A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined index: post_data_count

Filename: controllers/Alan.php

Line Number: 344

Backtrace:

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once

Termincom.kz - Алаң "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының I отырысында қаралатын терминдер

Назарбаев Университеті базасындағы Ақылды және жасанды интеллект институты әзірлеген интеллект саласы терминдерінің глоссарийі

#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.точностьдәлдік
точность
дәлдік
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Дәлдік (информатикада) - әдетте битпен өлшенеді, бірақ кейде ондық сандармен өлшенетін нақтылау өлшемі.

2. Әзербайжан: dəqiqlik
3. Қырғыз: тактык
4. Өзбек: aniqlik
5. Түрік: doğruluk
6. Ағылшын: accuracy
7. Испан: exactitud
8. Неміс: Richtigkeit
9. Француз: précision

10. Бекітілген нұсқасы: точность удвоенная – қосарланған дәлдік (2016 жылғы 28 маусым)
11. Заңнамадағы қолданысы: точность – дәлдік
12. Орыс тіліндегі «точность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «дәлдік» сөзі бекітілген, заңнамада «дәлдік» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «точность» сөзі қазақ тіліне «дәлдік» сөзімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+11
2.аккуратность
мұқияттылық, ұқыптылық
аккуратность
мұқияттылық, ұқыптылық
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Мұқияттылық (лат. accuratus, accurare қамқор болу, мұқият жасау) - дәлдікке, тәртіпке, ұқыптылыққа және еңбекқорлыққа бейімділік.
Аккуратность – accuratus, accurare – лат. «қамқор болу», «мұқият жасау».
Пунктуальность» - лат. punctum — «нүкте».

2. Әзербайжан: dəqiqlik
3. Қырғыз: тактык
4. Өзбек: aniqlik
5. Түрік: doğruluk
6. Ағылшын: accuracy
7. Испан: exactitud
8. Неміс: Richtigkeit
9. Француз: précision

10. Бекітілген нұсқасы: аккуратность – ұқыптылық (1971-1981)
11. Заңнамадағы қолданысы: аккуратность – нақтылық; ұқыптылық; ұқыптылық – ресми статистикалық ақпаратты жариялау күнінен бастап жоспарлы күнге дейінгі уақыт тежелісімен шартталған өлшемшарт – пунктуальность – критерий, обусловленный временем задержки со дня публикации официальной статистической информации до запланированного дня.

12. Орыс тіліне латын тілінен енген (accurare – лат. «қамқор болу», «мұқият жасау») «аккуратность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «ұқыптылық» сөзі бекітілген, заңнамада «нақтылық», «ұқыптылық» сөздерімен аударылған.
Сонымен қатар қазақ тіліндегі «ұқыптылық» сөзі орыс тіліне «пунктуальность» (лат. punctum — «нүкте») сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «аккуратность» сөзі қазақ тіліне «мұқияттылық» сөзімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+9
3.функция активации
белсендіру функциясы, активация функциясы
функция активации
белсендіру функциясы, активация функциясы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Белсендіру функциясы (ағыл. activation function) өлшенген кіріс мәнінің жиынтығы нәтижесіне және шекті мәнге байланысты нейронның шығыс мәнін анықтайды.
Активацияactivation – франц. activation «белсендіру».
Функцияfunction – лат. functio «орындау, міндет, жарна».

2. Әзербайжан: aktivləşdirmə funksiyası
3. Қырғыз: жандандыруу функциясы
4. Өзбек: faollashtirish funktsiyasi
5. Түрік: aktivasyon fonksiyonu
6. Ағылшын: activation function
7. Испан: función de activación
8. Неміс: Аktivierungsfunktion
9. Француз: fonction d`activation

10. Бекітілген нұсқасы: активация – белсендіру (2016 жылғы 28 маусым)
функция – қызмет, функция (2016 жылғы 8 желтоқсан); функция – функция (2020 жылғы 25 маусым); референтная функция – референттік қызмет (2020 жылғы 25 қараша)
11. Заңнамадағы қолданысы: активация – жандандыру; активация; белсендіру; функция – функция; қызмет

12. Орыс тіліне француз тілінен енген (франц. activation «активация») «активация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «белсендіру» сөзі бекітілген, заңнамада «жандандыру», «активация», «белсендіру» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліне латын тілінен енген (лат. functio «орындау, міндет, жарна») «функция» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «функция», «қызмет» сөздері бекітілген, заңнамада «функция», «қызмет» сөздерімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «функция активации» сөз тіркесі қазақ тіліне «белсендіру функциясы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+5
4.деятельность в области повседневной
жизни
күнделікті өмір саласындағы
қызмет
деятельность в области повседневной
жизни
күнделікті өмір саласындағы
қызмет
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1.Күнделікті өмір саласындағы қызмет - денсаулықты және тәуелсіз өмірді сақтау үшін маңызды өзін-өзі күту қызметі.

2. Әзербайжан: gündəlik həyat fəaliyyəti
3. Қырғыз: күнүмдүк жашоо иш-аракеттери
4. өзбек: kundalik hayot faoliyati
5. түрік: günlük yaşam aktiviteleri
6. ағылшын: activities of daily living
7. испан: actividades de la vida diaria
8. неміс: Аktivitäten des täglichen lebens
9. француз: activités de la vie quotidienne

10. Бекітілген нұсқасы: товары повседневного спроса – күнделікті сұраныс тауарлары (2017 жылғы 10 қараша)
11. Заңнамадағы қолданысы: деятельность – қызмет; область – облыс, сала; аумақ; повседневная – күнделікті; жизнь – өмір; тіршілік
12. Орыс тіліндегі «деятельность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қызмет», «іс-қимыл», «әрекет» сөздері бекітілсе, заңнамада «қызмет», «іс-қимыл», «әрекет» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «область» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «облыс», «сала», «аумақ» сөздері бекітілсе, заңнамада «облыс», «сала», «аумақ» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «повседневная» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «күнделікті» сөзі бекітілсе, заңнамада «күнделікті» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі «жизнь» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «өмір» сөзі бекітілсе, заңнамада «өмір» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «деятельность в области повседневной жизни» сөз тіркесі қазақ тіліне «күнделікті өмір саласындағы қызмет» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+4
5.исполнительное устройство, актуатор
атқарушылық құрылғы, актуатор
исполнительное устройство, актуатор
атқарушылық құрылғы, актуатор
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Атқарушылық құрылғы, актуатор (ағыл. actuator) - объектіге келетін энергия немесе материалдар ағынын өзгерту арқылы басқару объектісіне әсер ететін автоматты басқару жүйесінің функционалды элементі.
Актуатор – лат. actualis «әрекетті; жарамды».

2. Әзербайжан: aktuator
3. Қырғыз: аткаруучу
4. Өзбек: aktuator
5. Түрік: aktüatör
6. Ағылшын: actuator
7. Испан: solenoide
8. Неміс: Аktuator
9. Француз: actionneur

10. Бекітілген нұсқасы: исполнительная власть – атқарушы билік (2016 жылғы 7 желтоқсан)
устройство – құрылғы (2020 жылғы 25 қараша)
11. Заңнамадағы қолданысы: исполнительная – атқарушы; орындаушы; устройство – құрылғы
12. Орыс тіліндегі «исполнительное» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «атқарушы» сөзі бекітілсе, заңнамада «атқарушы», «орындаушы» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «устройство» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «құрылғы» сөзі бекітілсе, заңнамада «құрылғы» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «исполнительное устройство» сөз тіркесі қазақ тіліне «атқарушылық құрылғы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Орыс тіліне латын тілінен енген (лат. actualis «әрекетті; жарамды») «актуатор» сөзі қазақ тілінде «актуатор» сөзімен қолданылғаны дұрыс деп санаймыз.
Рейтинг
+8
6.адаптивное управление
бейімді басқару
адаптивное управление
бейімді басқару
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Бейімді басқару (лат. adaptare «бейімдеу, ыңғайлау») - басқару объектісі параметрлерінің өзгеруіне немесе басқару объектісіне әсер ететін сыртқы бұзылуларға байланысты реттегіш параметрлерін немесе реттегіш құрылымын өзгерту мүмкіндігі бар басқару жүйелерін синтездеуге мүмкіндік беретін басқару теориясы әдістерінің жиынтығы.
Адаптивное – аdaptare - лат. «бейімдеу, ыңғайлау».
2. Әзербайжан: adaptiv idarəetmə
3. Қырғыз: жемкорлук башкаруу
4. Өзбек: adaptiv boshqaruv
5. Түрік: uyarlanabilir kontrol
6. Ағылшын: adaptive control
7. Испан: control adaptativo
8. Неміс: Аdaptive steuerung
9. Француз: contrôle adaptatif

10. Бекітілген нұсқасы: культура адаптивная – бейiмдi мәдениет (2018 жылғы 30 қараша)
управление – басқарма, басқару (2016 жылғы 8 желтоқсан)
11. Заңнамадағы қолданысы: адаптивная физическая культура – бейімдік дене шынықтыру; динамическая адаптивная маршрутизация - динамикалық адаптивті маршруттау; управление – басқарма, басқару
12. Орыс тіліне латын тілінен енген (аdaptare - лат. «бейімдеу, ыңғайлау») «адаптивное» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «бейiмдi» сөзі бекітілген, заңнамада «бейiмдiк», «адаптивті» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «управление» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «басқарма», «басқару» сөздері бекітілсе, заңнамада «басқарма», «басқару» сөздерімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «адаптивное управление» сөз тіркесі қазақ тіліне «бейімді басқару» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+8
7.прибавление
қосу, қостыру
прибавление
қосу, қостыру
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Қосу, қостыру - бір санды екіншісіне қосу жағынан қосудың арифметикалық әрекетін білдіріледі.
2. Әзербайжан: əlavə
3. Қырғыз: кошумча
4. Өзбек: qo`shish
5. Түрік: ilave
6. Ағылшын: addition
7. Испан: adición
8. Неміс: Zusatz
9. Француз: une addition

10. Бекітілген нұсқасы: -
11. Заңнамадағы қолданысы: путем прибавления наценки - үстеме бағасын қосу арқылы
12. Орыс тіліндегі «прибавление» сөзі заңнамада «қосу» сөзімен аударылған.
Заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «прибавление» сөзі қазақ тіліне «қосу», «қостыру» сөздерімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+8
8.аддитивные технологии
аддитивті технологиялар, қоспалы өндіріс
аддитивные технологии
аддитивті технологиялар, қоспалы өндіріс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Аддитивті технологиялар (Additive Manufacturing – аддитивтілік – «үстемелеу» сөзінен) - компьютерлік 3D технологиялардың көмегімен объектінің қабаттық құрылуы және синтезі.
Аддитивadditive – лат. additivus «қосымша, артық».
Технология – грек. τέχνη «өнер, шеберлік, дағды» + λόγος «сөз; ой, мағына, түсінік».
2. Әзербайжан: əlavə istehsalı
3. Қырғыз: кошумча өндүрүш
4. Өзбек: qo`shimcha ishlab chiqarish
5. Түрік: katmanlı üretim
6. Ағылшын: additive manufacturing
7. Испан: fabricación aditiva
8. Неміс: additive fertigung
9. Француз: la fabrication additive

10. Бекітілген нұсқасы: помеха аддитивная – аддитивті бөгеуіл (2016 жылғы 28 маусым)
технология – технология (2017 жылғы 15 ақпан)
қоспалы өткiзгiштiк - проводимость примесная (2016 жылғы 28 маусым)
өндіріс; өндіру – производство (2020 жылғы 25 маусым)
11. Заңнамадағы қолданысы: аддитивные технологии производства - өндірістегі аддитивті технологиялар; қоспалы алюминий - алюминий нелегированный; өндіріс – производство
12. Орыс тіліне латын тілінен енген (лат. additivus «қосымша, артық») «аддитивный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «аддитивті» сөзі бекітілген, заңнамада «аддитивті» сөзімен аударылған.
Орыс тіліне грек тілінен енген (грек. τέχνη «өнер, шеберлік, дағды» + λόγος «сөз; ой, мағына, түсінік») «технология» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «технология» сөзі бекітілген, заңнамада «технология» сөзімен аударылған.
Сонымен қатар қазақ тіліндегі «қоспалы» сөзі орыс тіліндегі «примесная» сөзінің баламасы ретінде бекітілсе, заңнамада «нелегированный» сөзінің баламасы ретінде алынған.
Сонымен қатар қазақ тіліндегі «өндіріс» сөзі орыс тіліндегі «производство» сөзінің баламасы ретінде бекітілсе, заңнамада «производство» сөзінің баламасы ретінде алынған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «аддитивные технологии» сөз тіркесі қазақ тіліне «аддитивті технологиялар» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+6
9.состязательное (вредоносное)
обучение
бәсекелесе (зиянды) оқыту, жарыстаса оқыту; бәсекелестік дайындығы
состязательное (вредоносное)
обучение
бәсекелесе (зиянды) оқыту, жарыстаса оқыту; бәсекелестік дайындығы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1.Бәсекелестік (зиянды) оқыту, жарыстаса оқыту - модельдерді жаңылыстыратын мәліметтер беру арқылы алдауға тырысатын машиналық оқыту әдісі.
2. Әзербайжан: müxalif təlim
3. Қырғыз: атаандаштык окуу
4. Өзбек: qarama-qarshi ta`lim
5. Түрік: tartışmalı öğrenme
6. Ағылшын: adversarial learning
7. Испан: aprendizaje contradictorio
8. Неміс: Widersprüchliches lernen
9. Француз: apprentissage contradictoire

10. Бекітілген нұсқасы: состязательность и равноправие сторон – тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы (2016 жылғы 7 желтоқсан)
дистанционное обучение – қашықтан оқыту (2020 жылғы 25 маусым)
жосықсыз бәсекелестік - недобросовестная конкуренция (2016 жылғы 7 желтоқсан)
жұмылдыру дайындығы – мобилизационная готовность (2016 жылғы 8 желтоқсан)
11. Заңнамадағы қолданысы: бәсекелестiк қағидаты - принцип состязательности; состязательный процесс - жарыс процесі; экономический порог вредоносности - экономикалық зияндылық шегі; обучение – оқыту, үйрету, меңгерту
12. Орыс тіліндегі «состязательность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жарыспалылық» сөздері бекітілсе, заңнамада «состязательный» сөзі «жарыс», «бәсекелестiк» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «вредоносное» сөзі заңнамада «зияндылық» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі «обучение» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «оқыту» сөздері бекітілсе, заңнамада «оқыту», «үйрету», «меңгерту» сөздерімен аударылған.
Сонымен қатар қазақ тіліндегі «бәсекелестiк» сөзі орыс тіліндегі «конкуренция» сөзінің баламасы ретінде бекітілсе, заңнамада «конкуренция» сөзінің баламасы ретінде алынған.
Сонымен қатар қазақ тіліндегі «дайындық» сөзі орыс тіліндегі «готовность» сөзінің баламасы ретінде бекітілсе, заңнамада «готовность» сөзінің баламасы ретінде алынған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «состязательное (вредоносное) обучение» сөз тіркесі қазақ тіліне «бәсекелесе (зиянды) оқыту» немесе «жарыстаса оқыту» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+6
10.аффективные вычисления
аффективтік анықтау
аффективные вычисления
аффективтік анықтау
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1.Аффективтік анықтау (affective computing) (лат. affectus.) - адамның аффектісін тануға, түсіндіруге, өңдеуге және модельдеуге болатын жүйелер мен құрылғыларды зерттеу және әзірлеу.
Аффект – affective – лат. affectus «жан толқуы, құмарлық».
2. Әзербайжан: effektiv hesablama
3. Қырғыз: аффективдүү эсептөөлөр
4. Өзбек: affektiv hisoblash
5. Түрік: duygusal bilgisayar kullanımı
6. Ағылшын: affective computing
7. Испан: computación afectiva
8. Неміс: affektives rechnen
9. Француз: informatique affective

10. Бекітілген нұсқасы: вычисление – есептеп шығару (2010 жылғы 23 желтоқсан)
вычисление адреса – адресті анықтау (2015 жылғы 6 қазан)
11. Заңнамадағы қолданысы: органические (аффективные) расстройства - органикалық (аффектілік) бұзылулар; вычисление – есептеп шығару, есептеу; анықтау
12. Орыс тіліндегі «вычисление» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «анықтау» сөзі, «есептеп шығару» сөз тіркесі бекітілсе, заңнамада «анықтау», «есептеу» сөздерімен, «есептеп шығару» сөз тіркесімен аударылған.
Орыс тіліндегі «аффективные вычисления» (аффект – лат. affectus «жан толқуы, құмарлық») сөз тіркесі қазақ тіліне «аффективтік анықтау» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+6
11.аффинное преобразование
аффиндік түрлендіру
аффинное преобразование
аффиндік түрлендіру
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Аффиндік түрлендіру (лат. affinis «жанасатын, жақын, іргелес») – параллель түзулер параллель түзулерге, қиылысатыны – қиылысатынға, айқасатыны – айқасатын сызықтарға өтетін жазықтықты немесе кеңістікті бейнелеу.
Аффин – affinis - лат. «жанасатын, жақын, іргелес».
2. Әзербайжан: afin transformasiyası
3. Қырғыз: аффиндик трансформация
4. Өзбек: afinaning o`zgarishi
5. Түрік: afin dönüşüm
6. Ағылшын: affine transformation
7. Испан: transformacion afin
8. Неміс: affektives rechnen
9. Француз: transformation affine

10. Бекітілген нұсқасы: цифровые преобразования – цифрлық түрлендіру (2018 жылғы 6 сәуір)
11. Заңнамадағы қолданысы: цифровые преобразования – цифрлық түрлендіру (2018 жылғы 6 сәуір)
12. Орыс тіліндегі «преобразование» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «түрлендіру» сөзі бекітілсе, заңнамада «түрлендіру» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі «аффинное преобразование» (аффин – affinis - лат. «жанасатын, жақын, іргелес») сөз тіркесі қазақ тіліне «аффиндік түрлендіру» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+7
12.гибкая разработка программного обеспечения
икемді бағдарламалық қамтылым әзірлемесі, икемді бағдарламалық
жасақтама
гибкая разработка программного обеспечения
икемді бағдарламалық қамтылым әзірлемесі, икемді бағдарламалық
жасақтама
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Икемді бағдарламалық қамтылым әзірлемесі (ағыл. agile software development, agile-әзірлеме) - бағдарламалық қамтылымды икемді әзірлеу манифестінің құндылықтарына және оның негізіндегі 12 қағидатқа негізделген бірқатар тәсілдер мен тәжірибелерге арналған жалпылама термин.
Программа – грек. programma – «хабарландыру», pro – «алдында, ерте» + gramma – «жазылған», graphein – «жазу»
2. Әзербайжан: çevik proqram inkişafı
3. Қырғыз: ийкемдүү программалык камсыздоону иштеп чыгуу
4. Өзбек: tezkor dasturiy ta`minotni ishlab chiqish
5. Түрік: çevik yazılım geliştirme
6. Ағылшын: agile software development
7. Испан: desarrollo ágil de software
8. Неміс: agile software entwicklung
9. Француз: développement logiciel agile

10. Бекітілген нұсқасы: программное обеспечение – бағдарламалық жасақтама, бағдарламалық қамтым, бағдарламалық қамту (2019 жылғы 28 маусым)
разработка – әзірлеу (іс қағаздары); игеру; қазу (кен ісі) (2020 жылғы 17 маусым)
тариф гибкий – икемді трафик (2017 жылғы 10 қараша)
11. Заңнамадағы қолданысы: гибкая организационная структура - икемді ұйымдастыру құрылымы; разработка – әзірлеу; әзірлеме, игеру; қазу; программное обеспечение – бағдарламалық қамтылым
12. Орыс тіліне грек тілінен енген (грек. programma – «хабарландыру», pro – «алдында, ерте» + gramma – «жазылған», graphein – «жазу») «программа» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «программа», «бағдарлама» сөздері бекітілген, заңнамада «программа», «бағдарлама» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «гибкий» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «икемді» сөзі бекітілсе, заңнамада «икемді» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі «разработка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «әзірлеу» (іс қағаздары); «игеру»; «қазу» (кен ісі) сөздері бекітілсе, заңнамада «әзірлеу»; «әзірлеме», «игеру»; «қазу» сөздерімен аударылған. Бұл жайт аталған сөздің қолданылған мәнмәтіндегі мағынасына байланысты туындап отыр.
Орыс тіліндегі «программное обеспечение» сөз тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «бағдарламалық жасақтама», «бағдарламалық қамтым», «бағдарламалық қамту» сөз тіркестері бекітілсе, заңнамада «бағдарламалық жасақтама»; «бағдарламалық қамтылым» сөз тіркестерімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «гибкая разработка программного обеспечения» сөз тіркесі қазақ тіліне «икемді бағдарламалық қамтылым әзірлемесі» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+6
13.воздушный зазор
ауа саңылауы
воздушный зазор
ауа саңылауы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1.Ауа саңылауы (ағыл. air gap - «ауа саңылауы») - қауіпсіз компьютерлік желі қауіпті желілерден: интернет пен қауіпсіздігі төмен жергілікті желілерден физикалық түрде оқшауланған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірі.
2. Әзербайжан: hava boşluğu
3. Қырғыз: аба боштугу
4. Өзбек: havo oralig`i
5. Түрік: hava boşluğu
6. Ағылшын: air gap
7. Испан: luftspalt
8. Неміс: Entrehierro
9. Француз: trou d`air

10. Бекітілген нұсқасы: воздушные силы – әуе күштері (2020 жылғы 25 маусым)
воздушная яма – ауа шұңқыры (2018 жылғы 29 қараша)
зазор бандажа – шентемір саңылауы (2016 жылғы 28 маусым)
11. Заңнамадағы қолданысы: воздушный – әуе; ауа; зазор – саңылау
12. Орыс тіліндегі «воздушный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «ауа» , «әуе» сөздері бекітілсе, заңнамада «ауа» , «әуе» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «зазор» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «саңылау» сөзі бекітілсе, заңнамада «саңылау» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «воздушный зазор» сөз тіркесі қазақ тіліне «ауа саңылауы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+9
14.алгебра
алгебра
алгебра
алгебра
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1.Алгебра (араб. اَلْجَبْرُ әл-джабр «толықтыру») – арифметиканы жалпылау және кеңейту ретінде сипаттауға болатын математиканың бір саласы; бұл бөлімде сандар мен басқа да математикалық нысандар әріптермен және басқа символдармен белгіленеді, бұл олардың қасиеттерін жалпы түрде жазуға және зерттеуге мүмкіндік береді.
Алгебра – әл-джабр - араб. اَلْجَبْرُ «толықтыру».
2. Әзербайжан: cəbr
3. Қырғыз: алгебра
4. Өзбек: algebra
5. Түрік: cebir
6. Ағылшын: algebra
7. Испан: álgebra
8. Неміс: algebra
9. Француз: algèbre

10. Бекітілген нұсқасы: алгебра множеств – жиын алгебрасы (1971-1981)
11. Заңнамадағы қолданысы: алгебра – алгебра
12. Орыс тіліне араб тілінен енген (әл-джабр - араб. اَلْجَبْرُ «толықтыру») «алгебра» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «алгебра» сөзі бекітілген, заңнамада «алгебра» сөзімен аударылған.
Рейтинг
+9
15.алюминий
алюминий
алюминий
алюминий
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1.Алюминий (Al,) - химиялық элементтердің периодтық кестесінің 13-ші тобының элементі (ескірген классификация бойынша - III топтың негізгі кіші тобының элементі), периодтық жүйенің ІІІ тобында, атомдық нөмірі 13.
Алюминий – aluminium - лат. alumen «ашудас», әдеби «ащы тұз».
2. Әзербайжан: alüminium
3. Қырғыз: алюминий
4. Өзбек: alyuminiy
5. Түрік: alüminyum
6. Ағылшын: aluminum
7. Испан: aluminio
8. Неміс: aluminium
9. Француз: aluminium

10. Бекітілген нұсқасы: диск алюминиевый – алюминий табақша (2019 жылғы 6 желтоқсан)
11. Заңнамадағы қолданысы: алюминий – алюминий
12. Орыс тіліне латын тілінен енген (лат. alumen «ашудас», әдеби «ащы тұз») «алюминий» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «алюминий» сөзі бекітілген, заңнамада «алюминий» сөзімен аударылған.
Рейтинг
+9
  • Серік Ерғали 4 жыл бұрын

    Исполнительное устройство - атқарушы құрылғы

  • Серік Ерғали 4 жыл бұрын

    Прибавление - үстемелеу, қосу - сложение

  • Серік Ерғали 4 жыл бұрын

    Аддитивнаятехнология. Дефинициясы
    1. Аддитивті технологиялар (Additive Manufacturing – аддитивтілік – «үстемелеу» сөзінен) - компьютерлік 3D технологиялардың көмегімен объектінің қабаттық құрылуы және синтезі.
    Аддитив – additive – лат. additivus «қосымша, артық».

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.