"
Сәулет және құрылыс саласына ұсынылатын түзетулер:
3) кейбір терминдер орыс тілінде бір ғана нұсқада берілсе, қазақ тілінде бірнеше нұсқада алынған. Мәселен, «адгезия" деген терминнің 8 түрлі нұсқасы кездеседі:
1) осы салада Толығырақ ..."адгезия, жабысқақтық";
2) Механика және машинатану саласында «адгезия, тұтасу»;
3) Энергетика саласында «жабысқақтық»;
4) Машинажасау, Химия салаларында «адгезия»;
5) Биология, Медицина салаларында «жабысулық»;
6) Кен ісі және металлургия саласында «адгезия, тұтасым»;
7) Ауыл шаруашылығы саласында «жабысу»;
8) Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласында «адгезия, жабыстыру». Осыған ұқсас жағдай "акватория" терминіне де қатысты:
1) осы салада "айдын";
2) 2019 жылы бекітілген термин бөлімінде «су аумақ, акватория»;
3) Әскери іс саласында «акватория, су айдыны»;
4) Биология, Ауыл шаруашылығы, Заңтану салаларында «Суайдын»;
5) Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет саласында «суайдыны, акватория»;
6) Іс жүргізу және мұрағат ісі саласында «су айдын». Бұл ретте 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде «акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі» (акватория - водное пространство, ограниченное естественными, искусственными или условными границами) деген анықтамасы бар. Осыдан келіп "акватория» деген нұсқасын да қосуға болады. Бір терминнің бір нұсқасы болу керек деген қағидатқа сүйеніп, осы сияқты олқылық жіберілген сөздер мен терминдерді нақтылап, түзетулер енгізу қажет.
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков, termincom.kz, Ai-kerim Qojahmet
  • termincom.kz 1 жыл бұрын

    Құрметті, Айгүл Махамбетова! Ұсынысыңыз үшін алғыс айтамыз.
    «Адгезия» термині 2005 ж. «жабысқақтық» деп, ал медицина саласы бойынша «адгезиялық тозығу» ретінде 2016 ж. ресми түрде бекітілген. Толығырақ ...Ал Termincom.kz сайтында осы терминнің 29 нұсқасы жеке сөз ретінде немесе тіркес ретінде тіркелген.
    «Акватория» термині 2020 ж. «айдын»; 2019 ж., сіз айтып отырғандай, «су аумақ, акватория»; 1998 ж. география; 1995 ж. жер ғылымы бойынша «айдын» деп ресми түрде бекітілген және осы терминнің жеке сөз немесе тіркес ретіндегі 24 нұсқасы тіркелген.
    Жалпы терминдерді ресми бекіту үшін әр түрлі Министрліктер тарапынан бекітуге ұсынылатын терминдердің тізбесі Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл Комитетіне жіберіледі. Оны «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары мен арнайы тағайындалған лингвистикалық сарапшылар әрбір терминнің дефинициясын анықтап, туыстас түркі тілдерімен қатар басқа да үндіеуропа тілдеріндегі баламаларын есепке ала отырып, бекітілген-бекітілмегендігін реттеп, сараптама жасаған соң ғана Мемлекеттік терминология комиссия мүшелеріне дауыс беруге және сайт арқылы қалың көпшілік қауымға талқылауға ұсынады (Termincom.kz: «Алаң»). Соңында Мемлекеттік терминология комиссия мүшелерінің отырысында әрбір термин талқыланып, бекітіледі.
    Сондықтан сіздерден салалық терминдердің қолданысы мен дефинициясын ашуға көмектесетін нақты пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды күтеміз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.