Сәулет және құрылыс саласына ұсынылатын түзетулер:
3) кейбір терминдер орыс тілінде бір ғана нұсқада берілсе, қазақ тілінде бірнеше нұсқада алынған. Мәселен, «адгезия" деген терминнің 8 түрлі нұсқасы кездеседі:
1) осы салада Толығырақ ..."адгезия, жабысқақтық";
2) Механика және машинатану саласында «адгезия, тұтасу»;
3) Энергетика саласында «жабысқақтық»;
4) Машинажасау, Химия салаларында «адгезия»;
5) Биология, Медицина салаларында «жабысулық»;
6) Кен ісі және металлургия саласында «адгезия, тұтасым»;
7) Ауыл шаруашылығы саласында «жабысу»;
8) Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласында «адгезия, жабыстыру». Осыған ұқсас жағдай "акватория" терминіне де қатысты:
1) осы салада "айдын";
2) 2019 жылы бекітілген термин бөлімінде «су аумақ, акватория»;
3) Әскери іс саласында «акватория, су айдыны»;
4) Биология, Ауыл шаруашылығы, Заңтану салаларында «Суайдын»;
5) Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет саласында «суайдыны, акватория»;
6) Іс жүргізу және мұрағат ісі саласында «су айдын». Бұл ретте 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде «акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі» (акватория - водное пространство, ограниченное естественными, искусственными или условными границами) деген анықтамасы бар. Осыдан келіп "акватория» деген нұсқасын да қосуға болады. Бір терминнің бір нұсқасы болу керек деген қағидатқа сүйеніп, осы сияқты олқылық жіберілген сөздер мен терминдерді нақтылап, түзетулер енгізу қажет.
Alań
Maqalalar
Kitaptar
Bıblıografıa

Qurmetti, Aıgúl Mahambetova! Usynysyńyz úshin alǵys aıtamyz.
«Adgezıaá» termıni 2005 j. «jabysqaqtyq» dep, al medısına salasy boıynsha «adgezıaályq tozyǵý» retinde 2016 j. resmı túrde bekitilgen. Tolyǵyraq ...Al Termincom.kz saıtynda osy termınniń 29 nusqasy jeke sóz retinde nemese tirkes retinde tirkelgen.
«Akvatorıa» termıni 2020 j. «aıdyn»; 2019 j., siz aıtyp otyrǵandaı, «sý aýmaq, akvatorıa»; 1998 j. geografıa; 1995 j. jer ǵylymy boıynsha «aıdyn» dep resmı túrde bekitilgen jáne osy termınniń jeke sóz nemese tirkes retindegi 24 nusqasy tirkelgen.
Jalpy termınderdi resmı bekitý úshin ár túrli Mınıstrlikter tarapynan bekitýge usynylatyn termınderdiń tizbesi Ǵylym jáne joǵary bilim mınıstrligi Til Komıtetine jiberiledi. Ony «Til-Qazyna» ulttyq ǵylymı-praktıkalyq ortalyǵynyń mamandary men arnaıy taǵaıyndalǵan lıngvısıkalyq sarapshylar árbir termınniń defınısıaásyn anyqtap, týystas túrki tilderimen qatar basqa da úndieýropa tilderindegi balamalaryn esepke ala otyryp, bekitilgen-bekitilmegendigin rettep, saraptama jasaǵan soń ǵana Memlekettik termınologıa komısıa múshelerine daýys berýge jáne saıt arqyly qalyń kópshilik qaýymǵa talqylaýǵa usynady (Termincom.kz: «Alań»). Sońynda Memlekettik termınologıa komısıa músheleriniń otyrysynda árbir termın talqylanyp, bekitiledi.
Sondyqtan sizderden salalyq termınderdiń qoldanysy men defınısıaásyn ashýǵa kómektesetin naqty pikirlerińiz ben usynystaryńyzdy kútemiz.