- Сыныптағы староста – сыныпбасы. «Мыңбасы», «қолбасы», «түменбасы» сөздерінің жасалу жолымен;
- Мектептегі «уборка» - жинастыру, тазалау, жуып-жинау;
- Пенал – шөнтек. Қолданыстан қалып бара жатқан сөздерімізді қисынына, мағынасына қарай қайта жандандырсақ деген ой ғой; Толығырақ ...
- Компьютер – ақпарқор;
- Маска – тұмша (беті-басын тұмшалау етістігінен);
- Медбрат – медер. Бұл жерде «ер» сөзі батыр мағынасында емес, адамның жынысын білдіреді, ер адам деген мағынады. Бізге керегі де осы. Қысқа да нұсқа әрі жағымды естіледі, меніңше;
- Медсестраны «медбике», «мейірбике» дегеннен гөрі «медбибі»деген жөн сияқты, «бике» сөзі жағымсыздау, кекесін мағынасында қолданылатын сыңайлы сөз қолданымда. Мысалы, жолбике, Шығайбайдың қызы Бізбике.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Староста дегенді ағаман деп алған бір жазушының романынан көрдім. Сол дұрыс, қыз болса - апаман. Атаман да біздің сөз ғой, бір ауылдың атасы/әкесі дегеннен шыққан
Медер дегенді алғаш естуім. Бірақ ұнады.
Медбибі мен медер қолданылып кетсе, шіркін!
Басқа пікірлерді көрсету