Қайырлы күн! Кейінгі 5-7жылда үрдіс алып отырған қазақ тілінде жоқ дыбыстарды терминдерде кеңінен пайдалану мені қатты алаңдатады. Мысалы, цифрлық, цифра, циркуляция және тағы сол сияқты сөздер. Ц, Ф, Ю, Ч Толығырақ ...дыбыстары қазақ тілінде жоқ. Бұл дыбыстарды кеңінен қолдану қазақ тілінің болашағына балта шабу деп есептеймін. Терминдерді түзу жұмысына қазақша сөйлегенде орысша сөздерді араластыратын адамдардың тартылуы ма бұған себеп? Бір-екі мысал келтірейін; «Цифра" сөзінің бұрын қабылданған "сипыр" аудармасы бола тұра кейнгі жылдары "цифра", "цифрлық" деген терминдер бекітіліп отыр. "Циркуляция" сөзінің "айналым" деген термині бекітілгеніне қарамастан кейінгі жылдары қазақша "циркуляция" деп бекітілген. Неге? Цифраны цифра деп циркуляцияны циркуляция деп айта салу оңай болғандықтан ба? Тіліміз құрып орысшаланып кеткендіктен ба? "Циркуляция" деген сөздің аудармасы "айналым" деген дұрыс, бәрақ бір салада қолдансақ "айналым" басқа салада қолдансақ "циркуляция" ма? Қай салада болсын ол сөздің мағынасы бір емес па?
Қашан жөнделесіздер? Қашан қазақ тіліне бет бұрасыздар?
"Самовар" деген орысша сөзді қазақша "самаурын" деп кеттік, сол сияқты "цифровой", "цифра" деген сөздерді қазақша "сипырлық", "сипыр» деуге болмайды ма?
Alań
Maqalalar
Kitaptar
Bıblıografıa

Pikirińiz óte oryndy. Alaıda sıfra termın retinde 2006 jyly sıfr bolyp bekitilgen. Keıingilerdiń bári sol qarqynmen ketip jatqan sıaqty. sıfrovaıa podpıs - sandyq qoltańba túrinde tym jaqsy qoldanylyp júr. Basqa Tolyǵyraq ...termınderdi de árıne osylaı qazaqshalaǵan jón-aq
Sıpyr demeı-aq, san desek bolmas pa? "San" degenniń aýdarmasy sıfr bolady emes pe?
Sıfra, san sózi de sıfrlyq jáne sandyq, sıfrlandyrý degen sıaqty uǵymdarmen qoldanysqa sińip ketken. San sózin ǵana qaldyrý úshin birqatar termınder qaıta qaralýy tıis.