Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Украина | Үкірайын | |
| 2. | Черногория | Қаратау | |
| 3. | Болгария | Бұлғария | |
| 4. | Сербия | Сірбістан | |
| 5. | Хорватия | Хорбатістан | |
| 6. | Босния и Герцеговина | Босні мен Ғерсігі | |
| 7. | Северная Македония | Солтүстік Мәкедония | |
| 8. | Польша | Полші | |
| 9. | Чехия | Шехістан | |
| 10. | Словакия | Слоуакістан |
Өткен ғасырдың басындағы «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» қазақ терминологиясының ғылыми ұстанымдары жасалып, бекітілгені бәрімізге белгілі. Оның мазмұнына сүйенсек, терминжасамның басты қағидалары былайша көрсетілген еді: Біріншіден, қазақша пән сөздері қазақтың өз Толығырақ ...тілінен алынатын болсын. Өз тілінен табылмаған пән сөздері, басқа түрік халықтарынан ізделіп, жалпы түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, онда мұндай сөздер жатырқамай алынсын. Сондай-ақ Еуропа халықтарына сіңіп кеткен, жалпы жұртқа ортақ пән сөздері, қазақ тілінің заңдарына келтіріліп, бізге де пән сөз болып қолданылсын. Басқа тілдерден алынған пән сөздері қазақ тілінің ережелерінде көрсетілген заңдарына сәйкес өзгертілуі тиіс делінген еді. Бұл, қазақ тілінің тұнығын бұзбау үшін қабылданған қағидат болатын. Сонан бері бір ғасыр өтсе де, маңызын әлі жойған емес. Жоғарыдағы пост авторының ұсынысы осындай ойдан туындаса керек. Дегенмен тілдік заңдылық деген де бар. Сондықтан, бұл мәселені түрік ағайындары қалай шешкеніне көз жіберуіңізді сұрар едім.
Жоғарыдағы пікірге қосыламын. Үндестік заңына сай жазылу керек. Әріптердің орналасуы да көзге оғаш көрінеді.
Халықаралық тәжірибені ескеру керек.
Басқа пікірлерді көрсету