Термин: Зырылдауық
Орысша: дрон / беспилотник
Ағылшынша: drone / unmanned aerial vehicle (UAV)
Анықтамасы: Адамның бортта қатысуынсыз қашықтан немесе автоматты түрде басқарылатын ұшқышсыз әуе аппараты.
Негіздеме:
«Зырылдауық» атауы қазақ тілінің табиғи сөзжасамына және халықтық қолданыстағы Толығырақ ...бейнелі атау жасау дәстүріне жақын. Дронның әуеде айналып, зырылдап ұшу ерекшелігін бейнелейді. Айтылуы жеңіл, есте сақтауға ыңғайлы және қазақ тіліндегі төл сөзге жақын.
Ұсынушы: Қазу Хайрат
Ұсыныс: «Drone» терминінің қазақша баламасы ретінде «Зырылдауық» атауын қарастыруды ұсынамын.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Дрон – дрон
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №1 (60) 2021.
Беспилотный летательный аппарат (бла) – пилотсыз ұшу аппараты
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология Толығырақ ...комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (61) 2021.
Зырылдауық (физ.) – волчок
Зырылдауық (тех.) – вертушка
Дереккөз: 1971-2019 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы мәжілістерінде бекітілген терминдер. Жинақ, І том/ Жалпы редакциясын басқарған Н.Аитова. Құрастырушылар: С.Жайлау, А.Қожахмет. Нұр-Сұлтан, 2020, -391 бет.
Зырылдауық
зат. 1. көне. Дабыл қағу, мал үркіту үшін жасалған құрал.
2. муз. Қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі.
Зырылдауық
зат. 1. Өз осінде зырылдап айналатын, әртүрлі мақсатқа қолданылатын құрал. 2. Желге қарсы зырылдатып ойнайтын айналмалы ойыншық. // Тынымы жоқ, мазасыз.
Зырылдауық зат. сушар. Арнадағы ағыс жылдамдығын өлшеуге арналған құрал.
Дереккөз: Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) / Құраст.: Н.Уəли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков жəне т.б. – Алматы: «Дəуір» баспасы, 2013. – 1488 бет.
«Зырылдауық» атауын ұсынудағы уәж түсінікті: атау дронның әуеде қозғалуын, зырылдаған дыбысын және айналып ұшу сипатын бейнелі түрде жеткізуге негізделген. Қазақ тілінде дыбыстық және қимылдық ерекшелікті негізге алып, затқа немесе құбылысқа Толығырақ ...бейнелі атау беру дәстүрі бар. Алайда атаудың бастапқы мәні мен қазіргі терминологиялық мағынасын ажырата қарау қажет. «Зырылдауық» сөзі өзінің бастапқы қолданысында белгілі бір ұшқышсыз әуе аппаратын білдірмейді, оның мағынасы негізінен «зырылдау» етістігімен, яғни үздіксіз немесе қатты дыбыс шығарып айналу, қозғалу сипатымен байланысты.