A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined index: post_data_count

Filename: controllers/Alan.php

Line Number: 357

Backtrace:

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 357
Function: _error_handler

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1083
Function: get_post_items

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once

Termincom.kz - Алаң "
Терминжасам барысында жаңа сөздерді ғылыми ортада талқылау маңызды. Бүгінгі таңда бизнес саласы қарқынды дамып, жаңа экономикалық ұғымдар мен терминдер күн сайын пайда болып отыр. Осыған байланысты қазақ тіліне ағылшын және Толығырақ ...орыс тілдерінен көптеген бизнес терминдері енуде. Алайда олардың бір бөлігі қазақ тіліне толық бейімделмей, сол күйінде қолданылып жүр. Кейбір терминдердің қазақша баламалары болғанымен, олар кең қолданысқа түспеген немесе бірізді түрде қолданылмайды. Бұл жағдай кейде тіл мәдениетіне де әсер етіп, кәсіби ортада терминдердің әртүрлі нұсқада қолданылуына әкеледі.
Менің бірінші ұсыным - акция сөзі. Бұл сөз (нидер. aktіe , нем. Aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) деген мағынаны береді. Бизнес және қаржы саласында қолданылатын «акция» термині көбіне орыс тіліндегі нұсқасында қолданылып келеді. Алайда қазақ тілінің терминжасам қағидаларына сәйкес бұл сөзге балама ретінде «үлес қағазы» деген атауды қолдану орынды деп есептеймін. Себебі акция – белгілі бір компанияның капиталына иелік етуді білдіретін, яғни сол ұйымдағы белгілі бір үлесті көрсететін бағалы қағаз. Сондықтан «үлес қағазы» атауы осы ұғымның мағынасын қазақ тілінде нақты әрі түсінікті жеткізеді.
Келесі бұл - промоушн сөзі. Менің ойымша, «промоушн» сөзін «ілгерілету» немесе «жарнамалық ілгерілету» деп қолдану орынды. Себебі бұл атау өнімді нарықта таныстыру, оның сатылымын арттыру және тұтынушылардың назарын аудару сияқты негізгі мағыналарды дәл жеткізеді. Сонымен қатар «ілгерілету» сөзі қазақ тілінің сөздік қорына жақын әрі түсінікті.
Келесі таргет сөзі. Менің ойымша, «таргет» сөзін қазақ тілінде «мақсатты аудитория» немесе «нысаналы аудитория» деп қолдануға болады. Себебі бұл термин жарнаманың белгілі бір топқа, яғни жас ерекшелігіне, қызығушылығына немесе әлеуметтік жағдайына қарай бағытталуын білдіреді. Сондықтан «мақсатты аудитория» атауы осы ұғымның мазмұнын қазақ тілінде нақты әрі түсінікті жеткізеді.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.