Ас мәзірін қазақшалау - күн тәртібінде тұрған өткір мәселелердің қатарында. Мәселен, «рассольник" деген тағам бар. Менің ойымша, барлық көже атауларының жанына сорпа деген сөзді тіркестіру қажет. "Рассольникті» тұздықты сорпа деп аударуды ұсынамын.
Рассольник – тұздықты көже – rassolnik (soup with pickled cucumber). Дереккөз: Рахимбердиева Б.М. Р 24 Тағамтану сөздігі. – Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. –216 бет. Орысша-қазақша-ағылшынша (Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат Толығырақ ...министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды)
Сорпа мен көже бірдей тағам емес. Сорпа – бульон (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет), көже – суп (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет), тұздықты көже – рассольник (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет), үй тұздықты көжесі – рассольник по-домашнему (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет). Дереккөз: https://termincom.kz
Көже – зат. 1. тамақ. Еттен, ұннан, дәнді дақылдардан сұйық етіп пісірілген ас. Кеспе к ө ж е күн батқанша, Бидай к ө ж е ел жатқанша, Тары көже таң атқанша (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Байдың малына сатылып бір, к ө ж е с і н е сатылып екі адасасыңдар (М.Дулатов, Шығ.). Зар жылап түрдым шөптің төбесінде Үрлеймін тырна ымның көбесіне. Басыма көп бәлені іздеп алдым, Тоям деп залым байдың к ө ж е с і н е (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Тамақ, азық. Біледі жайын бар үйдің, Секілді бәрі мойнында. К ө ж е с і болса сәбидің, Көңілі де оның орнында (С.Жиенбаев, Алтын қалам). 3. ауыс. Былық, былапыт. Әділбек ана екеуінің аузынан шыққан сөзді қағыс жібермей, бір нәрсе түсінуге тырысады. Әрі-беріден соң миы к ө ж е болып кеткендей (З.Шүкіров, Қиын түйін). Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 8 - том / Құраст.: Қ. Күдеринова, О.Жұбаева, М. Жолшаева және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.
Сорпа – суға қайнап піскен еттің сөлі шыққан сұйық тамақ. Аспазшылар ас әкелді. Май, ботқа, с о р п а исі аңқып кетті (М.Жұмабаев, Шығ.). Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ Ет артынан с о р п а ішті бірер аяқ. Бата қылып, қол жуып болысымен Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Оның есесіне қысты күні с о р п а ғ а, көжеге, сарқасқа қылып құрт езіп тойып алса, қора ішіне кемзелшең, көйлекшең шыққанда бойы қыз-қыз қайнап жүреді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.