"
Сіздердің назарларыңызды «экссудат" терминіне аударғым келеді. Қарапайым халыққа ұғынықсыз бұл сөздің қазақша аудармасын медицина қызметкерлерінің өзі де түсінбейді. Ең алдымен бұл сөздің анықтамасына назар аударайық. Экссудат - ағзаның кез келген Толығырақ ...бөлігінде қабыну процесі кезінде бөлінетін сұйықтық не қанды бөлініс. Оны "жалқық» деп атаған екен. Оңтүстік-шығыста қолданылатын бұл диалект сөздің терминнің баламасы ретінде қолданылуы орынсыз деген пікірдемін. Қанды бөлініс, сұйықтық деп аударуға әбден болатын еді.
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.экссудатжалқық/қанды бөлініс, сұйықтық
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Экссудат – экссудат, жалқақ, ісіну сұйықтығы. Қазақша атауы болғанымен, медицина саласының мамандарымен ақылдасқан жөн.
    Жалқақ (lat: Jalqaq) – з а т. с ө й л. Жалқаяқ (көлкілдеп тұратын сұйқылтым жалқылдаған нәрсе). Толығырақ ...Жамбасымдағы жараның ішін жалқақ ірің кеулеп, ыстығым күрт көтеріліп кетті де, басымды көтере алмай төсек тартып тағы да жатып қалдым (З.Жәкенов, Қайта айналып.). Дерттің көзі жарылып кеткен соқыр ішек боп шықты. Іш қуысы тола жалқақ ірің (С.Ғаббасов, Өскен ұя).
    Қинала бастағанын анық сезді.
    Көзінің үстін тағы сүртті.
    Тер емес, қан жұққандай болды,
    Жылымшы жалқақ бірдеме (Д.Досжанов, Жусан.).
    Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5-том. / Құраст.: Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнісбеков және т.б. – Алматы, 2011. -752 б.

    Экссудаттар. Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығы; Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген диагностикалық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде зертханалық диагностиканың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-221/2020 бұйрығы.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.