«Қазақша мәзір" дегенде бірден есіме түскені - мәзірлерде жиі кездесіп жүрген "Тай еті" термині. Жиі кездесетіні - "Мясо по-тайский" ғой, негізі. Бірлі-жарымы қазақшалап, "Тай еті" деп аударып қойыпты. Жылқы Толығырақ ...етін сүйіп жейтін кез келген қазақ мұны тайдың еті деп түсінері анық.
Енді, қалай аудармақ керек? "Тай халқының еті" деу ұзын әрі күрделі естіледі. Одан кейін, бұл атауды біздің орыс тілінен тікелей аударғанымыз есіме түсті.
Шындығында, "тай" емес, "тәй" екен. Ағылшын тілі орфоэпиясымен жұмсартып, бұл сөзді келтіріп айтады. Орыс тілінде "ә" әрпі жоқ. Амал жоқ, "тай" деп айтады. Ал қазақ тілінде бар ғой, "ә" әрпі. Неге "тәй еті» демеске? Білем, оғаш көрінер, дегенмен мен осылай аударар едім.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Шынымен «Тай еті» десек, жылқы еті деп бірден түсінеміз. «Тай халқының еті» деген баламасы қолдануға сәл ыңғайсыздық тудырса, мынадай нұсқаны қарауға ұсынамыз:
«Таиланд» (Thailand) – 1939 жылы қолданысқа енгізілген ел атауының Толығырақ ...ағылшын тіліндегі нұсқасы «тайлықтар елі» деген мағынаны білдіреді. Тай тіліндегі нұсқасы Пратхет Тхай немесе Мыанг-Тхай деп айтылады.
Тай тіліндегі елдің ұлттық атауын негізге ала отырып, «Муанг-Таи еті», «Мыангтай еті» деп қазақша баламасы бекітілсе, тұтынушы таңсық ас ретінде қабылдайды. Таңсық ас – белгілі бір өңірдің адамдарына бейтаныс, басқа елдердің тағамдары (Қаз. тілі термин. Тамақ.)