Severity: Notice
Message: Undefined index: post_data_count
Filename: controllers/Alan.php
Line Number: 344
Backtrace:
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once
# | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг | |
---|---|---|---|---|
1. | АБДИКАЦИЯ | АБДИКАЦИЯ | АБДИКАЦИЯАБДИКАЦИЯСаласызаң Этимологиясыағылш. abdication – «бас тарту» Дефинициясымонархтың тақтан ресми түрде бас тартуы. | +2 |
2. | АБОЛИЦИОНИЗМ | АБОЛИЦИОНИЗМ | АБОЛИЦИОНИЗМАБОЛИЦИОНИЗМСаласызаң Этимологиясылат. abolitio – «жою, болдырмау» ДефинициясыXVIII-XIX ғғ. соңында АҚШ-тағы негрлердің құлдығын жою қозғалысы; ал Ұлыбритания, Франция және бірқатар басқа елде отаршылдықтағы құлдықты жою қозғалысы. | +2 |
3. | АБСОЛЮТНАЯ МОНАРХИЯ | АБСОЛЮТТІК МОНАРХИЯ | АБСОЛЮТНАЯ МОНАРХИЯАБСОЛЮТТІК МОНАРХИЯСаласызаң Этимологиясы Дефинициясымемлекеттік (заңнамалық, атқарушылық, сот), сондай-ақ рухани (діни) биліктің толық монархтың қолында заң жүзінде және нақты шоғырланатын монархиялық басқару формасының бір түрі. Қазіргі таңда дүниежүзінде 8 абсолюттік монархия сақталған олар: Бахрейн, Бруней, Ватикан, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Аравиясы. Осы елдердің кейбіреуінде конституциялық монархияға өту бойынша алғашқы қадамдар жасалған. Абсолюттік монархияда монарх атқару билігін үкіметпен бірге, ал заң шығару билігін әртүрлі заң жөнінде кеңес беретін органдардың (сайланатын немесе тағайындалатын) көмегімен жүзеге асырады. | +2 |
4. | АБСТИНЕНТНЫЙ СИНДРОМ | АБСТИНЕНТТІ СИНДРОМ | АБСТИНЕНТНЫЙ СИНДРОМАБСТИНЕНТТІ СИНДРОМСаласызаң Этимологиясы Дефинициясысозылмалы маскүнемдік пен нашақорлықтың негізгі белгілерінің бірі. Алкогольді (нашақорлық заттарды) қабылдауды шұғыл түрде тоқтату немесе олардың мөлшерін азайту нәтижесінде пайда болатын бірқатар соматикалық және психологиялық бұзылушылықтармен (дірілдеу, терлеу, жүректің тез қағуы, ұйқының бұзылуы және т.б.) сипатталады. | 0 |
5. | АБСТРАКТНЫЕ СДЕЛКИ | АБСТРАКТІЛІ МӘМІЛЕЛЕР | АБСТРАКТНЫЕ СДЕЛКИАБСТРАКТІЛІ МӘМІЛЕЛЕРСаласызаң Этимологиясы Дефинициясыазаматтық құқық ғылымында жарамдылығы мәміле негізіне – мақсатына тәуелді болмайтын мәміле құқығы. Каузалды мәмілелер абстрактілі мәмілелерге қарама-қарсы. | +2 |
6. | АВАРИЙНЫЙ КОМИССАР | АПАТТЫҚ КОМИССАР | АВАРИЙНЫЙ КОМИССАРАПАТТЫҚ КОМИССАРСаласызаң Этимологиясы Дефинициясысақтандырылған кемелер мен жүктер бойынша залалдың себептерін, сипаты мен көлемін анықтаумен айналысатын тұлға немесе фирма. Апаттық комиссардың аты-жөні мен координаттары сақтандыру сертификатында немесе полисте көрсетіледі. Сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтанушы апаттық комиссарға жүгінуге міндетті. Апаттық комиссардың қызметтері өте ауқымды және сақтандырушының нұсқауларымен айқындалады. Апаттық комиссар апаттық сертификат жасайды, онда залалдың сипаты, көлемі мен себебі расталады, соның негізінде сақтандырушы сақтанушының талап-тілектерін төлеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. | +2 |
7. | АВТОГУЖЕВАЯ ПОВИННОСТЬ | АВТОМОБИЛЬ-ЖЕГІН КӨЛІК ЖОЛЫ | АВТОГУЖЕВАЯ ПОВИННОСТЬАВТОМОБИЛЬ-ЖЕГІН КӨЛІК ЖОЛЫСаласызаң Этимологиясы Дефинициясыстихиялық апатпен күресу үшін немесе қандай да бір маңызды мемлекеттік тапсырмаларды орындау үшін азаматтық немесе әскери биліктердің қарауына тарту күшін, автомобиль немесе жегін көлік беру міндеті. Соғыс кезінде әскери билік енгізуі мүмкін. | +2 |
8. | АВТОКРАТИЯ | АВТОКРАТИЯ | АВТОКРАТИЯАВТОКРАТИЯСаласызаң Этимологиясыrp. autokrateia – «самодержавие» Дефинициясыжоғарғы билік бір адамға шексіз тиесілі болатын басқару жүйесі. | +2 |
9. | АВТОРСКИЙ ЛИСТ | АВТОРЛЫҚ ПАРАҚ | АВТОРСКИЙ ЛИСТАВТОРЛЫҚ ПАРАҚСаласызаң Этимологиясы Дефинициясыәдеби шығарманың көлемін өлшейтін бірлік, ол 40 мың баспа таңбаға немесе 700 жол өлең материалына немесе басылған 3 мың см2 графикалық материалға тең. | +2 |
10. | АГРАРНОЕ ПРАВО | АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ | АГРАРНОЕ ПРАВОАГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚСаласызаң Этимологиясы ДефинициясыҚР және басқа да бірқатар елдердегі кешенді, мамандандырылған құқық саласы, ауылшаруашылық қызметі саласында пайда болатын аграрлық (жер, мүліктік, еңбек, ұйымдастыру-басқару), қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. | +2 |
11. | АГРЕССИВНОЕ НАМЕРЕНИЕ | АГРЕССИЯШЫЛ НИЕТ | АГРЕССИВНОЕ НАМЕРЕНИЕАГРЕССИЯШЫЛ НИЕТСаласызаң Этимологиясы Дефинициясыхалықаралық құқықта нақты бір жағдайда агрессия актісінің болуын анықтау кезінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ескеретін критерийлердің бірі. Агрессия актісін белгілей отырып, Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттің бастапқыда жасаған іс-әрекеттерінде агрессияшыл сипаттағы ниеті, мысалы, күшті қолдану арқылы аумақты аннексиялауға ұмтылуы, басқа мемлекеттің аумағын әскери түрде басып алуы және т.б. болды ма деген сұрақты анықтайды. | +3 |
12. | АГРЕССИЯ КОСВЕННАЯ | ЖАНАМА АГРЕССИЯ - | АГРЕССИЯ КОСВЕННАЯЖАНАМА АГРЕССИЯ -Саласызаң Этимологиясы Дефинициясыхалықаралық құқықта қандай да бір мемлекеттің тұрақты қарулы күштерінің құрамын енбейтін немесе белгілі бір мемлекет ұйымдастырса не оның атынан немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін, бірақ оларға тиісті екендігін жасыратын қарулы тонаушылар тобы, топтар, тұрақты күштер немесе жалшылар жасайтын агрессия. | +2 |
13. | АГРЕССИЯ ПРЯМАЯ | ТІКЕЛЕЙ АГРЕССИЯ | АГРЕССИЯ ПРЯМАЯТІКЕЛЕЙ АГРЕССИЯСаласызаң Этимологиясы Дефинициясыхалықаралық құқықта мемлекеттің тұрақты қарулы күштері жүзеге асыратын агрессия. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 ж. 14 желтоқсанда қабылданған «Агрессияны анықтау» деген 3-бапқа сәйкес, соғыс жариялауға тәуелсіз, агрессия актілері ретінде мынадай тікелей агрессиялар қарастырылады: а) мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағына басып кіруі немесе шабуыл жасауы не болмаса уақытша сипаты қандай болса да, осындай басып кірудің немесе шабуыл жасаудың нәтижесі болып табылатын кез келген әскери басқыншылық не болмаса күш қолдану арқылы басқа мемлекеттің аумағына немесе оның бір бөлігіне аннексия жасау; б) мемлекеттің қарулы күштерімен өзге мемлекеттің аумағын бомбалау немесе мемлекеттің өзге мемлекет аумағына қарсы кез келген қаруды қолдануы; в) басқа мемлекеттің қарулы күштерімен мемлекеттің айлақтарын немесе жағалауларын қоршау: г) мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің құрлықтағы, теңіздегі немесе әуедегі күштеріне не теңіз және әуе флоттарына жасаған шабуылы; д) басқа мемлекеттің аумағында орналасқан бір мемлекеттің келісімде көзделген шарттарды бұзып, қабылдайтын мемлекетпен жасалған келісім бойынша қарулы күштерді қолдануы Келтірілген тізім толық емес. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ Жарғысының қағидаларына сәйкес, басқа актілер де тікелей агрессия деп анықталуы мүмкін. | +2 |
14. | АГРЕССОР | АГРЕССОР | АГРЕССОРАГРЕССОРСаласызаң Этимологиясылат. aggressor – «қарақшылар шабуылын жасайтын адам» Дефинициясыхалықаралық құқықта агрессия жасаған мемлекет. Мемлекет топтарының әрқайсысы агрессияға нақты қатысса, олардың бәрі агрессия ретінде әрекет ете алады (мысалы, әскери көмек туралы шартқа байланысты). | +2 |
15. | АД РЕФЕРЕНДУМ | АД РЕФЕРЕНДУМ | АД РЕФЕРЕНДУМАД РЕФЕРЕНДУМСаласызаң Этимологиясы Дефинициясыхалықаралық құқықта мемлекет өкілінің халықаралық шартқа шартты түрде қол қоюы, бұл мемлекеттің өзі үшін міндетті шартпен алдын ала келісу немесе оның мәтінімен келісу тәсілін білдіреді. Егер оны мемлекет растаса, оған түбегейлі қол қойылды деген сөз. | +2 |