1. | банкрот | банкрот | банкротбанкротДефинициясы1. Банкрот – бұл адамның немесе ұйымның (мысалы, компанияның) өз қарыздарын өтеуге қабілетсіз екенін ресми түрде мойындауы. 2. Этимологиясы: banca rotta (итал.) - "сынған орындық". 3. Өзбек: bankrot 4. Түрік: iflas 5. Ағылшын: bankrupt 6. Неміс: bankrott gehen; insolvent sein 7. Бекітілген нұсқасы: банкрот (2018) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 443 қаулысы: ... кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 344 бұйрығы: Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі ... шегі;
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 2 Нормативтік қаулысы: ... Соттардың ... банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасы. 10. Ұсыныстар: байқауға қатысушы "банкрот" сөзінің этимологиясын және түрік тіліндегі нұсқасын ескере келе, "құнтаусар/құнтауысар" деген нұсқаны ұсынады. Мамандардың талқылауына ұсынамыз.
| 0 |
2. | брокер | делдал | брокерделдалДефинициясы1. Брокер – сатушы мен сатып алушы арасында (қор, тауар, валюта биржаларында), сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандыру брокері), кеме иесі мен жалдаушы арасында делдалдық функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға. 2. Этимологиясы: brocour (еж,ағылш.), broker (ағылш.) - "ұсақ саудагер"; делдал. 3. Өзбек: broker 4. Түрік: komisyoncu 5. Ағылшын: broker 6. Неміс: Makler 7. Бекітілген нұсқасы: делдал (экон.) (1993), сақтандыру делдалы (2006), брокерлік кеңсе (2016), брокердің үстеме бағасы (2017), брокер (2018), делдал (1992) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысы: Сақтандыру брокерінің жарғылық ... капиталының ең төменгі мөлшері ...;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 75 қаулысы: Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ...;
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысы: ... сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі. 10. Ұсыныстар: "брокер" термині жеке және тіркесті терминдер құрамында 10 шақты рет бекітілген. Алайда заңнамадағы қолданысында "брокер" сөзі кездеседі. Түрік тілінде брокердің қызметі комиссиялық шартқа негізделетіндігіне баса мән берілгендіктен, "komisyoncu" деген термин қалыптасқан. Ал қазақ тіліндегі "делдал" сөзі тараптар арасындағы мәмілені де, сол арқылы пайда табуды (яғни комиссия алу) толық өтей алатындықтан, "делдал" терминін түбегейлі орнықтыру ұсынылады.
| 0 |
3. | верификация | растамалық тексеру, тексеріп растау, нақтылап растау | верификациярастамалық тексеру, тексеріп растау, нақтылап растауДефинициясы1. Верификация – бақыланатын объектілермен, сенсорлық мәліметтермен салыстыруға және тәжірибе арқылы бір нәрсенің сенімділігін анықтауға негізделген теориялық пайымдаулардың ақиқаттығын растау және дәлелдеу әдісі. 2. Этимологиясы: verus (лат.) - "шын, нақты"; facere (лат.) - "істеу". 3. Өзбек: tekshirish 4. Түрік: doğrulama 5. Ағылшын: verification 6. Неміс: Überprüfung 7. Бекітілген нұсқасы: верификацияланған (2017), верификация (2018), верификаттау (2018), верификациялану қағидаты (2019), формальді верификация (2021) 8. Қолдану саласы: Әдебиет және лингвистика, Заңтану, Информатика және есептеуіш техника, Экономика және қаржы, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы: ... верификациялауды жүргізу қағидаларын бекіту ...;
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 20 қазандағы № 749 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 497/НҚ бірлескен бұйрығы: ... верификацияны қолдана отырып ...;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 76 қаулысы: ... талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау ... 10. Ұсыныстар: терминнің қазақша нұсқасы бұрын ұсынылмаған, әрі бекітілмеген. Байқауға қатысушы "растамалық тексеру" деген нұсқа ұсынады. Өзбек және түрік тілдеріндегі нұсқаларын ескере келгенде, терминді төл тілімізге бейімдеуге болатындығын аңғарамыз. Заңнамада "талдау жүргізу" тіркесін жақшада "верификациялау" деп көрсеткен. Осыларды ескере келе, "тексеріп растау" немесе этимологиясын ескере отырып, "нақтылап растау" деген нұсқаны ұсынамыз.
| 0 |
4. | завещание с условием | шартты өсиет | завещание с условиемшартты өсиетДефинициясы1. Шартты өсиет – өсиет қалдырушы белгілі бір шарт қоятын өсиет түрі. 2. Этимологиясы: өсиет (түрік. уасиет, парс. уасият) – талап-тілек. 3. Өзбек: shartli iroda 4. Түрік: şartlı irade 5. Ағылшын: conditional will 6. Неміс: Testament mit Bedingung 7. Бекітілген нұсқасы: құпия өсиет (2016), шарт (2020), жеткілікті шарт (2023) 8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Физика және астрономия, Механика және машинатану, Математика, Информатика және есептеуіш техника 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V ҚРЗ. ... шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын ...
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. ... өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 217-VІ ҚРЗ. ... Құпия өсиет жасаған адамның қайтыс болуы ... 10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, аудармаларды, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "шартты өсиет" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
5. | запасной судья | қосалқы төреші | запасной судьяқосалқы төрешіДефинициясы1. Қосалқы төреші – негiзгi төреші болмаған, ауырған, мүдделер қақтығысы болған немесе iс бойынша өз мiндеттерiн атқара алмаған жағдайда оны ауыстыру үшiн тағайындалатын төреші. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: zaxiradagi sudya 4. Түрік: yedek hâkim 5. Ағылшын: substitute judge 6. Неміс: Ersatzrichter 7. Бекітілген нұсқасы: қосалқы ойыншы (2019), төреші (2020) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Заңтану, Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 611 қаулысы. ... "қосалқы бөлшектер" қозғалтқыштарды ...
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 171-IV Заңы. ... Қосалқы мердігерлеріне қатысты ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 15 қазандағы № 242-V ҚРЗ. ... Әрбір Тарап бір төреші тағайындауға тиіс ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 314 қаулысы. ... Төрешілердің саны – біреу ... 10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "қосалқы төреші" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
6. | иммунитет | құқықтық қорғаныш | иммунитетқұқықтық қорғанышДефинициясы1. Құқықтық қорғаныш – белгілі бір тұлғаның (мысалы, депутаттың, дипломаттың, судьяның, т.б.) құқықтық жауапкершіліктен, іздеуден, сотқа тартудан босатылуы, яғни құқықтық қорғаныш мәртебесі. 2. Этимологиясы: иммунитет (лат. immunis) – «босатылған, ерікті» 3. Өзбек: immunitet 4. Түрік: dokunulmazlık 5. Ағылшын: immunity 6. Неміс: Immunität 7. Бекітілген нұсқасы: иммунитет (2021) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 323 бұйрығы. ... нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде ...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 209 бұйрығы. ... Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын ... 10. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы «құқықтық қорғаныш» немесе «құқықтық артықшылық» нұсқаларының бірін бекітуге ұсынады.
| 0 |
7. | контрафакт | жалған өнім, заңсыз көшірме | контрафактжалған өнім, заңсыз көшірмеДефинициясы1. Жалған өнім – авторлық құқықты немесе сабақтас құқықтарды, сауда белгілерін, патенттерді немесе басқа зияткерлік меншікті бұзатын жалған немесе заңсыз өндірілген өнімдер. 2. Этимологиясы: факт (лат. factum) – әрекет, жағдай 3. Өзбек: noqonuniy nusxa 4. Түрік: yasadışı kopya 5. Ағылшын: counterfeit 6. Неміс: Fälschung 7. Бекітілген нұсқасы: контрафактілік (2016), жалаң факті (2019), контрқалалану (2025), жалған қалалану (2025) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Тарих 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 199-VІ ҚРЗ. ... заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1211 Қаулысы. ... мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына ...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы. ... жалған тамақ өнімдері ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 625 қаулысы. ... Контрафактілі өнімді өндіруге ... 10. Ұсыныстар: терминге берілген анықтама мазмұнына сәйкес, аудармаларды, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "жалған өнім" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
8. | медиация | бітімгершілік | медиациябітімгершілікДефинициясы1. Бітімгершілік – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. 2. Этимологиясы: медиация (лат. mediare) – "делдал болу" 3. Өзбек: vositachilik, yarashtirish 4. Түрік: arabuluculuk, aracılık 5. Ағылшын: mediation 6. Неміс: Mediation 7. Бекітілген нұсқасы: медиация (2017), бітімгершілік (іс жүргізу) (1995), бітімгерлік (2024) 8. Қолдану саласы: Философия және саясаттану, Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 қазандағы N 73-IV Заңы. ... бітімгершілік қызметі ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 маусым N 59-II ... бітімгершілік күштер ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 29 қазандағы № 188-VІ ҚРЗ. ... қазақстандық бітімгершілік контингентті ...
4) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы. ... медиацияны ұйымдастыру ...
5) Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 116-VII ҚРЗ. ... медиация нәтижесінде ... 10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, аудармаларды, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "бітімгершілік" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
9. | моральный вред | рухани зиян, психологиялық залал, ахлақи зиян, моральдық зиян (2016) | моральный вредрухани зиян, психологиялық залал, ахлақи зиян, моральдық зиян (2016)Дефинициясы1. Рухани зиян, психологиялық залал – тұлғаның өміріне, денсаулығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне немесе жеке мүліктік емес құқықтарына заңсыз әрекеттер немесе әрекетсіздіктер арқылы келтірілген жағымсыз психикалық, физикалық және эмоциялық салдарлардың жиынтығы. Бұл зиян материалдық шығынмен өлшенбейді, бірақ оны өтеу үшін кінәлі тараптан ақшалай өтемақы талап етілуі мүмкін. 2. Этимологиясы: мораль (лат. mores) – "жалпы қабылданған дәстүрлер" 3. Өзбек: ma’naviy zarar, ruhiy zarar 4. Түрік: ahlaki zarar, manevi zarar 5. Ағылшын: moral harm 6. Неміс: moralischer Schaden 7. Бекітілген нұсқасы: моральдық зиян (2016), зиян (2021) 8. Қолдану саласы: Педагогика және психология, Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 маусымдағы № 346-VI ҚРЗ. ... моральдық зиянды өтеу ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 489-V ҚРЗ ... моральдық зиянның ... 10. Ұсыныстар: көңіл мен рухтың жағдайларын және істерін зерттейтін ілімге «Ахлақ ілімі» делінеді. Терминнің мағынасына қарайтын болсақ, көңіл мен рухқа зиян келтірілетін зардап жөнінде айтылған. Соған сүйене отырып, түрік тілінің аудармасына қарай "ахлақи зиян" терминін бекітуді ұсынамыз.
| 0 |
10. | предмет иска | талап нысанасы | предмет искаталап нысанасыДефинициясы1. Талап нысанасы – азаматтық немесе әкімшілік сот ісін жүргізу барысында талапкердің соттан талап ететін құқықтық қорғаудың немесе шешімнің материалдық-құқықтық мәні, яғни даудың негізгі объектісі немесе талапкердің құқығына қатысты талап етілетін нақты әрекет (мысалы, мүлікті тану, келісімшартты бұзу, шығынды өтеу). 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: da’vo predmeti 4. Түрік: dava konusu 5. Ағылшын: subject of action, subject of lawsuit 6. Неміс: klagegegenstand 7. Бекітілген нұсқасы: зат, пән (2020), нысана, пән (филос.) (2010) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 118-НҚ бұйрығы. ... лизинг нысанасын ...
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 254 бұйрығы ... лизингі шартының талаптары ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 215-VIII ҚРЗ ... қаржы лизингi нысанасын ... 10. Ұсыныстар: салалық сөздіктерде "талап пәні" деген нұсқа берілген, бірақ ол алынып отырған терминнің мағынасын аша алмайды. Бекітілген терминдерді, аудармаларды, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "талап нысанасы" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
11. | преднамеренное банкротство | қасақана банкроттық; қасақана банкрот қылу | преднамеренное банкротствоқасақана банкроттық; қасақана банкрот қылуДефинициясы1. Қасақана банкроттық; қасақана банкрот қылу – қарыздарды өтеуден жалтару мақсатында борышкердің мүлкін, қаржы қаражатын немесе өзге де активтерін әдейі жасыру, ысырап ету немесе жалған мәмілелер жасау арқылы төлем қабілетсіздігі жағдайын қолдан тудыратын құқыққа қарсы іс-әрекет. 2. Этимологиясы: банкроттық (итал. banca rotta) – "сынған орындық" 3. Өзбек: qasddan bankrotlik 4. Түрік: kasıtlı iflas 5. Ағылшын: premeditated bankruptcy 6. Неміс: betrügerischer Bankrott 7. Бекітілген нұсқасы: әдейі банкрот болу (2016), қасақана өртеу (өртке қарсы қызм.) (1999) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 256 ... қасақана душар етуi; жалған банкроттық ...
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 2 қаулысы. ... қасақана жалған ақпаратты ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 186-VIII ҚРЗ. ... "Дәрменсіздік (банкроттық) туралы" ... 10. Ұсыныстар: салалық сөздіктерде "злостный, намеренный, умышленный, саботаж" сөздеріне қазақ тілінде "қасақана" деп алынған. Бекітілген терминдерді, аудармаларды, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "қасақана банкроттық" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
12. | публичный договор | жария шарт | публичный договоржария шартДефинициясы1. Жария шарт – коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт. 2. Этимологиясы: жария (лат. publicus) – "қоғамдық, халықтық" 3. Өзбек: oshkora shartnoma 4. Түрік: kamu sözleşmesi 5. Ағылшын: standard contract 6. Неміс: öffentlicher Vertrag 7. Бекітілген нұсқасы: жария тәртіп құқық (2018), өтеусіз шарт (2024) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 наурыздағы № 170-VIII ҚРЗ. ... жария акционерлік қоғамы ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 154-VIII ҚРЗ ... халықаралық шарттар ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 199-VIII ҚРЗ ... салым шарты ... 10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, аудармаларды, заңнамалық құжаттарды қарастыра келе, "жария шарт" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
13. | сепаратизм | бөлінімпаздық, сепаратизм (2019) | сепаратизмбөлінімпаздық, сепаратизм (2019)Дефинициясы1. Бөлінімпаздық – халықтың бір бөлігінің қалыптасқан мемлекеттен бөлініп, өз мемлекетін құруға немесе үлкен тәуелсіздікке ие болуға ұмтылуын білдіретін саяси қозғалыс немесе идея. 2. Этимологиясы: сепаратизм (лат. separatus) – "бөлек" 3. Өзбек: separatizm 4. Түрік: ayrılıkçılık 5. Ағылшын: separatism 6. Неміс: Separatismus 7. Бекітілген нұсқасы: сепаратизм (2019), бөлінім (2021) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Тарих 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 316-ІІ Заңы. ... сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 14 ақпан N 160. ... Терроризмге, сепаратизмге ... 10. Ұсыныстар: терминге берілген анықтамаға сәйкес "бөлінімпаздық" терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
14. | собственник | меншіккер, меншіктенуші | собственникменшіккер, меншіктенушіДефинициясы1. Меншіккер, меншіктенуші – заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы бар субьект. 2. Этимологиясы: меншіккер (лат. proprietary) – "жеке меншік" 3. Өзбек: mulkdor, mulk egasi 4. Түрік: mülk sahibi 5. Ағылшын: owner 6. Неміс: Der Besitzer 7. Бекітілген нұсқасы: меншік иесі (2016), меншік иесінің абсентеизмі (2023) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 300 шешімі. ... қорғау тұрғын үй қорының меншіккерлеріне жүктеледі ...
III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХV сессиясының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 143 шешімі. ... тұрғын үй қорының меншіккерлеріне ...
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 9-НҚ бұйрығы. ... меншіккерлерге тиесілі бірнеше жайлар ... 10. Ұсыныстар: 2016 жылы бекітілген "меншік иесі" термині тек меншікті иеленіп тұрған тұлға мағынасын ғана білдіріп тұр. Ал анықтамасына сүйенсек, аталған термин пайдалану және билік ету құқықтарын да қамтиды. Сондықтан "меншіккер" нұсқасын бекітуге ұсынамыз.
| 0 |
15. | уголовный закон | қылмыс заңы | уголовный законқылмыс заңыДефинициясы1. Қылмыс заңы – ҚР жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: jinoyat qonuni / jinoyat huquqi 4. Түрік: ceza hukuku / ceza kanunu 5. Ағылшын: criminal law 6. Неміс: Strafrecht 7. Бекітілген нұсқасы: қылмыстық заң (2016) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 210-VIII ҚРЗ. ... қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері ...
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 124-ө Өкімі. ... Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын ...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы. ... қылмыстық істер бойынша заңды ... 10. Ұсыныстар: 2016 жылы бекітілген "қылмыстық заң" термині заңнама құжаттарында кеңінен таралып, қолданысқа сіңіп кеткен. Дегенмен басы артық қосымшадан арылу мақсатында "қылмыс заңы" нұсқасын қарастыруды ұсынамыз.
| 0 |
16. | физический ущерб | тәндік зардап, тән зардабы | физический ущербтәндік зардап, тән зардабыДефинициясы1. Тәндік зардап, тән зардабы – басқа адамның әрекеті (немесе әрекетсіздігі) нәтижесінде біреудің денсаулығына тікелей немесе жанама түрде келтірілген зиян. 2. Этимологиясы: физикалық (гр. τὰ φυσικά / φυσική (ἑπιστήμη) – "табиғат, табиғи болмыс, жаратылыс" 3. Өзбек: jismoniy zarar 4. Түрік: fiziksel hasar / fiziksel zarar 5. Ағылшын: physical damage 6. Неміс: physischer Schaden 7. Бекітілген нұсқасы: физикалық жарылыс (2024) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 586. ... зардап шегушiлер үшiн пәтерлер сатып алуға ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 шілде N 1076. ... Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін қаражат бөлу ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 984 қаулысы. ... тасқын судың зардаптарын ... 10. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы "тән зардабы" нұсқасын бекітуге ұсынады.
| 0 |
17. | 1. годность; 2. пригодность; 3. действительность | жарамды болу; жарау; жарамдылық | 1. годность; 2. пригодность; 3. действительностьжарамды болу; жарау; жарамдылықДефинициясы1. Жарамды болу; жарау – объектінің немесе субъектінің белгілі бір талаптарға сай болу және қойылған міндеттерді орындау қабілеті. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: muvofiqlik 4. Түрік: uygunluk 5. Ағылшын: suitability 6. Неміс: Tauglichkeit 7. Бекітілген нұсқасы: дискриминант жарамдылық (2022), жарамдылық (2021), жарамсыздық (2016), болмыс (2016) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Экономика және қаржы, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 636 қаулысы. ... жарамдылығы ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 174-VII ҚРЗ. ... конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 маусымдағы N 585 Жарлығы. ... психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту ...
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 744 бұйрығы. ... Ұшу жұмысына (ұшуға, ұшуға үйретуге) жарамдылығы туралы ...
10. Ұсыныстар: сала мамандары "годность-жарамды болу; жарау" терминдік тіркесін бекітуге ұсынып отыр. Ал "годность-жарамдылық" термині заңнамалық құжаттарда белсенді қолданыста екенін ескерсек, берілген термин сала мамандарының, Комиссия мүшелерінің талқылауын қажет етеді.
| 0 |
18. | 1. мошенничество
2. афера | алаяқтық | 1. мошенничество
2. афераалаяқтықДефинициясы1. Алаяқтық – басқа адамның мүлкін немесе мүліктік құқығын заңсыз иемдену мақсатында оны алдау, сенімге кіру арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық әрекет. 2. Этимологиясы: ала (көне түрк.) – «алу, иелену»
3. Өзбек: firibgarlik 4. Түрік: dolandırıcılık 5. Ағылшын: fraud 6. Неміс: betrug 7. Бекітілген нұсқасы: алаяқтық (заң.) (1971), алаяқтық (қаржы бақылауы) (2016) 8. Қолдану саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Философия және саясаттану, Педагогика және психология, Әскери іс, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. ... алаяқтық белгілері бар ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296-V ҚРЗ. ... Агенттіктің алаяқтық, сыбайлас жемқорлық ...
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 35 қаулысы. ... анықталған алаяқтық фактілері ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «алаяқтық» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
19. | 1. негодность; 2. непригодность; 3 недействительность | жарамсыз болу; жарамау, жарамсыздық | 1. негодность; 2. непригодность; 3 недействительностьжарамсыз болу; жарамау, жарамсыздықДефинициясы1. Жарамсыз болу; жарамау – бір нәрсенің күйінің немесе қасиетінің оны жарамсыз етуі, мақсатына сәйкес келмеуі немесе пайдалы қасиеттерін жоғалтуы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: yaroqsiz 4. Түрік: yaramazlık 5. Ағылшын: unsuitability 6. Неміс: Untauglichkeit 7. Бекітілген нұсқасы: жарамсыздық (2016) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Әскери іс, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 бұйрығы. ... өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 маусымдағы № 195-VIII ҚРЗ. ... қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру ...
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. ... еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 622 қаулысы. ... физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған ... 10. Ұсыныстар: аудармаларға назар аударсақ, өзбек, түрік тілдерінде "жарамсыз, жарамсыздық" түрінде қолданылған. Сондай-ақ құжаттарда "жарамсыздық", "жарамсыз болу" жарыспалы қолданыста. Дегенмен де бұған дейін бекітілген "жарамсыздық" термині басымдыққа ие. Сала мамандары ұсынған "жарамсыз болу; жарамау" талқылауды қажет етеді.
| 0 |
20. | абонементный ящик | абонементтік жәшік, абонемент жәшігі | абонементный ящикабонементтік жәшік, абонемент жәшігіДефинициясы1. Абонемент жәшігі – хат-хабарларды (хаттар, пошта ашық хаттары және шағын сәлемдемелер) жинақтау және уақытша сақтау үшін қолданылатын, арнайы жеке құлыпталатын ұяшықтары бар шкаф. Пошта байланысы мекемесінде орналасады және тиісті нөмірі (немесе атауы) болады. 2. Этимологиясы: абонемент (фр. аbonner - шектеу) - "затты белгілі бір мерзімге пайдалану құқығы, құқықты растайтын құжат" 3. Өзбек: pochta qutisi 4. Түрік: posta kutusu 5. Ағылшын: post office box 6. Неміс: Postfach 7. Бекітілген нұсқасы: абонемент (2017) 8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Заңтану, Экономика және қаржы, Мәдениет және өнер, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 наурыздағы N 249 Қаулысы. 1) абонементтік жәшік - почта жөнелтімдерінің жекелеген түрлерін ...
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 305/НҚ бұйрығы. ... абонементтік жәшікті пайдалану ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 953 қаулысы. 1) абонементтік жәшiк – пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген ... 10. Ұсыныстар: "абонементтік жәшік" термині – пошта бөлімшесіндегі хат-хабарларды сақтауға арналған жеке құлыпталатын ұяшық. Қазақша аудармасы бастапқы мағынасын сақтай отырып, қолдануға ыңғайлы және пошта қызметі саласындағы нормативтік актілерде кездеседі. Сондықтан "абонементтік жәшік" атауын балама ретінде ұсынамыз.
| 0 |
21. | абстрактные сделки | абстрактілік мәмілелер, абстракт мәміле, абстрактілі мәміле | абстрактные сделкиабстрактілік мәмілелер, абстракт мәміле, абстрактілі мәмілеДефинициясы1. Абстрактілі мәміле – бұл құқықтық мәміле, оның жарамдылығы мәміленің негізі мен мақсатына тәуелді емес. Мұндай мәміле құқықтық міндеттемелерді орындау үшін жүзеге асырылады және оның мазмұны негізгі келісімдерден бөлек қарастырылады. 2. Этимологиясы: абстракт (лат. abstrahere) – "бөлу, ажырату", "қасиеттері мен белгілеріне қарай бөлу" 3. Өзбек: mavhum bitim 4. Түрік: tek yönlü sözleşme 5. Ағылшын: naked contract 6. Неміс: abstraktes Rechtsgeschäft 7. Бекітілген нұсқасы: абстрактілік (2018) 8. Қолдану саласы: Философия және саясаттану, Әдебиет және лингвистика, Заңтану, Әскери іс 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасының м.а. 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 8 бұйрығы. ... абстрактілік ...
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 35-НҚ нормативтік қаулысы. ... абстрактылы ...
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы. ... абстрактылы ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 568 бұйрығы. ... мәмілелері ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығы. Мәмілелер ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 900 Қаулысы. ... мәмілелер ... 10. Ұсыныстар: "абстрактілік мәміле" термині латынның abstrahere («ажырату, бөлу») сөзінен шыққан. Термин заңнамаларда кездеседі және қазақ тілінде "абстрактілік мәміле" баламасын қолдану мағыналық дәлдігін сақтайды деп ойлаймыз.
| 0 |
22. | авансированные средства | авансталған құралдар, авансталған қаражат | авансированные средстваавансталған құралдар, авансталған қаражатДефинициясы1. Авансталған қаражат – алғытөлем төленген қаражат, алғытөлемге берілген қаражат, алдын ала жұмсалған қаражат (алға қойылған міндеттерді орындау үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін бөлінген ақшалай қаражат). 2. Этимологиясы: аванс (фр. avance) - "қарыз беру" 3. Өзбек: аvans qilingan mablag‘lar 4. Түрік: аvans edilmiş kaynaklar 5. Ағылшын: prepaid expenses 6. Неміс: vorgestreckte mittel 7. Бекітілген нұсқасы: авансыланған қаржы (экон.) (1971) 8. Қолдану саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Заңтану, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 775 бұйрығы. ... капиталға авансталған әрбір теңгеге келетін таза пайданы айғақтайды ...
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 628 бұйрығы. ... авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы ...
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 23 бұйрығы. ... авансталған әрбір теңгеге келетін таза пайда туралы куәландырады...
4) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 Бұйрығы. ...құралдардың, жұмыстардың құны...
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 775 бұйрығы. ...қарыз қаражаттары есебінен... 10. Ұсыныстар: "авансированные средства" тіркесінің баламасы ретінде "алдын-ала төленген қаражат" мағынасында ұсынамыз, өйткені тіркестің толық әлеуетін ашып көрсетеді.
| 0 |
23. | агрессивный портфель | агрессивті портфель | агрессивный портфельагрессивті портфельДефинициясы1. Агрессивті портфель – жоғары тәуекелге негізделген, бірақ ықтимал табысы да жоғары болатын инвестициялық активтер жиынтығы. 2. Этимологиясы: агрессивті (лат. aggressivus) – «шабуылшыл, белсенді», портфель (фр. portefeuille) – «құжат салатын сөмке; жинақ, жиынтық». 3. Өзбек: agressiv portfel 4. Түрік: аgresif portföy 5. Ағылшын: аggressive portfolio 6. Неміс: аggressives рortfolio 7. Бекітілген нұсқасы: жебірлік (хим.) (2006), долырлық (мед.) (2005), жемірлік (хим.) (2004) 8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Энергетика, Медицина, Әскери іс, Кен ісі және металлургия, Химия, Сәулет және құрылыс, Ауыл шаруашылығы 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 129 бұйрығы. ... агрессивті шығуға жауап ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығы. ... созылмалы агрессивті гепатит ...
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 344 бұйрығы. ... портфельді басқарушылардың ...
4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 28 қаулысы. ... инвестициялық портфельді басқарушыға ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «агрессивті портфель» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
24. | адекватность | адекваттық, барабарлық (банк ісі) (2014), адекваттылық (2018) | адекватностьадекваттық, барабарлық (банк ісі) (2014), адекваттылық (2018)Дефинициясы1. Адекваттық, барабарлық, адекваттылық – 1. бір нәрсенің немесе біреудің іс-әрекетінің немесе мінез-құлқының белгілі бір нормаға, стандартқа немесе шындыққа сәйкестігі; 2. бұл жеке тұлғаның сыртқы және ішкі ынталандыруларға олардың нақты маңыздылығына сәйкес жауап беру қабілеті. 2. Этимологиясы: адекватность (лат. adaequatus) - "теңестірілген". 3. Өзбек: adekvatlik 4. Түрік: yeterlilik, geçerliliği 5. Ағылшын: adequacy 6. Неміс: Adäquatheit 7. Бекітілген нұсқасы: барабарлық (банк ісі) (2014), адекваттылық (2018) 8. Қолдану саласы: Педагогика және психология, Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 61 Қаулысы. ... адекваттық жүйелердi әзiрлеу және енгiзу ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 311 бұйрығы. ... заманауи және адекваттық бакалаврлар, магистранттар ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығы. ... гемодиализдің орташа адекваттылық индексі ...
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 70 бұйрығы. ... барабарлық және объективтілік – дұрыс емес және белгісіздік дәрежесі ... 10. Ұсыныстар: бұрын бекітілген терминдерді, аудармаларды, заңнама құжаттарын қарастыра келе, мәнмәтіндегі қолданысқа қарай "адекваттық, барабарлық" терминдерін бекіту ұсынылады.
| 0 |
25. | административное задержание | әкімшілік ұстау, әкімшілік ұстап әкету (2018) | административное задержаниеәкімшілік ұстау, әкімшілік ұстап әкету (2018)Дефинициясы1. Әкімшілік ұстау – құқық қорғау органдарының әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны заңмен белгіленген мерзімге уақытша бостандығынан айыруы. 2. Этимологиясы: администратор (лат. administrare) – «басқару, қызмет көрсету». 3. Өзбек: ma'muriy qamoqqa olish 4. Түрік: idari gözaltı 5. Ағылшын: administrative detention 6. Неміс: administrative festnahme 7. Бекітілген нұсқасы: әкімшілік жолмен ұстау (2018), ұстау (2016), ұстау, ұстап қалу (сақтандыру) (2006) 8. Қолдану саласы: Философия және саясаттану, Заңтану, Әскери іс, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығы. ... осы Әкімшілік ұстап алынған ...
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығы. ... сәйкес Әкімшілік ұстап алынған ...
3) азақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Төрағасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 бұйрығы. ... жерін анықтау және ұстау ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасы мен заңнамаларда кездесуі, қазақ тіліндегі табиғатын толыққанды ашып беретін тіркес екенін ескере отырып, «әкімшілік ұстау» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
26. | административное пресечение | әкімшілік бұлтартпау, әкімшілік жолын кесу | административное пресечениеәкімшілік бұлтартпау, әкімшілік жолын кесуДефинициясы1. Әкімшілік бұлтартпау / әкімшілік жолын кесу – мемлекеттік органдардың немесе әкімшілік билік құрылымдарының заңды шешімдердің орындалуына немесе әрекеттердің жүзеге асуына уақытша кедергі жасау шаралары. 2. Этимологиясы: әкімшілік (араб. ḥākim) – «басқару, билік жүргізу», администратор (лат. administrare) – «басқару, қызмет көрсету».
3. Өзбек: ma'muriy bostirish 4. Түрік: idari kısıtlama 5. Ағылшын: administrative suppression 6. Неміс: administrative unterbindung 7. Бекітілген нұсқасы: әкімшілік бұлтартпау шаралары (2016), әкімшілік (заң.) (2002) 8. Қолдану саласы: Заңтану, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 17 бұйрығы. ... сондай-ақ әкімшілік айыппұлды ...
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығы. ... бұзушылықтардың жолын кесу кезінде ...
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 1068 бұйрығы. ... заңсыз тарту бұлтартпау шарасы ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасы мен заңнамаларда кездесуі, қазақ тіліндегі табиғатын толыққанды ашып беретін тіркес екенін ескере отырып, қолдану аясына қарай «әкімшілік бұлтартпау» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
27. | административное усмотрение | әкімшілік шешім-еркі | административное усмотрениеәкімшілік шешім-еркіДефинициясы1. Әкімшілік шешім-еркі – мемлекеттік басқару органдарының немесе лауазымды тұлғалардың заңға сүйене отырып қабылдайтын міндетті сипаттағы актісі, сондай-ақ олардың биліктік өкілеттігі мен ерік білдіруінің нәтижесі. 2. Этимологиясы: администратор (лат. administrare) – «басқару, қызмет көрсету» 3. Өзбек: ma'muriy ixtiyoriylik 4. Түрік: idari takdir yetkisi 5. Ағылшын: administrative discretion 6. Неміс: administrative еrmessensausübung 7. Бекітілген нұсқасы: әкімшілік ету (2016), әкімшілік (заң.) (2002) 8. Қолдану саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Философия және саясаттану, Заңтану, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 5 Нормативтік қаулысы. ... әкімшілік істер бойынша сот актілерін шешімдер мен ұйғарымдар ...
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы. ... кандидаттың қалауы бойынша ...
3) Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/221 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 5С-37-6 шешімі. ... қаулы мен шешімнің қосымшасына ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасы мен заңнамаларда кездесуі, қазақ тіліндегі табиғатын толыққанды ашып беретін тіркес екенін ескере отырып, қолдану аясына қарай «әкімшілік шешімі» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
28. | административные положения | әкімшілік ережелер | административные положенияәкімшілік ережелерДефинициясы1. Әкімшілік ережелер – мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған міндетті құқықтық нормалар жиынтығы. 2. Этимологиясы: әкімшілік (арабтың ḥākim) – «билеуші, басқарушы», ереже (көне түрк. yer-) – «тәртіп, қағида»
3. Өзбек: ma'muriy qoidalar 4. Түрік: idari hükümler 5. Ағылшын: administrative provisions 6. Неміс: administrative bestimmungen 7. Бекітілген нұсқасы: жағдай (2020), әкімшілік (заң.) (2002), жағдай (2020), ереже (2018), ереже (іс жүргізу) (2010) 8. Қолдану саласы: Энергетика, Математика, Заңтану, Әскери іс 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсан N 32-ІІ Заңы. ... қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 шілдедегі N 970 Қаулысы. ... қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу ...
3) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті Төрағасының 2023 жылғы 6 қазандағы № 95-НҚ бұйрығы. ... органдарының ережелерін бекіту ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасы мен заңнамаларда кездесуі, қазақ тіліндегі табиғатын толыққанды ашып беретін тіркес екенін ескере отырып, қолдану аясына қарай «әкімшілік ережелер» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |
29. | административный арест | әкімшілік қамауға алу | административный арестәкімшілік қамауға алуДефинициясы1. Әкімшілік қамауға алу – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаға қолданылатын әкімшілік жаза түрі, ол заңда белгіленген мерзімге қысқа мерзімді қамақ түрінде жүзеге асырылады. ҚР-дың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ӘҚБК РК) Қабылданған күні: 2014 жылғы 5 шілде, № 235-V ЗРК. 2. Этимологиясы: арест (лат. arrestum) – "тоқтату, ұстау" 3. Өзбек: ma'muriy hibsga olish 4. Түрік: idari tutuklama 5. Ағылшын: administrative arrest 6. Неміс: Zivilhaft 7. Бекітілген нұсқасы: әкімшілік қамау (2016) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 314 Заңы ... әкімшілік қамауға алуға ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 385-VI ҚРЗ ... әкімшілік қамауға алынған ...
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы ... әкімшілік қамауға алуды ... 10. Ұсыныстар: аударма сөздіктерде, заңнама мәтіндерінде, ғылыми әдебиеттерде және баспасөзде «административный арест» терминінің баламасын «әкімшілік қамауға алу» тіркесі тұлғасында беру және қолдану тәжірибесі қалыптасқан. Осы дәлелді ескере отырып, «әкімшілік қамауға алу» тіркесінің термин ретінде бекітілуін қолдаймыз.
| 0 |
30. | административный процедурно-процессуальный законодательство | әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама | административный процедурно-процессуальный законодательствоәкімшілік рәсімдік-процестік заңнамаДефинициясы1. Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама – мемлекеттік органдардың шешім қабылдау тәртібін, әкімшілік істерді қарау рәсімін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қорғау кепілдіктерін белгілейтін құқықтық нормалар жиынтығы. 2. Этимологиясы: администратор (лат. administrare) – «басқару, қызмет көрсету», процедура (лат. procedura) – «қадам, рәсім, іс-әрекеттер тізбегі», процесс (лат. processus) – «жүріс, даму, әрекеттердің заңды тізбегі». 3. Өзбек: ma'muriy protsessual qonun hujjatlari 4. Түрік: idari usul ve usul mevzuatı 5. Ағылшын: administrative procedural law 6. Неміс: verwaltungs- und verfahrensrecht 7. Бекітілген нұсқасы: заңнама (заң.) (2000), әкімшілік (заң.) (2002), әкімшілік заңнама (2016), процестік (2020) 8. Қолдану саласы: Заңтану 9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 29 маусымдағы № 351-VI ҚРЗ. ... Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 349 қаулысы. ... Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 348 қаулысы. ... Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ... 10. Ұсыныстар: берілген тіркестің басқа тілдегі аудармасы мен заңнамаларда кездесуі, қазақ тіліндегі табиғатын толыққанды ашып беретін тіркес екенін ескере отырып, қолдану аясына қарай «әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама» терминін бекіту ұсынылады.
| 0 |