"
Всемирные игры кочевников. Қалай аударған дұрыс болады? Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ма, әлде Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары ма?
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 147 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты).

  • Кезінде Ақселеу Сейдімбек "көшпенділер" сөзіндегі жағымсыз реңкті дұрыс байқаған. "Көшпенді" тәріздес сөзжасамдық үлгілерді алып қарасаңыз ол анық көрінеді. Мысалы: көшпенді, өшпенді, асыранды, тастанды, жуынды, шайынды т.б. "Көшпенді"-ге қарағанда "көшпелі" сөзінің Толығырақ ...бейтарап мәні нақты. Мүмкін, "Дүниежүзілік көшпелілер ойыны" деген дұрыс болар.

  • «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» деп мемлекеттік деңгейде (заңнамада) қолданылады. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 147 қаулысымен бекітілген Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 Толығырақ ...жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

    Егер «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» нұсқасын қате деп есептесеңіз, жоғарыда көрсетілген мекемелерге хат жолдағаныңыз дұрыс.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.