неположительный
оң еместік
Қаншалықты келісесіз? Математика саласындағы барлық теріс сан мен нөл саны екен. Бұл жерде "еместік" деген сөзді қазақ тілінің сөздік қорында тек еместігі деп қолданатынын ескерсек, мәселен,Сол нағашымның жел Толығырақ ...қуық байталша сыланған қағылез қаншығы бар деп естіп, осал ит еместігіне іштей күмəнсіз құмарлықпен түйініп жүретінмін (А. Сейдімбеков, Ақиық, 74) немесе Көңілі толмаушылық. Ақтоқты өкпесін айтып, разы еместігін білдіреді. Ақан қалай да Ақтоқтыны алмақ болады (М.Жұмабаев, Шығ.), еместік деп қолдану дұрыс емес сияқты. Бұл тұста, мүмкін, оң емес сандар деп қарастыру жөн шығар.
Discussion
Articles

оң ұғымына антоним - теріс
Оң емес сандар (Неположительные числа) – барлық теріс сан мен нөл саны.
Теріс емес сандар (Неотрицательные числа) – оң сандар және нөл. Дереккөз: Виленкин Н.Я. и др. Математика. 6 класс: учебник Толығырақ ...для общеобразовательных учреждений.
Математика категориясында «оң емес сан - число неположительное, оң емес квадраттық форма - квадратичная форма неположительная» деген сияқты нұсқада ұсынылыпты.
«Математика» білім беру саласының мамандарымен ақылдасу керек.
Бұл терминді қайдан алдыңыз әрі қай салада, қандай контекстіде қолданылады? Сол жайында толықтырып жазсаңыз дұрыс болар еді.