Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.

Эксперты

Cәлеметсіздер ме! Балкон , лоджия сөздерін қалай қазақшалауға болады?
кей сөздіктерде балкон -қылттима деп аударылған.
termincom.kz
  • Балкон – балкон
    Лоджия – лоджия

    Дереккөз: Терминологиялық хабаршы, №1 (47) 2014. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында мысал ретінде жиі сын айтылып жүрген балкон – «қылтима», фонтан Толығырақ ...– «шаптырма» деген терминдер комиссияда қарастырылмаған, бекітілмеген және бекітілуі мүлдем жоспарланбаған. Сондықтан мұндай дәлелсіз, дерексіз мысалдар қоғамдық ортада қате пікір қалыптастыруға себепші болды, термин бекіту жүмыстарына деген халықтың жағымсыз пікірін қалыптастыруға жағдай жасайды.

    Дереккөз: Терминологиялық хабаршы, №2 (54) 2017. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені.

  • Shakenova Meruyert 4 апта бұрын

    "Лождия" сөзіне қазақша балама ұсынуда терминнің екі түрлі ерекшелігіне мән беру керек: архитектуралық мағынасының дәл сақталуы; "балкон" терминіне қарағанда ғимарат көлемінің ішінде, ішке кіріккен түрде орналасуы. Демек, "лождия" мен "балкон" Толығырақ ...ссөздерінің мағынасы бір емес. Бұл орайда ұсыныс ретінде "жапсаржай" немесе "кірігежай" терминдерін ұсынуға болады. Жапсаржай - қабырғаға жапсарлас кіріккен орын. Кірігежай - ғимаратқа кіріге орналасқан ашық орын.

  • Гаухар Асылбек 3 апта бұрын

    Балкон – ауажай, лоджия – іргежай деп ұсын ұсынар едім.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.