Attention! To leave a message, please sign in.
«Ударная розетка» сөзін қалай аударуға болады? Теміржол саласына қатысты
Ai-kerim Qojahmet
  • Ai-kerim Qojahmet 10 ай бұрын

    Бұл термин «электроника, радиотехника және байланыс» саласына тиесілі. Аталған термин дефинициясына қарасақ, «ударная розетка» – электр құралдарын, әсіресе соққы, жоғары қуат немесе діріл құрылғыларын қосуға арналған рәзеткінің арнайы түрі. Яғни, Толығырақ ...бұл рәзеткі түрі ауыр соққы қабылдайды және ауыр соққыны өзіне тартады. Термин қазіргі таңда Терминология комиссиясымен бекітілмеген. Дегенмен, «ударная» сөзі басқа терминдер құрамында болып, «соққы» (2016), «соққы беретін» (2021), «соққылаушы» (2020) түрінде бекітіліп, әртүрлі салаларда қолданылып келеді.
    «Розетка» термині де бекітілмеген. Аталған термин «электроника, радиотехника және байланыс», «сәулет және құрылыс» салаларында «розетка» күйінде қолданылады.
    А. Байтұрсынұлының терминжасам қағидаттарына сүйене отырып, кірме терминдерді қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертуді ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ: «ударная розетка» терминінің қазақша баламасы ретінде «соққы қабылдаушы рәзеткі» немесе «тартпалы рәзеткі» терминдерін қолдануға болады. Дегенмен, терминнің нақты баламасын анықтау және ғалымдардың сараптамасынан өткізу үшін осы және басқа да сұрақ тудырып жүрген терминдерді Комиссия отырысына ұсына аласыз. Сіздің ойыңызша, бұл терминнің қай баламасы мазмұнын толық ашады?
    Сұрағыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз!

  • Гаухар Асылбек 1 ай бұрын

    Ударная розетка - соққыш розетка

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қайрлы күн! Удельная норма, удельный расход дизельного топлива бекітілген термин таппадым.
termincom.kz
  • Сәлеметсіз бе, Жанабай Акишев! «Дизель отынның меншікті шығысы» нұсқасы ұсынылады.
    Дизель отыны – дизельное топливо. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау Толығырақ ...жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығы
    Үлестік норма – удельная норма. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығы
    Үлестік шығыс – удельный расход. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығы
    Ресурстардың меншікті шығысы – удельный расход ресурсов (2017 жылы бекітілген термин)
    Шартты отынның меншікті шығыны – удельный расход условного топлива (Энергетика)
    Дизел отыны – дизельное топливо (2023 жылы бекітілген термин)
    Отын – топливо (2023 жылы бекітілген термин)
    Дизель отынының күлділігі (көлік және қатынас жолдары) – зольность дизельного топлива (2015 жылы бекітілген термин)
    Дизель қозғалтқыш (көлік және қатынас жолдары) – двигатель дизельный (2015 жылы бекітілген термин)
    Дизелді автомобиль (көлік және қатынас жолдары) – автомобиль дизельный (2015 жылы бекітілген термин)

  • Жаңабай НҰРЛАНҰЛЫ 1 жыл бұрын

    Рахмет. "Үлестік"-сөзі жақсы келеді екен.

  • Терминнің бекітілген нұсқасын немесе заңнамада қолданылатын нұсқасын негізге алған жөн. Бекітілген нұсқасы не сөздіктерде баламасы болмаған жағдайда, заңнамаға сүйену қажет. Ғұлама ғалым, әдебиеттанушы Ә.Бөкейхановтың сөзімен айтсақ: Заң адам пайдасына жазылады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қайырлы күн! Теміржол саласында көп пайдаланылатын сөздің бірі «локомотивная тяга". Осы сөздің дұрыс аудармасы қалай болады? Логомотив тартым, локомотив тартым күші? локомотив тарту күші? "Услуги локомотивной тяги»-деген сөз тіркесінде пайдаланылады көбінесе.
  • Сәлеметсіз бе, Жанабай Акишев! Локомотивтік тартқыш – локомотивная тяга. Локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуді ұсыну шарты – договор предоставления услуг локомотивной тяги.
    Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік Толығырақ ...және коммуникация министрінің 2007 жылғы"28 наурыздағы N 70 Бұйрығы/ Об утверждении Правил предоставления услуг локомотивной тяги Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 марта 2007 года N 70.

  • Жаңабай НҰРЛАНҰЛЫ 1 жыл бұрын

    Кей құжаттарда тартқыш деп келеді. Дегенмен, "тартқыш" сөзіне қарағанда "тартым" сөзі жақсы келіңкірейді. электротяга - электровоздық тартым, теплотяга - тепловоздық тартым.

  • «Тартым» деген нұсқасы бекітілген терминдер қатарында бар. Алайда терминдердің бірізділігіне қатысты мәселе өзекті болып қала бермек. Заңнамадағы нұсқасын қолдансаңыз қате болмайды.
    Тартым коэффициенті – Коэффициент тяги (2016 жылы бекітілген термин)
    Тартым белдігі Толығырақ ...(механика және машинатану) – ремень тяговая (2015 жылы бекітілген термин)
    Тартым қуаты (механика және машинатану) – мощность тяговая (2015 жылы бекітілген термин)

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.