Attention! To leave a message, please sign in.
Закуска - басытқы:

1) Нәрсенің уытын, күшін қайтаратын зат. (Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энцклопедиялық сөздігі. - Алматы: “Сөздік-Словарь” , 1997. - 368 б.)

2) Арақтың ащылығын басатын тағам. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: Толығырақ ... . - Алматы, 2014. - 728 б.)

Қолданысқа басытқы атауын кеңінен қолдануды ұсынамын. “Тіскебасар” ұғымынан "басытқы” ұғымы когнитивті аспектіден пайымдасақ ұтымды балама болар еді.
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Abdikarim 2 жыл бұрын

    Ұсынысыңзы орынды.

  • Қарлығаш Қабай 2 жыл бұрын

    ұсынысыңыз ұнады.

  • Таңғы жеміс дәмтағамы – Утренняя фруктовая закуска (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Дәмтағам – Закуска (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Закуска – бірасам, асам, асарлық. Рахимбердиева Б.М. Р 24 Тағамтану сөздігі. – Толығырақ ...Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. –216 бет. Орысша-қазақша-ағылшынша.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Ас мәзірінде жиі кездесетін қателердің бір легі мынау: етпен пицца, ірімшікпен пісірілген баялды, пиде етпен т.б. Етпен сөзі “с мясом” формасын калькалау арқылы жасалған.

Сондықтан келесі нұсқаларды ұсынамын: етті Толығырақ ... оливье, ірімшікті баялды, етті пицца, саңырауқұлақ пиццасы, ет пиде т.б.

Бұл атаулар келесі терминжасам жолы арқылы ұсынылған:

1)-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ: бір нәрсенің бар екендігін білдіретін қосымша арқылы жасалған.

2)ілік септігінің 2-ші изафеттік құрылымы арқылы жасалған;

3) ілік септігінің 3-ші изафеттік құрылымы арқылы жасалған.
Усенов Нурлан, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Abdikarim 2 жыл бұрын

    Бұл ұсынысыңызды қолдаймын!

  • Амреева Кымбат 2 жыл бұрын

    Қолдаймын, дұрыс ұсыныс.

  • Етті орама – Рулет с мясом (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Етті қаусырма – Пирог с мясом (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.