"
Рогатка - мүйізатар
  • Рогатканың бірнеше мағынасы бар. Сөздіктерде кездесетін нұсқалары:
    Мүйізатар – рогатка. Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
    Айырсадақ – рогатка. Қазақша-орысша сөздік. Қ. Бектаев.
    Керме ағаш – рогатка. Қазақша-орысша сөздік. Толығырақ ...Қ. Бектаев.
    Айырсадақ (рогатка). Екі жақ жоғарғы ұшына резинка тартылған, таспен ату үшін жасалған кішкентай аша таяқ. Қазақ лексикасындағы жеке қолданыстар: Толықтырылған екінші басылымы – Алматы: Ғылым. 1990.– 136 б. «Ғылым» баспасы. А.Алдашева, Ғ.Әнесов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев
    Рогатка – балалардың бұтақтың ашасына резеңке тағып, құс атып ойнайтын құралы. Бірде рогаткамен шымшық атамын деп көрші үйдің терезесін қиратып алдым (Ауызекі). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
    https://termincom.kz алаңында:
    1. Кереге қорғаныс (әскери іс) – Рогатка (1971-1981 жж. бекітілген термин)
    2. Кереге қорғаныс – Рогатка (Бекітілген терминдер жинағы)
    3. Арқар мүйіз – Рогатка (Әскерлік атаулар)
    4. Мүйізгектер (зоол.) – Рогатки (Биология)

  • Бақытгүл Ысқақова 6 сағат бұрын

    Зоология, биология саласында "мүйізгектердің" екі түрлі анықтамасы бар екен. "Мүйізгек-вагинит" -малдың жұқпалы ауруы; мүйізгектер -- рогатки-құйрықсыз қосмекенділер тұқымдасы. Алдағы уақытта сала мамандарымен ақылдаса отырып, қазақша атауын нақтылайтын боламыз. Ал "айырсадақ", Толығырақ ...мүйізатар"- балалардың бұтақтың ашасына резеңке тағып, құс атып ойнайтын құралы. Бұл екі атаудың "айырсадақ" нұсқасын қолданысқа енгізген дұрыс болар еді.

  • Сәлеметсіз бе. Сіз атап өткен «вагинит»-тің қазақша баламасы бола тұра, шет тілінен енген қалпында 2017 жылы «вагинит, кольпит» деп бекітіліпті. Бір жағынан бір терминнің басқа терминдердің де қазақша атауы ретінде Толығырақ ...қайталанбауы үшін сәтті баламасы болмаған жағдайда, сол күйінде бекітілгені дұрыс. Іс жүзінде бір ғана мүйізгек сөзінің бірнеше терминнің аудармасы екенін байқаймыз, «мүйізгек – мозоль», «мүйізгек – вагинит (жұқпалы ауру)».

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.