"
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолу

«Амбулаторный больной» термині

Баламалары «емханалық науқас» немесе «амбулаторлық науқас» Толығырақ ...деп ұсынылған «амбулаторный больной» тіркесінің «амбулаторный» деген сыңарының заңнамадағы қолданысына шолу жасасақ, онда оның «амбулаториялық» деген нұсқасы қолданылатыны анық. Ол төмендегі кестеде көрсетілді.
Сонымен қатар оның «Терминком» алаңында қалай бекітілгеніне де назар аударған жөн. Алаңда ол 2017 жылы «амбулаториялық науқас» деп мақұлданған (кестесі қосымшада).
Келтірілген негіздемеге сүйеніп, «амбулаторлық» деп ұсынылып отырған сөзді «амбулаториялық» деп алмастырған орынды деп тұжырымдаймыз.

2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 116-бабына сәйкес медициналық көмек көрсетудің мынадай 3 деңгейі болады:
1) бірінші деңгей – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін мамандардың өз медициналық көмегін амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде көрсетуі;
2) екінші деңгей – мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын, бейінді мамандардың өз медициналық көмегін амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде медициналық көмекті бірінші деңгейде көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша көрсетуі;
3) үшінші деңгей – жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын, бейінді мамандардың өз медициналық көмегін амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде медициналық көмекті бірінші және екінші деңгейлерде көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша көрсетуі.
Медициналық көмектің осы деңгейлерінен көмек көрсету жағдайларын:
- амбулаториялық жағдай;
- стационарлық жағдай;
- стационарды алмастыратын жағдай деп ажыратуға болады. Яғни кез келген науқастың медицина орындарына жүгінген кезде көмекті осы 3 жағдайда не үйде алуына болатыны айқын. Сондықтан медициналық көмектің науқасқа тағайындалған деңгейіне байланысты оны былайша бөлуге болады:
- амбулаториялық жағдайда емделетін науқас;
- стационарлық жағдайда емделетін науқас;
- стационарды алмастыратын жағдайда емделетін науқас. Бұл ретте түркі тілінде де «ayakta tedavi gören hasta» деп ашып жазылғанын атап өткен орынды. Ал оларды ықшамдап жазсақ, екі нұсқасы шығады:

- амбулатория жағдайындағы науқас;
- стационар жағдайындағы науқас;
- стационартиптес субьект жағдайындағы науқас;

немесе:
- амбулатория науқасы;
- стационар науқасы;
- стационартиптес субъект науқасы. Осы орайда ықшамдап берілген соңғы баламалар өзбек тілінде де «ambulatoriya kasalligi», яғни «абмулатория науқасы» деп қолданылады.

Осы нұсқалардың қолдау тауып, орнығып кетуі мүмкін баламасын анықтау үшін ұсынылған терминге байланысты сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
  • «Науқас» дегеннен гөрі «емделуші, ем алушы, ем қабылдаушы» деп қолдану орынды. Емделуші, ем алушы, ем қабылдаушы – медициналық көмек алушы адам.

    A patient – a person who requires medical care. Больной Толығырақ ...Амбулаторный – Out-Patient – амбулаторияда емделуші, амбулаторияда ем қабылдаушы деген нұсқаны қолдаймын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.