ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРШ Ы №1 (55)
Кітап авторы:
Кітап жайлы мәлімет: Қазақстан Республикасы Мәдениет жэне спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті
ISBN:
Терминология қағидаттарын талқылау барысында оны бұлжымас заң, нақты ереже, қағида ретінде түсінетіндер де бар
екені анықталды. Соған байланысты біз нені «терминология
қағидаттары» деп түсініп жүргенімізді нақтылап айта кету қажеттілігі туындап отыр. «Қағидат» (принцип) сөзі «белгілі бір
теорияның, ілімнің, ғылымның жэне тағы басқаның негізгі,
шығу көзі» және «бір нәрсеге қатысты көзқарас, сенім» деген мағыналарды білдіреді. Қағидат - ғылыми теориялар мен
заңдар, заң қүжаттарын, ережелер мен қағидаттар жасауға негіз
болатын тірек. Терминология қағидаттарына осы екі мағынаның да бірдей қатысы бар. Қазақ тіл білімінің даму тарихында
үлттық терминдер қорын жасау мен қалыптастыру, ішкі
және сыртқы көздерді пайдалана отырып оны жетілдіру, дамыту кезінде басшылыққа алынатын жалпы бағыт-бағдар
беруші негізгі үстанымдарды - терминология қағидаттары
деп тану ғылыми үғым ретінде орныққан. Сондықтан біз қағидат белгілеу мәселесін талқылау кезінде бүл ұғымды осылай
түсіне отырып сөз өрбітсек, сындарлы сұхбат құруға мүмкіндік
аламыз деген пікірдеміз.