Attention! To leave a message, please sign in.
Инвестор термині латынның «investire» сөзінен шыққан, «салу» немесе «жұмсау» деген мағынада. Инвестор — қаржылық немесе материалдық ресурстарды пайда алу мақсатында орналастыратын адам немесе ұйым.
«Инвестор» терминін «қаржыландырушы» немесе «капиталист» Толығырақ ..., “салым иесі”лексемаларымен алмастыруға болады. Бұл сөздер қазіргі контекстте стандартты және түсінікті болып табылады, сондықтан оларды термин ретінде бекітуді қолдаймын.
  • Инвестор – инвестор (2017 жылы бекітілген термин). Қазақ тілінде «қаражат салушы» деген нұсқасы кездеседі.

  • Терминді талқылағанда, ол терминнің осы уақытқа дейін бекітілген, бекітілмегенін, белсенді қолданыстағы нұсқасын, егер ол шеттілдік термин болса, қазақша баламасы бар-жоғын және т.б. айқындап алған соң ғана ой- пікір айтқан дұрыс болар еді.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Коуч термині ағылшын тіліндегі «coach» сөзінен шыққан, ол бастапқыда спорттық жаттықтырушы дегенді білдірген.Қазіргі кезде коуч кәсіби дамуға, жеке тұлғалық өсуге немесе нақты мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін маман ретінде қолданысқа енген.Қазақ Толығырақ ...тілінде “коуч” сөзін “кеңесші”, “жетекші” немесе “тұлғалық даму бойынша тәлімгер лексемаларымен алмастыруға болады. Ал “ақыл айтушы”, “ мотивация беруші” сөздерінде теріс баламалар байқалғандықтан, бұл сөздерді термин ретінде бекіту дұрыс емес деп ойлаймын.
  • Сәлеметсіз бе, Назым! Пікіріңізге рақмет! Сіздің ойыңызды толық қуаттаймыз. "Коуч" терминін қазақ тіліндегі қызметіне, мәнмәтініне (контекске) қарай әр түрлі нұсқада қолдануға болады. Мысалы, дене тәрбиесі және спорт саласында, "сәттілік Толығырақ ...жаттықтырушысы" деп аударған екен. Бірақ бұл қаншалықты сәтті аударма?! Шеттілдік термин, сөздерге мүмкіндігінше балама тапқан дұрыс. Бірақ ол терминнің анықтамасын, яғни дефинициясын бермесе, қолданысқа түсе алмайтынын ұмытпауымыз керек. "Коуч" терминін бекіту жөнінде ұсыныс болған жоқ, термин бекітілмеген. Сіз айтқандай, "ақыл айтушы", "мотивация беруші" деп бекітілуі екіталай, яғни, сіздің алаңдауыңызға еш негіз жоқ.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.