұсқасын, егер ол шеттілдік термин болса, қазақша баламасы бар-жоғын және т.б. айқындап алған соң ғана ой- пікір айтқан дұрыс болар еді.