| 1. | блокчейн (байқау 2026) | тізбекжазба, блокчейн (2021) | блокчейн (байқау 2026)тізбекжазба, блокчейн (2021)Байқау терминдері (2026)блок (ағылш. block) – бөлік; chain – тізбек.Дефинициясы1. Тізбекжазба, блокчейн – тізбектеліп байланыстырылған блоктарда транзакция не жазба деректерін криптографиялық тәсілмен тіркейтін таратылған тізілім технологиясы. 2. Этимологиясы: блок (ағылш. block) – бөлік; chain – тізбек. 3. Өзбек: blokcheyn 4. Түрік: blokzincir 5. Ағылшын: blockchain 6. Неміс: Blockchain 7. Бекітілген нұсқасы: блокчейн (2021) 8. Қолдану саласы: Информатика және есептеуіш техника 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ. ... ақпараттық жүйеде блокчейндегі консенсусты қолдауға ...
2. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. ... блокчейн - өзара байланысты деректер блоктары ...
3. Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 138-VII ҚРЗ. ... жасанды интеллект, блокчейн ... 10. Ұсыныстар: «блокчейн» термині 2021 жылы Республикалық терминология комиссиясында бекітілген. Бұл атау ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылып, белгілі бір ғылыми-техникалық ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан. Ал «тізбекжазба» нұсқасы технологияның жекелеген ерекшеліктерін сипаттағанымен, оның мазмұнын толық ашпайды. Осыған байланысты бұрын бекітілген терминді өзгертудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз. Терминологиялық бірізділікті сақтау және қалыптасқан салалық қолданысты ескеру мақсатында «блокчейн» нұсқасын өзгеріссіз қалдыруды ұсынамыз.
| +3 |
| 2. | варакушка | алабұлбұл | варакушкаалабұлбұлБайқау терминдері (2026)–Дефинициясы1. Алабұлбұл – көгілдір өңеш маңындағы ала-құла реңімен ерекшеленетін Luscinia svecica түріне жататын ұсақ сайрауық құс. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: ko‘kto‘sh 4. Түрік: mavigerdan 5. Ағылшын: bluethroat 6. Неміс: Blaukehlchen 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Биология 9. Заңнамадағы қолданысы: – 10. Ұсыныстар: «варакушка» құс атауына ұсынылған «алабұлбұл» нұсқасын қолдауды ұсынамыз. Бұл атау құстың сыртқы бейнесі мен табиғи ерекшеліктеріне негізделіп жасалған. «Ала» сыңары құстың тамақ және төс тұсындағы түрлі түсті қауырсындарына, ал «бұлбұл» сыңары оның сайрағыштық қасиетіне байланысты алынған. Осы екі сөздің бірігуі арқылы жасалған «алабұлбұл» атауы құстың өзіне тән белгілерін танытады әрі қазақ тілінің сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келеді. Атаудың мағынасы түсінікті, айтылуы жеңіл және қазақ тіліндегі құс атауларының жасалу үлгілерімен үйлеседі. Сондықтан «варакушка» терминінің қазақша баламасы ретінде «алабұлбұл» нұсқасын бекітуге ұсынамыз.
| +1 |
| 3. | интеллектуальные возможности / интеллектуальный потенциал (smart capability /intelligence capacity) | ойқуат | интеллектуальные возможности / интеллектуальный потенциал (smart capability /intelligence capacity)ойқуатБайқау терминдері (2026)–Дефинициясы1. Ойқуат – адамның ақпаратты қабылдау, түсіну, талдау, есте сақтау, логикалық ойлау, мәселелерді шешу және алған білімін жаңа жағдайларда қолдану қабілеттерінің жиынтығы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: intellektual imkoniyatlar 4. Түрік: entelektüel yetenekler 5. Ағылшын: intellectual abilities 6. Неміс: intellektuelle Fähigkeiten 7. Бекітілген нұсқасы: интеллект (2018), жазушы зерделілігі (2020), қайта пайдалану мүмкіндігі (2021) 8. Қолдану саласы: Әдебиет және лингвистика, Биология, Мәдениет және өнер 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ. ... Жасанды интеллект ...
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 171/НҚ бұйрығы. ... "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН ...
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1151 Жарлығы. ... жасанды интеллект жылын жариялау туралы ...
4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 413/НҚ бұйрығы ... Жасанды интеллект ...
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 534/НҚ бұйрығы ... 1) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже ... 10. Ұсыныстар: термин құрамындағы "интеллект" термині 2018 жылы бекітілген, алайда терминнің беретін мағынасын басшылыққа ала отырып, "ойқуат" терминін бекітуді ұсынамыз.
| 0 |
| 4. | когнитивные вычисления / когнитивная аналитика (сognitive сomputing /сognitive аnalytics) | ойтаным | когнитивные вычисления / когнитивная аналитика (сognitive сomputing /сognitive аnalytics)ойтанымБайқау терминдері (2026)когнитив (лат. cognitio) – "тану"; аналитика (гр. analytikós) – "талдауға қатысты".Дефинициясы1. Ойтаным – табиғи тілді өңдеу, машиналық оқыту, білімді ұсыну және қорытынды жасау сияқты жасанды интеллект әдістерін біріктіріп, құрылымдалған және құрылымдалмаған деректерді өңдеуге, контексті түсіндіруге, тәжірибеден үйренуге және шешім қабылдауды қолдауға арналған есептеу жүйелері мен технологияларының жиынтығы. 2. Этимологиясы: когнитив (лат. cognitio) – "тану"; аналитика (гр. analytikós) – "талдауға қатысты". 3. Өзбек: kognitiv hisoblash 4. Түрік: bilişsel hesaplama 5. Ағылшын: cognitive computing 6. Неміс: Cognitive Computing 7. Бекітілген нұсқасы: когнитивті-бихевиористік теория (2022), когнитивистика (2021), эволюциялық алгоритмдер көмегімен есептеу (2021) 8. Қолдану саласы: Информатика және есептеуіш техника, Математика, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Энергетика 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 171/НҚ бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 202/НҚ бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 19 бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 196/НҚ бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
5. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 104 бұйрығы. ... когнитивтік және орындаушылық функциялар ... 10. Ұсыныстар: "ойтаным" термині заңнамалық құжаттарда кездеспейді, алайда терминнің мағынасын, ұғымды дәл берудегі уәжділігін басшылыққа ала отырып, "ойтаным" терминін бекітуді ұсынамыз.
| 0 |
| 5. | крапивник | үңгірек, тарғылтай | крапивникүңгірек, тарғылтайБайқау терминдері (2026)–Дефинициясы1. Үңгірек, тарғылтай – торғайтәрізділер отрядына жататын, көбіне қоңыр түсті қауырсынды, денесі шағын, құйрығын жоғары көтеріп ұстайтын және қалың бұталар мен орманды жерлерді мекендейтін құс. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: bigiztumshuq 4. Түрік: bayağı çıt kuşu 5. Ағылшын: Eurasian Wren 6. Неміс: Zaunkönig 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Биология 9. Заңнамадағы қолданысы: – 10. Ұсыныстар: термин заңнамалық құжаттарда кездеспейді; алайда тұтынушыға түсінікті термин болса, бекітуге ұсынамыз.
| +3 |
| 6. | лазурит | көкмия, көктас, көк жылтыртас | лазуриткөкмия, көктас, көк жылтыртасБайқау терминдері (2026)лазурит (парсы lažvard арқылы) – "көк тас атауы".Дефинициясы1. Көкмия – қанық көк түсті, құрамында күкірт бар алюмосиликаттар тобына жататын минерал, әшекей тастардың және көк бояудың шикізаты. 2. Этимологиясы: лазурит (парсы lažvard арқылы) – "көк тас атауы". 3. Өзбек: lazurit 4. Түрік: lazurit 5. Ағылшын: lazurite 6. Неміс: Lasurit 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Кен ісі және металлургия, Сәулет және құрылыс 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 105-VIII ҚРЗ. ... Нефрит, яшма, жадеит, лазурит, радонит, малахит ...
2. Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 105-VIII ҚРЗ. ... Нефрит, яшма, жадеит, лазурит, радонит, малахит ... 10. Ұсыныстар: «лазурит» терминіне ұсынылған «көкмия» нұсқасын қолдамаймыз. Қазақ тілінде бұл минералдың «көктас», «көк жылтыртас» баламалары бұрыннан қолданылып келеді. Аталған атаулар минералдың өзіне тән көк түсін білдіреді әрі ұғымды түсінікті жеткізеді. Ал «көкмия» нұсқасындағы «мия» сыңары минералдың табиғи ерекшелігін нақты ашпайды және басқа минерал атауларымен шатастыруы мүмкін. Сондықтан қолданыста бар баламаларды ескере отырып, жаңа атау енгізудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз. «Лазурит» терминінің қазақша баламасы ретінде «көктас» нұсқасын бекітуге ұсынамыз.
| -1 |
| 7. | макадамия | макадамия ағашы; майжаңғақ | макадамиямакадамия ағашы; майжаңғақБайқау терминдері (2026)макадамия (Macadamia) – ғалым Дж. Макдам есімімен аталған ботаникалық атау.Дефинициясы1. Maкадамия – жеуге жарамды ядросы үшін өсірілетін өсімдік және оның майлылығы жоғары жаңғағы. 2. Этимологиясы: макадамия (Macadamia) – ғалым Дж. Макдам есімімен аталған ботаникалық атау. 3. Өзбек: makadamiya yong‘og‘i 4. Түрік: makademya cevizi 5. Ағылшын: macadamia; macadamia nut 6. Неміс: Macadamianuss 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет 9. Заңнамадағы қолданысы: – 10. Ұсыныстар: бұл термин 1. Макадамия (Macadamia) Австралиядан шыққан, тасжарғандар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштардың бір түрі; 2. сол ағаштың жеуге жарамды тұқымы, яғни жаңғағы, сондықтан 1. "макадамия ағашы"; 2. оның жемісін "майжаңғақ" деп бекітуді ұсынамыз. Бұл жаңғақтың құрамындағы май мөлшері 75.8 г., одан кейін пекан жаңғағы 72 г., сонымен қатар "жержаңғақ" деген де атау бар екені белгілі.
| -1 |
| 8. | портативное зарядное устройство | қуатқор; тасымал қуатқор; ықшам қуатқор; портатив қуатқор | портативное зарядное устройствоқуатқор; тасымал қуатқор; ықшам қуатқор; портатив қуатқорБайқау терминдері (2026)портативті (лат. portare) – алып жүру; заряд (фр. charge) – жүк, электрлік заряд.Дефинициясы1. Қуатқор – электр қуатын сақтап, мобильді құрылғыны қозғалыс үстінде зарядтауға арналған тасымалданатын аккумуляторлық құрылғы немесе портативті зарядтау құрылғысы. 2. Этимологиясы: портативті (лат. portare) – алып жүру; заряд (фр. charge) – жүк, электрлік заряд. 3. Өзбек: ko‘chma quvvatlagich; powerbank 4. Түрік: taşınabilir şarj cihazı; güç bankası 5. Ағылшын: portable charger; power bank 6. Неміс: tragbares Ladegerät; Powerbank 7. Бекітілген нұсқасы: таблеткалардың ықшамдылығы (2022), тасымалды компьютер (индустр.) (2015), зарядтау құрылғысы (2017), үстеме зарядтау (2017) 8. Қолдану саласы: Информатика және есептеуіш техника, Электроника, радиотехника және байланыс, Энергетика 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 69 бұйрығы: "... жазу құрылғысы (бейне және аудио) ...";
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 504 қаулысы: "... камераларға арналған портативті объективтер ...";
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 151 бұйрығы: "... Зарядтау құрылғысы бар тактикалық шам ...";
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 934 бұйрығы: "... зарядтау құрылғысымен дана 1 3 3 5 жарық беру жұмыстарын жүргізу үшін ...";
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 355 бұйрығы: "... жүргізуші (презентацияны басқару құрылғысы ...". 10. Ұсыныстар: термин құрамындағы сөзде портативный - тасымалды (2015), портативность - ықшамдылығы (2022); зарядное устройство - зарядтау құрылғысы (2017) ретінде бекітілген. Бекітілген нұсқаларға сүйене отырып, ұсылынған нұсқаны "тасымал қуатқор" немесе "ықшам қуатқор" ретінде бекіту ұсынылады. Не болмаса "портатив қуатқор" деген нұсқаны да талқылауға болады. Бұрынғы бекітілген нұсқалардағыдай -ті жұрнағының қажеттілігі жоқ, өйткені француз тіліндегі "портатив" сөзінің өзі port- (лат. portare - «тасу»); -able - «істеуге болатын, қабілетті» деген мағына беретін сөзжасамдық элемент.
| +2 |
| 9. | птицы-мыши | обырқұстар; тышқанқұстар | птицы-мышиобырқұстар; тышқанқұстарБайқау терминдері (2026)птицы-мыши (орыс.) – ағаш бойымен тышқанша қозғалғанын теңеуден қалыптасқан термин.Дефинициясы1. Обырқұстар – Африкада таралған, Coliiformes отрядына жататын, құйрығы ұзын, ағаштарда топтасып тіршілік ететін құстар тобы. 2. Этимологиясы: птицы-мыши (орыс.) – ағаш бойымен тышқанша қозғалғанын теңеуден қалыптасқан термин. 3. Өзбек: sichqonqushlar 4. Түрік: fare kuşları 5. Ағылшын: mousebirds 6. Неміс: Mausvögel 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Биология 9. Заңнамадағы қолданысы: – 10. Ұсыныстар: ұсынылған термин құрамындағы "обыр" сөзінің бір мағынасы "көзі тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір" дегенді білдіреді. Ал "птицы-мыши" терминіне сай келетін құстардың мұндай қасиетінің бар-жоғы белгісіз, сондықтан сала мамандарының пікірі қажет. Сонымен қатар халықаралық термин ретінде "тышқанқұстар" нұсқасы қолданылады, мұндағы көптік жалғауы "тәрізділер, тәріздестер" деген сипаттағы жалпылауыштың қызметін атқара алады.
| +3 |
| 10. | система искусственного интеллекта | зердежүйе | система искусственного интеллектазердежүйеБайқау терминдері (2026)интеллект (лат. intellectus) – ақыл-парасат; жүйе (гр. systēma) – тұтастық.Дефинициясы1. Зердежүйе – машиналық оқыту, пайымдау не басқа әдістерді пайдаланып кіріс деректерінен болжау, ұсыныс немесе шешім шығаратын бағдарламалық-техникалық жүйе. 2. Этимологиясы: интеллект (лат. intellectus) – ақыл-парасат; жүйе (гр. systēma) – тұтастық. 3. Өзбек: sun’iy intellekt tizimi 4. Түрік: yapay zekâ sistemi 5. Ағылшын: artificial intelligence system 6. Неміс: KI-System; System der künstlichen Intelligenz 7. Бекітілген нұсқасы: жасанды интеллект жүйесі (ЖИ) (2023) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Информатика және есептеуіш техника, Педагогика және психология 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ «Жасанды интеллект туралы» Заңы. ... жасанды интеллект жүйесін ...
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. ... жасанды интеллект құралдары мен платформаларын ...
3) .Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 881 Жарлығы. ... Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес туралы ...
4) Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ. .... жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, ..
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы. ... жасанды интеллект платформасының операторы ... 10. Ұсыныстар: "зердежүйе" дефинициясына сәйкес келетін сәтті балама термин болғанмен, заңнамалық құжаттарда «жасанды интеллект жүйесі» нақты нормативтік қолданысқа ие. «Система искусственного интеллекта (система ИИ) (artificial intelligence system (ai system)» ұғымына ұсынылған «зердежүйе» нұсқасын бекітуді сала мамандарымен талқылау керек.
| 0 |
| 11. | страусообразные | түйеқұстектестер | страусообразныетүйеқұстектестерБайқау терминдері (2026)–Дефинициясы1. Түйеқұстектестер – Struthioniformes отрядына жататын, ұшпайтын ірі денелі түйеқұстар тобы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: tuyaqushsimonlar 4. Түрік: devekuşu benzeri 5. Ағылшын: ostriches; Struthioniformes 6. Неміс: Straußenvögel 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Биология 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 186 шешімі ... түйеқұстарға және құстардың осы түрлерінің ...
2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 39 бұйрығы. ... фермаларда өсірілетін түйеқұстар ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 329 бұйрығы. ... Асыл тұқымды түйеқұстардың тізілімі ...
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығы. ... түйеқұстар ... 10. Ұсыныстар: «түйеқұстәрізділер», "түйеқұстектестер" термин ретінде бекітілмегенмен, биологияда қолданыста бар. Сала мамандарының, Комиссияның таоқылауына ұсынылады.,
| +2 |
| 12. | забор воды | су алу | забор водысу алуИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Cу алу – су көзінен белгілі бір мақсатта суды алу және оны су пайдалану немесе технологиялық процестерге бағыттау үдерісі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: suv olish 4. Түрік: su alma 5. Ағылшын: water intake 6. Неміс: wasserentnahme 7. Бекітілген нұсқасы: суағызғы (2024) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия, Су шаруашылығы, Энергетика 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 5 ақпандағы N 228 Заңы ... алдын алу ...
2.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы № 403-IV Заңы ...Су қорғау ...
3.Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ ...
4.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 9 қазандағы № 119 н/қ бұйрығы ... есепке алу ...
5.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы ... Су айдындарына балық жіберу ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "су алу " нұсқасын қолдаймыз.
| +3 |
| 13. | заведомо ложное показание | көрінеу жалған көрсетпе | заведомо ложное показаниекөрінеу жалған көрсетпеИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Көрінеу жалған көрсетпе – адамның шындыққа сәйкес келмейтінін біле тұра, тергеу, сот немесе өзге де уәкілетті орган алдында әдейі жалған мәлімет беруі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: ataylab yolgʻon ko‘rsatma 4. Түрік: kasten yalan tanıklık 5. Ағылшын: knowingly false testimony 6. Неміс: wissentlich falsche aussage 7. Бекітілген нұсқасы: көрінеу жалған сөз жеткізу (2025), көрінеу жалған (заң.) (2003) 8. Қолдану саласы: Әскери іс, Заңтану, Су шаруашылығы, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 202-VІ ҚРЗ. ... көрінеу жалған сараптамалық ...
2.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы 490-IV Заңы ... көрсетпеу 119-бап. ...
3.Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV Заңы ... көрінеу жалған сараптамалық ...
4.Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 254-IV Заңы ... жалған болуына ...
5.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 105 Бұйрығы. ... көрінеу жалған мәліметтерді ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "көрінеу жалған көрсетпе " нұсқасын қолдаймыз.
| -1 |
| 14. | заводской метод воспроизводства | өсім молайтудың зауыттық тәсілі | заводской метод воспроизводстваөсім молайтудың зауыттық тәсіліИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Өсім молайтудың зауыттық тәсілі – табиғи көбею үдерісін арнайы балық өсіру кәсіпорындарында қолдан ұрықтандыру, инкубациялау, дернәсілдер мен шабақтарды өсіру арқылы жүзеге асыратын жасанды молықтыру әдісі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: zavod usulida ko‘paytirish 4. Түрік: kuluçkahane yöntemiyle üretim 5. Ағылшын: hatchery propagation method 6. Неміс: vermehrung im brutbetrieb 7. Бекітілген нұсқасы: зауыттық сынақ (көлік ж/е қат. жол.) (2015), өнім (2022), тәсіл (2022) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экология 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 62-IV Заңы ... зауыттық, бір тұқым ...
2.Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 166-VII ҚРЗ. ... айқындалған тәсілі ...
3.Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы. ... өсімді молайту ...
4.Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 11 қараша N 473-I ... базасын молайтудың ...
5.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 17 шілдедегі № 332-V ҚРЗ ... өсімін молайту және оларды ұтымды ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "өсім молайтудың зауыттық тәсілі " нұсқасын қолдаймыз.
| +3 |
| 15. | завоз | жеткізу, жеткізілім | завозжеткізу, жеткізілімИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Жеткізу, жеткізілім – материалдарды, жабдықтарды, шикізатты, балықтарды, шабақтарды немесе өзге де ресурстарды белгілі бір нысанға, шаруашылыққа немесе аумаққа жеткізу үдерісі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: olib kelish 4. Түрік: getirme 5. Ағылшын: introduction 6. Неміс: einbringung 7. Бекітілген нұсқасы: жеткізілім (мем. сатып алу) (1999), жеткізу (2016), жеткізу (2016) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Әскери іс, Заңтану, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ ҚРЗ. ... жеткізілім – барлау-нұқсан келтіру ...
2.Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 85-V Заңы. ... жеткізу саласындағы ...
3.Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 86-V Заңы. ... мұнай өнімдерін жеткізу ...
4.Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1 Заңы ... жеңілдік шарттарымен жеткізуді ...
5.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығы. ... Экспорттық жеткізілімдер ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, " жеткізілім" нұсқасын қолдаймыз.
| +3 |
| 16. | завоз кольцевой | айналма жеткізілім, айналмалы жеткізілім | завоз кольцевойайналма жеткізілім, айналмалы жеткізілімИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Айналма жеткізілім, айналмалы жеткізілім – жүкті, материалдарды, жабдықтарды немесе басқа ресурстарды бірнеше нысанға бір маршрут бойымен кезекпен жеткізіп, бастапқы пунктке қайта оралатын тұйық (сақиналы) бағыт бойынша жүзеге асырылатын тасымалдау тәсілі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: halqali tashish 4. Түрік: halka şeklinde taşıma 5. Ағылшын: circular transport 6. Неміс: ringtransport 7. Бекітілген нұсқасы: айналма жүріс (көлік ж/е қат. жол.) (2015), айналмалы жарыс (2019), жеткізілім (мем. сатып алу) (1999) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Дене тәрбиесі және спорт, Көлік және қатынас жолдары, Су шаруашылығы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 147-VIII ҚРЗ. ... халықаралық жеткізілімдерінің ...
2.Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ. ... жеткізілімнің жаһандық ...
3.Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 11 ақпандағы № 76-V Заңы ... айналма жолы ...
4.Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 102-VII ҚРЗ. ... құн салығы; "айналма ...
5.Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым N 243 ... айналмалы қаңғалақты ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "айналма жеткізілім" нұсқасын қолдаймыз.
| +3 |
| 17. | завуалировать | көмескілеу, бүркемелеу, жасыру | завуалироватькөмескілеу, бүркемелеу, жасыруИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Көмескілеу, бүркемелеу, жасыру – белгілі бір ақпаратты, деректі немесе құбылыстың нақты мәнін әдейі бүркемелеу, көмескілеу немесе оны жанама түрде көрсету арқылы шынайы мазмұнын толық ашпау. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: niqoblamoq 4. Түрік: gizlemek 5. Ағылшын: to conceal 6. Неміс: verschleiern 7. Бекітілген нұсқасы: бүркемелеу (2021), банкроттықты жасыру (2025) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Әскери іс, Заңтану, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 27-IV Заңы ... бүркемелеудің бірыңғай ...
2.Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 20 ақпандағы № 304-VІ ҚРЗ. ... бүркемелеуге және пайданы ...
3.Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 29-VIII ҚРЗ. ... бүркемелеу және қалпына келтіру ...
4.Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 180-VII ҚРЗ ... ақпаратты жасыру ...
5.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 415-V ҚРЗ ... фактісін жасыру ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді және заңнамадағы қолданысын басшылыққа ала отырып, "жасыру" нұсқасын ұсынамыз.
| -1 |
| 18. | загрузка | тиеу (балық); жүктеу (информ., 2016) | загрузкатиеу (балық); жүктеу (информ., 2016)Ихтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Tиеу, жүктеу– объектінің, құрылғының, өндірістік қуаттың, көлік құралының немесе технологиялық жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оған материалдарды, шикізатты, өнімдерді немесе басқа да ресурстарды тиеу, орналастыру не белгілі бір көлемде пайдалану үдерісі немесе дәрежесі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: yuklash 4. Түрік: yükleme 5. Ағылшын: loading 6. Неміс: beladung 7. Бекітілген нұсқасы: жүк тиеу (2021), жүктеу (2021) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Әскери іс, Су шаруашылығы, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 499-V ҚРЗ ... тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз ...
2. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 236-IV Заңы ... жүктерді тиеу немесе түсіру ...
3. Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 12 маусымдағы № 310-VIIІ ҚРЗ ... міндетін жүктеу ...
4. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 252-IV Заңы ... оңтайлы жүктеу ...
5. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 354-IV Заңы ... міндеттемесін жүктеу ... 10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "тиеу " нұсқасын ұсынамыз.
| +3 |
| 19. | задел | 1. тысқары іс (құрылыста); бітеме 2. босалқы дайындама (өнеркәсіпте), бастам, қорлану, қораба | задел1. тысқары іс (құрылыста); бітеме 2. босалқы дайындама (өнеркәсіпте), бастам, қорлану, қорабаИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Tысқары іс (құрылыста); бітеме 2. босалқы дайындама (өнеркәсіпте), бастам, қорлану, қораба – өндірістік, құрылыс, технологиялық немесе шаруашылық жұмыстардың үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала әзірленген материалдар, дайындамалар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар немесе орындалған жұмыс көлемінің қоры. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: zaxira 4. Түрік: stok 5. Ағылшын: reserve 6. Неміс: reserve 7. Бекітілген нұсқасы: іс (іс жүргізу) (1971) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Кен ісі және металлургия, Машинажасау, Су шаруашылығы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 385-VI ҚРЗ ... тысқары жерге ...
2.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254 Заңы ... бастамасы бойынша ...
3.Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылғы 8 қаңтар N 380-II ... кез келген қорланулар ...
4.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 89 шешімі ... бітемелер, соның ішінде ...
5.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 4 шiлде N 914 .... босалқы бөлшектердi, дайындамаларды, ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "босалқы дайындама " нұсқасын қолдаймыз.
| +2 |
| 20. | заиление | тұнбалану, тұнбаға шөгу, ұйықтану (геод.) (2005) | заилениетұнбалану, тұнбаға шөгу, ұйықтану (геод.) (2005)Ихтиология саласы терминдерітұнбалану (қазақ тұнба) – «сұйықтықтың түбіне шөккен қатты зат, шөгінді».Дефинициясы1. Тұнбалану, тұнбаға шөгу, ұйықтану (геод.) (2005) – судағы немесе басқа сұйықтықтағы қатты бөлшектердің түбіне шөгіп, тұнба қабатын түзу үдерісі; су айдынының, арнаның немесе гидротехникалық құрылыстың түбінде шөгінді жиналуын да білдіреді.
2. Этимологиясы: тұнбалану (қазақ тұнба) – «сұйықтықтың түбіне шөккен қатты зат, шөгінді». 3. Өзбек: loyqalanish 4. Түрік: çökelme 5. Ағылшын: sedimentation 6. Неміс: Sedimentation 7. Бекітілген нұсқасы: ұйықтану (2005) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Сәулет және құрылыс, Су шаруашылығы, Экология 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығы …лайлануы мен балдырлануының…
2) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 82 қаулысы ... лайланудан тазарту…
3) Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 216 қаулысы ... лайланудан тазарту…
4) Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 299 қаулысы ... лайланудан тазарту …
5) Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 288 қаулысы ...лайланудан тазарту…
10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын, терминдік тіркес сыңарларының бекітілген нұсқасын қарастыра келе, "тұнбалану" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 21. | заказчик | тапсырма беруші, тапсырыс беруші, тапсырысшы (1999) | заказчиктапсырма беруші, тапсырыс беруші, тапсырысшы (1999)Ихтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Тапсырыс беруші, тапсырма беруші, тапсырысшы (1999) – тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге тапсырыс беретін, оның талаптарын айқындайтын және нәтижесін қабылдап, ақысын төлейтін жеке немесе заңды тұлға.
Тапсырма беруші – басқа тұлғаға нақты міндет немесе тапсырма жүктейтін адам не орган. Бұл нұсқа шарттық тапсырыстан гөрі қызметтік тапсырмаға қатысты қолданылады.
Тапсырысшы – тауарға, жұмысқа немесе қызметке тапсырыс жасайтын тұлға; қазіргі заңнамада сирек кездесетін бұрынғы нұсқа. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: buyurtmachi 4. Түрік: sipariş veren 5. Ағылшын: customer 6. Неміс: Auftraggeber 7. Бекітілген нұсқасы: тапсырыс беруші (2019) 8. Қолдану саласы: Әскери іс, Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Заңтану, Сәулет және құрылыс, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы ... тапсырыс беруші – осы Заңға ...
2) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ... тапсырыс беруші – өзінің ...
3) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 18 тамыздағы бұйрығы ... тапсырыс беруші конкурс жеңімпазы ...
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығы ... тапсырыс беруші объектілердің ...
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 554 бұйрығы ... тапсырыс беруші мемлекеттік ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "тапсырыс беруші" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 22. | закидной невод | салма тастама (лақтырып салатын салма, тастама жылым, сүзекі, ау), тартым | закидной неводсалма тастама (лақтырып салатын салма, тастама жылым, сүзекі, ау), тартымИхтиология саласы терминдерітастама жылым (қазақ тастау) – «лақтыру, белгілі бір жерге түсіру»Дефинициясы1. Салма тастама (лақтырып салатын салма, тастама жылым, сүзекі, ау), тартым – суға лақтырып салынып, кейін тартылып шығарылатын аулау құралының сипаттамалық атауы. Таяз суда бірнеше адам жағадан немесе қайықтан тартып, балықты сүзу арқылы аулайтын шағын жылым.
2. Этимологиясы: тастама жылым (қазақ тастау) – «лақтыру, белгілі бір жерге түсіру» 3. Өзбек: tashlama to‘r 4. Түрік: ığrıp ağı 5. Ағылшын: beach seine 6. Неміс: Zugwade 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Мәдениет және өнер, Тарих, Философия және саясаттану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 тамыздағы № 247 бұйрығы ... Сүзекі, сүйретпе ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы ... сүзекі ...
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығы ... сүзекі, ау ...
4) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 140 бұйрығы ... сүзекі ...
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 115 бұйрығы ... сүзекі ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын, терминдік тіркес сыңарларының бекітілген нұсқасын қарастыра келе, "тастама жылым" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 23. | закладка | сала бастау, толтырмалау, толтырым, салу | закладкасала бастау, толтырмалау, толтырым, салуИхтиология саласы терминдерісалу (қазақ салу) – «бір нәрсені белгілі бір орынға орналастыру, енгізу»Дефинициясы1. Сала бастау, толтырмалау, толтырым, салу – ұрықтандырылған уылдырықты инкубациялық аппаратқа белгіленген мөлшерде орналастыру әрекеті. Инкубациялық аппаратты уылдырықпен белгіленген сыйымдылыққа дейін толтыру үдерісі.
2. Этимологиясы: салу (қазақ салу) – «бір нәрсені белгілі бір орынға орналастыру, енгізу» 3. Өзбек: to‘ldirish 4. Түрік: doldurma 5. Ағылшын: laying 6. Неміс: Einbringen 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Әскери іс, Дене тәрбиесі және спорт, Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Кен ісі және металлургия, Машинажасау, Философия және саясаттану, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 921 қаулысы ... уату-толтырмалау қондырғысы ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 1101 қаулысы ... толтырмалау жұмыстары ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1200 қаулысы ... пастамен толтырмалау ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1251 қаулысы ... қатаятын толтырым ...
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығы ... толтырым жұмыстары ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "салу" терминін бекітуді ұсынады.
| +2 |
| 24. | заливная икра | шығанақ уылдырығы | заливная икрашығанақ уылдырығыИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Шығанақ уылдырығы – шығанақта мекендейтін немесе шығанақтан алынған балықтың уылдырығы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: ko‘rfaz uvildirig‘i 4. Түрік: körfez balık yumurtası 5. Ағылшын: bay roe 6. Неміс: gelierter Kaviar 7. Бекітілген нұсқасы: уылдырық (2023), шығанақ (2022) 8. Қолдану саласы: Биология, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шiлдедегi № 179-НҚ бұйрығы. ... уылдырық шашатын ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 384 бұйрығы. ... уылдырық шашу ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 493 бұйрығы. ... уылдырық шашу мерзімдерін ...
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 35 бұйрығы. ... уылдырық шашу ...
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 қазандағы № 372 бұйрығы. ... уылдырық шашуын гормондық ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "шығанақ уылдырығы" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 25. | заливная рыба | құймаланған балық, құймалы балық, құйма балық | заливная рыбақұймаланған балық, құймалы балық, құйма балықИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Құймаланған балық, құймалы балық, құйма балық – пісірілген балық кесектеріне қоюландырылған балық сорпасы құйылып, салқындатып қатырылған тағам.
2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: baliq aspigi 4. Түрік: balık aspik 5. Ағылшын: aspic fish 6. Неміс: Aspikfisch 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы ... сорпа құйылып ұйытылған тағамдар ...
10. Ұсыныстар: әділет.кз сайтындағы 2 мысал күшін жойған құжаттардан табылғандықтан, лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "құйма балық" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 26. | заливное течение | шығанақ ағысы | заливное течениешығанақ ағысыИхтиология саласы терминдерішығанақ ағысы (қазақ шығанақ) – «құрлыққа сұғына еніп жатқан теңіздің, көлдің немесе мұхиттың бөлігі»; (қазақ ағыс) – «судың белгілі бір бағытта қозғалысы».
ағылш. Gulf Stream (gulf) – «шығанақ»; (stream) – «ағыс».Дефинициясы1. Шығанақ ағысы – шығанақтан басталатын немесе шығанақ арқылы өтетін теңіз ағысы. 2. Этимологиясы: шығанақ ағысы (қазақ шығанақ) – «құрлыққа сұғына еніп жатқан теңіздің, көлдің немесе мұхиттың бөлігі»; (қазақ ағыс) – «судың белгілі бір бағытта қозғалысы».
ағылш. Gulf Stream (gulf) – «шығанақ»; (stream) – «ағыс». 3. Өзбек: qo‘ltiq oqimi 4. Түрік: körfez akıntısı 5. Ағылшын: tidal stream 6. Неміс: Hochwasserstrom 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Геология, геодезия және география 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығы. ... ағыс бойынша ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығы. ... реттелген ағысы бар ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығы. ... Бьефке ағысы бойынша ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "шығанақ ағысы" терминін бекітуді ұсынады.
Егер жалпы гидрологиялық құбылыс айтылса, заливное течение – шығанақ ағысы сәйкестігі дұрыс. Ал нақты Солтүстік Атлант ағысы айтылса, ресми және ғылыми атау ретінде Гольфстрим терминін қолданған жөн.
| +3 |
| 27. | замер | өлшеу | замерөлшеуИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Өлшеу – физикалық шаманың сандық мәнін арнайы өлшеу құралы, әдістеме немесе техникалық рәсім арқылы анықтау процесі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: o‘lchovi 4. Түрік: ölçme 5. Ағылшын: measure 6. Неміс: Messung 7. Бекітілген нұсқасы: өлшеу базасы (2021), өлшеу аспабы (2016) 8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия, Көлік және қатынас жолдары, Машинажасау, Механика және машинатану, Сәулет және құрылыс, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Су шаруашылығы, Химия 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы. ... өлшеудің кодтың нөмірі ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығы ... өлшеу нәтижелері ...
3) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 250 бұйрығы ... өлшеу нәтижелері ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығы ... өлшеу құралдары ...
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 355-н/қ бұйрығы ... өлшеу құралдары ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "өлшеу" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 28. | замерзающий пролив | мұз боп қатқан бұғаз, мұз қатқан бұғаз | замерзающий проливмұз боп қатқан бұғаз, мұз қатқан бұғазИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Мұз қатқан бұғаз – ауа мен су температурасының төмендеуіне байланысты су бетінде мұз түзілу процесі жүріп жатқан бұғаз. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: muzlagan bo‘g‘oz 4. Түрік: donmuş boğaz 5. Ағылшын: frozen strait 6. Неміс: zugefrorene Meerenge 7. Бекітілген нұсқасы: мұз басу (2024) 8. Қолдану саласы: Геология, геодезия және география, Экология 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экология кодексі ... мұз қатқан ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 647 қаулысы ... түрік бұғаздарынан ...
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 438 бұйрығы ... мұз қатқан ...
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығы ... мұз қату ...
5) Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 317 бұйрығы ... мұз қату ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "мұз қатқан бұғаз" терминін бекітуді ұсынады.
| 0 |
| 29. | замет невода | салма жылымды тастау, ау тастау, ау салу, жылым салу | замет неводасалма жылымды тастау, ау тастау, ау салу, жылым салуИхтиология саласы терминдері–Дефинициясы1. Салма жылымды тастау, ау тастау, ау салу, жылым салу – балықты қоршап немесе сүзгілеп аулау мақсатында жылымды белгілі бір бағыт пен сызба бойынша суға түсіріп, орналастыру операциясы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: to‘r tashlash 4. Түрік: ığrıp ağını atma 5. Ағылшын: setting a seine 6. Неміс: Aussetzen eines Zugnetzes 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Геология, геодезия және география, Мәдениет және өнер, Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экология 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңы ... ауды сүзуді ...
2) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 242-IV Заңы ... ауды сүзуді ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1363 қаулысы ... салма жылымды ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1363 қаулысы ... жылымды сүзу (жауып тастау), сондай-ақ салма жылымды, алдыңғы салма жылым ...
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 86 бұйрығы ... ауды сүзуді ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "жылым салу" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |
| 30. | замор рыбы | балықтың ауа жетпей тұншығуы, балықтың қырылуы, балық тұншығуы | замор рыбыбалықтың ауа жетпей тұншығуы, балықтың қырылуы, балық тұншығуыИхтиология саласы терминдерібалықтың қырылуы (қазақ балық) – «суда тіршілік ететін омыртқалы жануар»; (қазақ қырылу) – «көп мөлшерде немесе жаппай өлу».Дефинициясы1. Балықтың ауа жетпей тұншығуы, балықтың қырылуы, балық тұншығуы – ауру, улану, ластану, температураның өзгеруі немесе оттегі тапшылығы салдарынан балықтардың көптеп өлуі.
2. Этимологиясы: балықтың қырылуы (қазақ балық) – «суда тіршілік ететін омыртқалы жануар»; (қазақ қырылу) – «көп мөлшерде немесе жаппай өлу». 3. Өзбек: baliqlarning qirilishi 4. Түрік: balıkların ölümü 5. Ағылшын: fish kill 6. Неміс: Fischsterben 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Геология, геодезия және география, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңы ... балықтардың қырылуы ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы ... балықтардың қырылуы ...
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығы ... жаппай қырылуы ...
4) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығы ... балықтардың жаппай қырылуы ...
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 386 бұйрығы ... балықтардың қырылуы ... 10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын қарастыра келе, "балықтың қырылуы" терминін бекітуді ұсынады.
| +3 |