Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Дене шынықтыру, ауыр атлетика саласындағы «Становая тяга« - «бітімге тарту» деп аударудың логикасын түсінбей келемін. <br>
Біріншіден, мектепті қазақша оқып, қазақша өскен баланың санасында, «бітімге тарту« десе, "Бітімің әкеңе Толығырақ ... тартқан«, "Тартпай қоймас негізге» деген ассоциациялық қатар еріксіз ойына келеді. Мұның бұл жаттығуға еш қатысы жоқ.
12 жыл темір залында зілтемірдің иісін иіскеген адам ретінде, мен бұл жаттығу амалын «ТҰРА Тарту» деп аударар едім.

1) Ағылшыншасы «Deadlift", неге "өлік көтеру" неге өлік? Себебі, бұл жаттығуда штанга жерде "өлі» салмақ болып жатады. Яғни, салмақты ешқандай инерциясыз, тыныш күйінен қозғап көтереді.

2) Орысшасындағы «становая" деген атау да "стан" деген сөз емес, "становиться", яғни "тұра қалу" деген сөзге сүйеніп қойылған. Демек, "Тұра тарту» дегеніміз келеді.

3) Ауыр атлетикада, «жұлқи көтеру", "серпе көтеру" деген сияқты тіркесу мақамы ұқсас сөздер бар. Бұл дәстүр шеңберінде »Тұра тарту» »бітімге тартуға» қарағанда үйлесімдірек әрі мағыналырақ естіледі.

4) Тұрып тарту емес, тұра тарту. Неге? Тұрып тарту деген басқа жаттығу болып кетеді. Мынау нақты, еңкейіп жүрелеп отырған қалпыңда өлі салмақты уыстап, бір уақытта тұрып жатып тартуыңды білдіреді. Демек, ТҰРА ТАРТУ.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.Становая тягатұра тарту
Әбу Әлиман, Башикова Жанат Жомартовна, Серік Ерғали және 2
  • Серік Ерғали 5 жыл бұрын

    Асқар мырза, тамаша!!! Жүйелі балама. Жұлқа тарту, серпе тарту, тұра тарту! Құттықтаймын!

  • Өте уәжді. Терминкомның қарауына ұсыну қажет

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Мұнай-газ саласы.
Ответный фланецтерді «контрфланец" деген нұсқасын калькалап, "қарсы ернемек" деп жүрміз. Бірақ мұндағы басты мағыналық екпін олардың қарсы болуында емес, бір-біріне сыңар келуінде. Фланецтер қанша жерден қарсы болса да, Толығырақ ...егер олар радиусы, бұрандама салатын саңылаулары сияқты сипаттары бойынша сәйкес келмесе, олар бір-бірімен қабысып, бекітіле алмайды.
Фланецтер жалғанғанда жұптасады. Сол жұптың біреуін екіншісіне салыстыра, қатыстыра айтқанда "ответный фланец" дейді.
Ұсынысы "қарсы фланец" нұсқасының орнына, не кемінде сонымен қатар, сыңар "фланец/сыңар ернемек" нұсақсын бекіту.
Ұңғымаларды жөндеу бөлімінде жұмыс істеп жүргенде, біз бір фланецке, оның "ответный фланецін" бекіту үшін іздегенде, "сыңарын кигіз" дейтінбіз.
Қосарланып келетін заттың біреуін онсыз да "сыңар» дейміз.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.ответный фланецсыңар ернемек
Әбу Әлиман, Серік Ерғали, Сая Ағанасқызы Итеғұлова және 1
  • Серік Ерғали 5 жыл бұрын

    Сыңар фланецке қосыламын. Алайда фланецті "ернемек" деген де сонша жасанды көрініп тұр. Фланец деген шеті, көнтиген ернеуі ғой. Оны ернеу деп алуға да болады, арнайы балама керек болса, "ернек" сөзін Толығырақ ...де алуға болар еді.Сыңар ернеу/Сыңар ернек.Ернек те ернеудің бір баламасы. Түбірі - ерін ғой.

  • Сыңар ернек деген баламаны ұсынған дұрысырақ

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.