- Сыныптағы староста – сыныпбасы. «Мыңбасы», «қолбасы», «түменбасы» сөздерінің жасалу жолымен;
- Мектептегі «уборка» - жинастыру, тазалау, жуып-жинау;
- Пенал – шөнтек. Қолданыстан қалып бара жатқан сөздерімізді қисынына, мағынасына қарай қайта жандандырсақ деген ой ғой;
Толығырақ ...
- Компьютер – ақпарқор;
- Маска – тұмша (беті-басын тұмшалау етістігінен);
- Медбрат – медер. Бұл жерде «ер» сөзі батыр мағынасында емес, адамның жынысын білдіреді, ер адам деген мағынады. Бізге керегі де осы. Қысқа да нұсқа әрі жағымды естіледі, меніңше;
- Медсестраны «медбике», «мейірбике» дегеннен гөрі «медбибі»деген жөн сияқты, «бике» сөзі жағымсыздау, кекесін мағынасында қолданылатын сыңайлы сөз қолданымда. Мысалы, жолбике, Шығайбайдың қызы Бізбике.
термин атауыштық формада тұруы керек емес пе? Бір терминді сөйлем арқылу жеткізудің не қажеттілігі бар? Жекеге жазам дегеннен ешқандай олқылық көріп тұрған жоқпын.
"Оңаша" деген сөйлем емес қой. "Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей",-дейді Абай. Құлағымыз үйренбегеннен болар.