"
Жазылым терминіне пікір

Рецепт – дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген жазбаша нұсқауы мен жолдамасы.

Пропись – основная Толығырақ ...часть медицинского рецепта, содержащая указание на готовое лекарственное средство или способ его изготовления.

Указание - нұсқау

Нұсқау – қалай әрекет ету керектігін көрсететін жөн сілтеу, түсіндірме.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-286/2020 бұйрығында «прописи» – «жазба» деп берілген.

Гомеопатикалық дәріханада дербес жазба бойынша дайындалатын дәрілік препараттарды тексеру кезінде осы қосымшаның 1-4, 8-10-тармақтарында келтірілеген ауытқу нормаларын пайдалану керек.

Демек, дәрілік затты пайдалану тәсіліне жөн сілтейтін қағазды «дәрінің нұсқауы" немесе "дәрілік заттың жазбасы" деп алсақ қалай болады?

Бұл тек қана пікір, әлі де қайта қарап, талқылау қажет. "Көптің ойы - кемеңгер» демекші сіз бен біз болып, ұлттық терминдердің қалыптасуына атсалысайық.
Arailym Seidrakhym, termincom.kz, Ai-kerim Qojahmet
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.