"

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РТК 2026 жылғы 3-отырысында бекітілетін терминдер (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

№ САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ) 32 1-32
2 Инклюзия саласы терминдері (ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған терминдер) 13 33-45
3 Лингвистика саласы терминдері (Жеке азамат ұсынған терминдер) 16 46-61
4 Іс қағаздарын жүргізу саласының терминдері («QazaqGaz Aimaq» ҰК ұсынған терминдер) 235 62-296
#Russian versionKazakh versionRating
1.«ножницы цен»«баға қайшылығы»
«ножницы цен»
«баға қайшылығы»
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)–
Дефинициясы1. Баға қайшылығы – сатылатын және сатып алынатын тауарлар бағаларының арасындағы алшақтықты көрсететін ұғым. Сыртқы сауда саласында өнеркәсібі дамыған елдер мен дамушы елдер тауарларының эквивалентсіз айырбасталатынын сипаттайды.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: "narxlar qaychisi"
4. Түрік: makas Krizi
5. Ағылшын: scissors crisis, price discrepancy, price scissors
6. Неміс: Scherenkrise, Preisschere
7. Бекітілген нұсқасы: көтеріңкі бағалар (2023), қайшылықтар (2019)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚРЗ ... құқыққа қайшылығы ...
2) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 15-V Заңы ... нормалары арасындағы қайшылықтарды ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 29 қазандағы № 188-VІ ҚРЗ ... Қайшылықтар туындаған жағдайда ...
4) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 наурыздағы № 170-VIII ҚРЗ ... айқындалған бағалар ...
10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын, терминдік тіркес сыңарларының бекітілген нұсқасын қарастыра келе, "баға қайшылығы" терминін бекітуді ұсынады.
0
2.анонимное обществоаноним қоғам
анонимное общество
аноним қоғам
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)аноним (грек. anṓnumos) – "атаусыз".
Дефинициясы1. Аноним қоғам – "ұсынушының" акциялары бар акционерлік қоғам.
2. Этимологиясы: аноним (грек. anṓnumos) – "атаусыз".
3. Өзбек: anonim jamiyat
4. Түрік: anonim şirket
5. Ағылшын: joint-stock company, public joint-stock company
6. Неміс: Aktiengesellschaft, Konzern
7. Бекітілген нұсқасы: анонимді өтініш (2018), дәстүрлi қоғам (2019)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 236-VIII ҚРЗ ... Анонимдік жолданымдар ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ. ... анонимді жолданымдар ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 158-VII ҚРЗ ... анонимдік үгіт ...
10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын, терминдік тіркес сыңарларының бекітілген нұсқасын қарастыра келе, "аноним қоғам" терминін бекітуді ұсынады.
0
3.база исчисления доходатабысты есептеу базасы
база исчисления дохода
табысты есептеу базасы
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)база (лат. basis, гр. βάσις) – "негіз", "іргетас".
Дефинициясы1. Табысты есептеу базасы – табысқа байланысты қандай да бір көрсеткішті есептеу жүргізілетін сома. Әдетте бұл термин салық және бухгалтерлік есепте кездеседі.
2. Этимологиясы: база (лат. basis, гр. βάσις) – "негіз", "іргетас".
3. Өзбек: daromadni hisoblash asosi
4. Түрік: gelir hesaplama temeli
5. Ағылшын: income calculation base
6. Неміс: basis für die Berechnung des Einkommens
7. Бекітілген нұсқасы: табыстық облигация (2017)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 213 бұйрығы. ... орташа айлық табыстың мөлшері ...
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы. ... салық салынатын табысты 50 %-ға азайту ...
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы. ... Рейтингті есептеу білім беру қызметтерін ұсынудан ...
4) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 173 бұйрығы. ... табысты есептеу әдістемесі ...
5) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 149-V Заңы. ... бюджеттердің шығыстар базасына ...
10. Ұсыныстар: дефинициясын, заңнамалық құжаттардағы қолданысын қарастыра отырып, "табысты есептеу базасы" терминін бекіту ұсынылады.
0
4.банкобанко
банко
банко
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)банко (итал. banco) – "орындық, үстел".
Дефинициясы1. Банко – банк бағалы қағаздарды сатып алатын не сататын бағасы немесе бағамы.
2. Этимологиясы: банко (итал. banco) – "орындық, үстел".
3. Өзбек: banko
4. Түрік: banko
5. Ағылшын: banquo
6. Неміс: Geldkurs
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды қарастыра келе, "банко" терминін бекітуді ұсынады.
0
5.бланковая надписьбланктегі жазба
бланковая надпись
бланктегі жазба
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)бланк (фр. blanc) - "ақ қағаз", "бос парақ".
Дефинициясы1. Бланктегі жазба – вексель иесінің вексельдің сыртына жаңа иесінің аты-жөнін көрсетпей жазған жазуы. Ол вексельді көрсеткен кез келген адамға вексель берген адамнан вексельде көрсетілген ақшаның сомасын төлетуге құқық береді.
2. Этимологиясы: бланк (фр. blanc) - "ақ қағаз", "бос парақ".
3. Өзбек: blanka yozuvi
4. Түрік: blank yazısı
5. Ағылшын: blank inscription
6. Неміс: briefkopf
7. Бекітілген нұсқасы: бланк (2018)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 4 ақпан N 292-ІІ. ... Бланкiсiне сәйкес келетiн бланкiде ұсынылған жағдайда ...
2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 37 Заңы. ... бланкiлерiнiң өзара келiсiлген санын бiр-бiрiне бередi ...
3) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 563-IV Заңы. ... дыбыстық жазбасын ғана білдіреді ...
10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, басқа тілдердегі аудармаларды, заңнамадағы қолданысын ескере отырып, "бланктегі жазба" терминін бекітуге ұсынамыз.
0
6.вексельный курсвексель бағамы
вексельный курс
вексель бағамы
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)вексель (нем. Wechsel) - «айырбастау», «алмасу», «айырбас құжаты».
Дефинициясы1. Вексель бағамы – шетел векселінің жергілікті валютаға шаққандағы бағасы.
2. Этимологиясы: вексель (нем. Wechsel) - «айырбастау», «алмасу», «айырбас құжаты».
3. Өзбек: veksel kursi
4. Түрік: veksel kursu
5. Ағылшын: exchange rate
6. Неміс: wechselkurs
7. Бекітілген нұсқасы: ыңғайласпалы вексель (2018), споттық айырбас бағамы (2022)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуiрдегі N 97 Заңы. ... Аударым және жай вексельдер ...
2) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 436 Заңы. ... белгiленген ресми бағамы ...
3) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы N 358 Заңы. ... валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ...
10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармаларды, заңнамадағы қолданысын ескере отырып, "вексель бағамы" терминін бекітуді ұсынамыз.
0
7.вирементвиремент
виремент
виремент
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)виремент (фр. virement) – "аудару", "айналдыру".
Дефинициясы1. Виремент – банкінің соманы бір тұлғаның ағымдағы есепшотынан екінші тұлғаның ағымдағы есепшотына аудару операциясы.
2. Этимологиясы: виремент (фр. virement) – "аудару", "айналдыру".
3. Өзбек: pul oʻtkazmasi
4. Түрік: para transferi
5. Ағылшын: bank transfer
6. Неміс: Überweisung
7. Бекітілген нұсқасы: кредиттік аударым (2017), аударым (қаржы.) (2010), трансферттік баға, аударым бағасы(сыртқы экон.қызмет) (2006), аударма, аударым (банк ісі) (2006), қаржы бөлу, аударым (мем. сатып алу) (1999)
8. Қолдану саласы: Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: банк саласында қолданылатын бұл термин "банк аударымы" терминіне мағынасы жағынан ұқсас. Бұл термин түрік, өзбек, ағылшын және неміс тілдерінде "банк аудармасы" деп берген. Сол үшін "виремент" терминінің орнына "аударым" немесе "кредиттік аударым" деген тіркес ұсынылады. Бұл сөз термин ретінде заңнамада кездеспейді. Мамандардың талқылауы қажет.
0
8.встречная закупкақарымта сатыпалым
встречная закупка
қарымта сатыпалым
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)–
Дефинициясы1. Қарымта сатып алу – экспорттың құны шегінде импорттаушыдан тауар массасын сатып алу бойынша экспорттаушының қарсы міндеттемелерін көздейтін қарсы сауда нысаны
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: muqobil xarid
4. Түрік: karşı satın alma
5. Ағылшын: turn-in buying
6. Неміс: Gegenkauf
7. Бекітілген нұсқасы: сатыпалым (2024), үстеме тексеру (2020)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 898 Жарлығы. ... оператордан сатып алу;..
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. ... сатып алуға байланысты қатынастарға ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V ҚРЗ. ... Қарымта шаралар уақытша сипатқа ие ...
10. Ұсыныстар: дефинициясын, бекітілген термин нұсқаларын ескере отырып, "қарымта сатыпалым" терминін бекіту ұсынылады.
0
9.дамнодамно
дамно
дамно
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)дамно (лат. damnum) - «зиян, шығын, залал».
Дефинициясы1. Дамно – банкінің клиенттер вексельдерін инкассоға есепке қабылдағаны үшін олардан алатын айрықша ақысы (комиссиядан, пайыздардан және пошта шығындарынан тыс); бағалы қағаздарды нақты бағасынан төмен сатқанда олардың бағамынан келетін шығын.
2. Этимологиясы: дамно (лат. damnum) - «зиян, шығын, залал».
3. Өзбек: damno
4. Түрік: damno
5. Ағылшын: damno
6. Неміс: dam
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Заңтану, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын ескере отырып, "дамно" деп бекітуді ұсынамыз.
0
10.девизная политикадевиз саясаты, ұран саясаты
девизная политика
девиз саясаты, ұран саясаты
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)девиз (лат. divisa) - «бөлінген нәрсе», «белгі», «таңба».
Дефинициясы1. Девиз саясаты – орталық банкілердің шетел валютасын сатып алу немесе сату (тратта, чек немесе төлем талап девизі түрлерінде) арқылы ұлттық валютаның бағамын реттеуге бағытталған саясаты.
2. Этимологиясы: девиз (лат. divisa) - «бөлінген нәрсе», «белгі», «таңба».
3. Өзбек: deviz siyosati
4. Түрік: deviz politikası
5. Ағылшын: сurrency policy
6. Неміс: motto-Politik
7. Бекітілген нұсқасы: олимпиялық ұран (2019), экосаясат (2022), девиз (сыртқы экон.қызмет) (2006)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 471-II Заңы. ... ұранын, туын, әнұранын ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 11 мамырдағы № 65-VІ ҚРЗ. ... девизге, туға және өзге де ұлттық паралимпиадалық нышанға ...
10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, заңнамадағы қолданысын ескере отырып, "девиз" терминін қазақшалап, "ұран саясаты" деп бекітуді ұсынамыз.
0
11.дифференциальный таможенный тарифсараланған кеден тарифі
дифференциальный таможенный тариф
сараланған кеден тарифі
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)тариф - (фр. tarif; араб. та'риф) - түсіндірме, анықтама
Дефинициясы1. Сараланған кеден тарифі – бір түрлі тауарға немесе өнімге оның қай елден әкелінгендігіне, кеден шекарасына, кеменің қай ұлттікі екеніне және т.б. байланысты кеден алымының әр түрлі мөлшерлеме бойынша алынуы.
2. Этимологиясы: тариф - (фр. tarif; араб. та'риф) - түсіндірме, анықтама
3. Өзбек: differensial bojxona tarifi
4. Түрік: diferansiyel gümrük tarifі
5. Ағылшын: differential customs tariff
6. Неміс: Differenzzolltarif
7. Бекітілген нұсқасы: кеден (1992)
8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі N 401 Кодексі: "... кеден ісі мәселелері ...";
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 252 бұйрығы: "... сараланған график – сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерінде мәлімделген бағалар бойынша өтінімдерінің бір тәртіпке келтірілген тізімі...";
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 103-ө өкімі: "... импорт кезінде кеден баждарының, салықтардың және өзге де алымдардың мөлшерлемелерін ...".
10. Ұсыныстар: линвистикалық сараптама көрсеткендей, дифференция сөзін түрік, өзбек жіне басқа тілдер материалдық кірме ретінде қабылдаған, бірақ ҚР заңнамаларында "сараланған" сөзі терминдік тіркестердің құрамында осы сөздің баламасы ретінде кездеседі. Сондықтан "сараланған кеден тарифі" деген нұсқаны бекіту ұсынылады.
0
12.европатентеуропатент
европатент
еуропатент
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)патент (лат. patens) – "ашық, айқын".
Дефинициясы1. Еуропатент – бұл Еуропалық патенттік ведомство (EPO) арқылы берілетін патент; ол бір ғана өтінім беру арқылы бірнеше еуропалық мемлекеттерде өнертабысты қорғауға мүмкіндік беретін аймақтық патент түрі.
2. Этимологиясы: патент (лат. patens) – "ашық, айқын".
3. Өзбек: yevropa patenti
4. Түрік: аvrupa patentli
5. Ағылшын: european patent
6. Неміс: Europäisches Patent
7. Бекітілген нұсқасы: еуропалық асхана (2024), патенттік мәліметтер (2024)
8. Қолдану саласы: Заңтану, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 16 қараша N 257-ІІ ...Халықаралық патенттік жіктеме ...
2) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы ... патент иесiнiң ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 20 маусымдағы № 128-VII ҚРЗ ... Патенттің қолданылу мерзімін ...
10. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама қорытындысы аудармаларды, заңнамадағы қолданысын, терминдік тіркес сыңарларының бекітілген нұсқасын қарастыра келе, "еуропатент" терминін бекітуді ұсынады.
0
13.иммобилизация капиталакапиталды шашырату
иммобилизация капитала
капиталды шашырату
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)капитал (лат. capitalis) – "негізгі".
Дефинициясы1. Капиталды шашырату – акционерлік компания (қоғам) капиталының жеке (жекеменшіктегі) кәсіпкерлердің капиталына айналуы: айналмалы қаражатты аз қозғалатын құндылықтарға (биржада онша бағаланбайтын пайызды қағаздар, т.б.) орналастыру.
2. Этимологиясы: капитал (лат. capitalis) – "негізгі".
3. Өзбек: kapitalni immobilizatsiya qilish
4. Түрік: sermaye immobilizasyonu
5. Ағылшын: immobilization of capital
6. Неміс: Brachliegen von Kapital
7. Бекітілген нұсқасы: иммобилизацияланған препараттар (2021), қаражатты иммобилизациялау (2017)
8. Қолдану саласы: Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ ... шашырату қуаты ...
3) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған ...
10. Ұсыныстар: заңнамадағы қолданысы, өзбек, түрік, ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармалар ескеріліп, "капиталды шашырату" нұсқасы ұсынылады.
0
14.консолидированные продажижинақталған сатылымдар, шоғырландырылған сату
консолидированные продажи
жинақталған сатылымдар, шоғырландырылған сату
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)консолид (лат. consolidare) – "бекіту, біріктіру".
Дефинициясы1. Жинақталған сатылымдар – бас компания кәсіпорындарының, олардың серіктес және ассоцияланған фирмаларының тауарлары мен қызметін олардан өзара алмасқан (топ ішіндегі) тауарларын шегеріп тастағаннан кейінгі сатылымдар.
2. Этимологиясы: консолид (лат. consolidare) – "бекіту, біріктіру".
3. Өзбек: konsolidatsiyalashgan savdo
4. Түрік: konsolide satışlar
5. Ағылшын: consolidated revenue
6. Неміс: konsolidierter Umsatz
7. Бекітілген нұсқасы: жинақталған су алымдары мен айдамдары картасы (2024), жинақталған жиілік (2023), үстеме ақымен сату (2022)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 147-VIII ҚРЗ ... ішкі сатылымдарына ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 28 ақпандағы № 141-VІ ҚРЗ ... бұйымдардың сатылымына ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 369-ІІ ... жинақталған қаражаттарымен ...
10. Ұсыныстар: терминнің өзбек, түрік, ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармалары ескеріліп, дефинициясына мән бере "жинақталған сатылымдар" термині ұсынысылады.
0
15.коэффициент покрытияжабу коэффициенті
коэффициент покрытия
жабу коэффициенті
Экономика және қаржы саласының терминдері (ҚР ҰЭМ)коэффициент (лат. co(cum)+efficients ) – "бірге+өндіретін".
Дефинициясы1. Жабу коэффициенті – ресурстардың, объектілердің немесе қызметтердің қажетті көлемге қатысты қандай үлесін өтейтінін көрсететін көрсеткіш.
2. Этимологиясы: коэффициент (лат. co(cum)+efficients ) – "бірге+өндіретін".
3. Өзбек: qoplash koeffitsiyenti
4. Түрік: karşılama oranı
5. Ағылшын: coverage ratio
6. Неміс: Deckungsgrad
7. Бекітілген нұсқасы: ылғал жабу (2022), жабу (2016), зейнеткерлік жүктеме коэффициенті (2025)
8. Қолдану саласы: Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 330 бұйрығы ... саны 0,4 коэффициентін ...
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 бұйрығы ... Пiсiру жiктерi жабулы ...
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысы ... сипаттайтын коэффициенттерін ...
10. Ұсыныстар: заңнамадағы қолданысы, басқа тілдердегі аудармалары мен дефинициясына қарап, "жабу коэффициенті" термині ұсынылады.
0
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Attention! To leave a message, please sign in.