"
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауына ұсынған терминдер:
Класс (пед.,тар., тех.) – жікше, проблема – Толығырақ ...түйткіл, проблемный вопрос – түйткіл мәселе, мотивация – түрткіжай, специфика – төлсипат, прессинг –тықсырыс (тықсырым), база - орынжай, гантель – батпантас, ядро – зілшар, экскурсия – топсеруен, бомбардир – сұрмерген, коньки – сырғы, клюшка – сырғытпатаяқ, палатка – шатыржай, фанат – әсірежанкүйер, каната – кермеарқан, гетры – сираққап.

Шуленбаев Нурлан, Алматы
Мадина Шагирова, Гүлзейнеп Тулегенова, Дәрмен Марияш және 7
  • Ai-kerim Qojahmet 4 жыл бұрын

    Экскурсияны топ болмай-ақ жасайтындар бар ғой. Оларды не дейміз сонда?

  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    төлсипат, батпантас қазақы терминдер қатарынан орын алып қалар. Басқа да ұсынылған терминдер туралы ойлануға болады екен. Шығармашылық табыс тілеймін!

  • Anar Fazylzhan 4 жыл бұрын

    Конькиді сырғы деген ұнап тұр. Ал мотивация -уәждеме, түрткіжайт - фактор, осылай болғалы қашан.... бұларды шатастырмайық. Сонымен бірге төлсипатты атрибуттың баламасы ретінде ғылыми мәтіндерде қолданып жүргенін көзім көрді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.