"
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолу

«Бальнеотерапия» термині

Алаңда 2017 жылы «бальнеотерапия» деп бекітілген терминнің «балшықпен емдеу» деген баламасы ұсынылған. Алайда балшықпен емдеудің «грязелечение» Толығырақ ...екенін ескерген жөн. Бұған қоса латынша «balneum» (монша, ванна, шомылу) және грекше «therapia» (емдеу) деген сөздерден шыққан «бальнеотерапия» – минералды сулармен, сондай-ақ емдік балшықпен (пелоидотерапия) емдеуден тұратын физиотерапиялық процедура. «Бальнеотерапияға» балшықпен емдеу ғана емес, оған басқа да ем-дом шаралары кіреді. Сонымен қатар ол өзбек тілінде «balneoterapiya», ал түрікше «balneoterapi» деп жазылады. Бальнеотерапияны минералды сулардың, минералды балшықтың және шомылудың адам организміне әсерін зерттейтін бальнеология бөлімі зерттейді. Ол өз кезегінде жалпы бальнеотерапия және жеке немесе клиникалық бальнеотерапия болып бөлінеді [Энциклопедический словарь Ф.А. Брокгауза и И.А. Ефрона. – С.Пб.: Брокгауз-Ефрон. 1890-1907.].

Тұжырымдай келе, «бальнеотерапия» термині 2017 жылы осы нұсқасында бекітілгенін ескеріп, күн тәртібінен алып тастау ұсынылады. Егер латын графикасы негізіндегі әліпбиге сәйкес кейбір ережелер өзгерген жағдайда «балнеотерапия» – «бальнеотерапия» деп жіңішкелік белгісін алып тастап бекіту қажет.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.БальнеотерапияБалнеотерапия
2.Бальнеотерапияалып тастау
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.