1. Хищение» сөзін «жымқыру» деп бекітілген, орыс тілінде «хищение», «воровство» «кража» синонимдік қатардағы сөздері «ұрлау» деген мағына береді, қазақ тілінде де ұрлау, жымқыру (ауызекі тіл) Толығырақ ... синонимдік қатар. Біріншіден, тіпті жымқыру құқықтық термин болғанның өзінде («жымқыру» сөзі құқықтық және заң терминдер жүйесінде қолданылмайды, бірде –бір сөздікте жоқ), «жымқыру» «хищение» сөзінің іс қимыл болмысына сай емес, «жымқыру» көбіне ауыз екі тілде қалыптасқан, өзінің экспрессивтік- эмоционалдық реңі бар сөз, ол қазақ тіліндегі терминдік лексикадан гөрі ауыз екі тілдік мағына береді. Оны термин қылып бекткен жағдайдың өзінде сот аузынан, ресми үкім, не қылмыстық іздестіру шараларында қолданудың өзі екі талай, өйткені қандай болмасын тілдің тілдік мәдениеті де барын ескерген жөн. «Жымқыру» ресми сипаттағы термин ретінде алу күмәнді.
2 контузия (лат. Contusio — ушиб) — особый вид общего поражения организма, который возникает при внезапном непрямом воздействии на всё тело, или на его обширные участки. Чаще всего возникает от взрывной воздушной волны[1].
Зақым,
жарақат,
Discussion
Articles

Қазақ тілі лексикологиясында сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетін болған жағдайда оны басқа сөзбен алмастырады. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Толығырақ ...Мұндай құбылыс эвфемизм деп аталатыны белгілі." Жымқыру" сөзі де эвфемизм сөздердің қатарында, оны ауызекі тілде ғана қолданылады деп айта алмаймыз. "Ұрлау" мен"жымқырудың" мағынасы жақын, синоним сөздер болғанмен, мағыналық айырмашылықтары бары анық. "Жымқыру" да ұрлық болғанмен, мұнда ешкімге байқатпай, білдірмей алу реңкі басым, яғни "хищение" дефинициясын толық ашып тұр деуге болады. Қазір бұл сөз БАҚ-та, қылмыстық істер жайындағы ақпараттарда жиі қолданылып жүр. Сондықтан "жымқыруды" ресми сипаттағы термин ретінде алуға болатынына күмән жоқ деп ойлаймын.