Тақыр кедейлік
Кедейлікке “тақыр” сөзінің тіркесуі керек емес деп есептеймін. Себебі “кедей” сөзінің мағынасы “тақыр” сөзінсіз-ақ жағдайдың мүшкіл екенін, ақшасының аз екенін түсінуге болады.
“Тақыр” мағынасын “жоқ,мүлдем” мағынасында қолдану керек Толығырақ ...болса, екінші тіркескен сөзде сөз мағынасын аша алмайтын қабілеті болуы керек. Мысалы: тақыр бас- бас сөзі мүше, ал баста шаштың жоқ екенін білдіру мақсатында “тақыр” қосылып тұр. Ал тек “кедей” сөзі арқылы ақшаның, жағдайдың “жоқ” мағынасын түсініп тұрмыз.
“Үзіліссіздік” сөзін- тоқтамсыз, тоқтаусыз, үздіксіз деген сөздермен алмастырған дұрыс деп есептеймін.
Себебі-үзіліс белгілі бір уақыт арасындағы тоқтау кезеңі. Ол үшін белгіленген уақыт шектеулігі болуы керек деп есептеймін. Ал іс-әрекеттің тоқтамай, әркез болып отырғанын түсіндіргіміз келсе, “үзіліссіз” емес, “үздіксіз” деп айтқан жөн деп ойлаймын. Себебі: “үзіліссіз сабақ”, “үзіліссіз жарыс”, “үзіліссіз жұмыс” болуы мүмкін, бірақ “үзіліссіз тамақ жасау”, “үзіліссіз айнаға қарау” тіркестерінде тамақтың бір уақытта пісері анық, пісу үшін үзілістің керегі де жоқ. Ал айнаға бір орында тұрып 24/7 қарап тұру- логикалық тұрғыдан сәйкес келмейтін дүние. Егер “үздіксіз тамақ жасау” деп алсақ, “тамақты әр күн сайын, әр сағат сайын” жасалғанын білеміз. Яғни мөлшер жағынан да тамақтың көлемінің көп екенін түсінуге де мүмкіндік аламыз.
Егер олай болмайтын жағдайда: “үздіксіз” сөзі мен “үзіліссіз” сөзін қатар, тең мағынада қолданбауымыз керек. Себебі, бүгін күні бойы үзіліссіз мақала жазып, сайтқа жүктеп, бір күнде жұмысты бітіруге болады. Ал, “үздіксіз” зерттеу жұмысын жасап, кітап жазуға болады. Ал сол кітапты жазу үшін бүгін 1 сағат жұмыс жасап, ертең 2 сағат жұмыс жасауымыз мүмкін. Бірақ зерттеу жұмысы үздіксіз жүріп жатқанын көреміз.
Міне, осындай мәнде “үзіліссіз”сөзін “үздіксіз” сөзімен ТЕҢ дәрежеде қолдануға қарсымын.
ОҢ-ОҢ ЕМЕСТІК
ОҢ- (положительный) мағынасында қолданылса, “оң емес” мағынасындағы сөзді “теріс” сөзімен алмастырған жөн. Себебі: Қара- “чёрный” болса, ақ-“қара емес” “ не чёрный”, ашық- “открыта», ашық “емес”- «не открыта» болуы тиіс еді. Бірақ бұл сөздердің лингвистикалық, логикалық тұрғыдан қисынсыз екенін байқауға болады. Сол үшін де тіл білімінде: ақ-қара, ашық-жабық болып қолданылады.
Негізінен, антоним мәнді сөздерді “емес” сөзімен тіркестірген дұрыс емес деп есептеймін. Осы пікірге орай, “оң емес” сөзін “теріс” сөзімен алмастырған жөн. Сонда “теріс”- отрицательный болып өзгереді.
Обсуждение
Библиография

Тақыр кедей – түгі жоқ, нағыз кедей. Биыл бай болсаң, ендігі жылы тақыр кедей болып қалуың да оп-оңай (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан).
Тақыр кедей – маңдайында түгі жоқ жарлы. Ел байлығы өзімде, Тіл Толығырақ ...байлығы сөзімде, Малы жоқ тақыр кедей ден, Өтірік жала жаппағын (Жамбыл). Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800 б.