"
отход - қоқым, остаток - қалдық десек, не дер едіңіздер?
  • Қиқым, қоқым – крошка. Нан қоқымы – крошка хлеба. Мысалы, Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.
    Қалдық – отход, остаток. Отход пен остаток сөздері қазақ Толығырақ ...тілінде қалдық деп бекітілген. Қазақша атауын алмастыру қажет болса, синонимінің ішінен баламасы табылуы әбден мүмкін. Қалдық сөзінің синонимі: тамтық, қалыңды, жұқана, таусыншақ, сарқынды, сарқыншақ, жұрнақ, қалдық, сарқын.

  • Серік Ерғали 1 апта бұрын

    Пікір қосқаныңызға алғыс, Ерболат мырза. Бірақ 2,5 млн сөздік қорымыз синоним мен омонимнің батпағынан арылмай жатыр. Негізі осыны ажырататын бір лексикографиялық түсіндірме сөздік болар ма еді... Қиқым мен қоқым ауызекі Толығырақ ...тілде мәндес болғанмен, олардың айырмасы біршама: түбірлеріне үңілсек - қиқым былай қарағанда қиынды, бұл да отходқа келіңкірейді, бірақ толық мағынада емес. Ал қоқым сөзі "қоқудан" екенін ескерсек, белгілі бір материалды өңдеуден шығып, қоқыған "отход" екеніне біршама ишара бар. Неге отходқа балама етіп алмасқа? Мәселен, советтік лингвистика правительстваны Үкімет, властты Өкімет етіп алмады ма, кезінде? Екі түрлді айтылған бір сөзді де жаратты ғой. Тіпті "нан қоқымы" деген тіркестің өзінде де қалдық емес, ең әуелі тілінген, желінген наннан қалған қоқым/отход!

  • Қалдық – остаток, қауіпті қалдықтар – опасные отходы, тұрмыстық-коммуналдық қалдықтар – коммунально-бытовые отходы, қалдықтар жiктемесі – классификация отходов. Үкiмет – правительство, билiк – власть. Көрсетілген терминдер республикалық терминология комиссиясымен бекітілген. Толығырақ ...
    Қоқым – крошка, нан қоқымы – крошка хлебная. Нан, қант сияқты үгітілмелі заттардың түсіп қалған үгіндісі, қиқымы. Халық түсінігінде нанның қоқымын жеген бала өскенде бай болады (Б.Қанарбаева, Қаз. наным.). Қарны ашқан сорлы көк торғай шоқуға қоқым таппады (Б.Тұрсынбаев, Айнымас.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.