Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.

Эксперты

Чебурек пе, шибөрек пе?
Чебурек-өзбек асханасының ұлттық тағамы. Біздің тілімізге бейімдеп, бұл ұн тағамына қазақша атау беру орынды. Қазақта «ши бауырсақ» деген бар. Кішігірім майға қуырып жасайтын нан тағамы. Осыны Толығырақ ...ескере отырып, «чебурек» сөзін «шибөрек» деп аударған дұрыс секілді. Себебі бұл да кішігірім майға қуырып жасалатын тағам болғандықтан, осы атау лайық сынды. Сонда мәзірде «Сиыр етінен жасалған шибөректер», «ірімшік қосылған шибөректер» деп қолданылса, тілімізде де әдемі үйлесімін табар еді.
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.ЧебурекШибөрек
Усенов Нурлан, Abdikarim, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Қалиакбар Үсемхан 2 жыл бұрын

    Менше бұл екі атау да үйлесіміз. Сіз ұсынып отырған "Шибөрек" атауы ағылышын тіліндегі "Chebureki" сөзін тізеге салып аударып алған атау. Бұл шын мәнінде майға қуырған тұшпара(тұшпарадан үлкендеу) сияқты тағам. Менше Толығырақ ...оны "Майбүрме" деп алған дұрыс деп ойлаймын. Қазақта май шелпек деген атау бар ғой.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Өте жақсы аударма, «часпик" деген "қауыртшақ» деп тілде көрініс тапса жақсы болар еді,
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.час пикқауыртшақ
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Илмира 2 жыл бұрын

    қарбалас сәт

  • Оңды аударма ұсынып отырсыз. “Қауыртшақ” деген ұсынысыңыз “Час пик” терминінің мағынасына сай екендігімен келісуге болады. Қауырт — жаппай, кенет, тез, асығыс, тез арада. Шақ — уақыт өлшемі, мезгіл, мезет, кез.

    Дегенмен Толығырақ ...заңнамада осы терминнің мынадай баламасы бар екенін ескерейік:
    “қарбалас" сағаты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысы

    “қауырт” сағаттар. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 349 бұйрығы

    Ұсыныстар мен заңнамадағы қазақша атауының негізінде мағынасына сәйкес келетін бір нұсқасын ғана қалдырған жөн.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.