Сәлеметсіздер ме. «Суармалы су" сөзі туралы көмек берсеңіздер екен. Мысалы егемен, казинформ, және де жүздеген сайттарда "Тәжікстан Қазақстанға 315 млн м3 суармалы су беретін болды» деген тақырыппен мақала жарияланды. Осы
Толығырақ ...жерде Суармалы су деген сөзі дұрыс қолданылған ба?
Дұрыс айтасыз, Дәурен. Тілімізде "суармалы жер", "суармалы егіс", "суармалы егіншілік" сөз тіркестері бар. Ал "суармалы суды" кім қолданысқа енгізгенін білмедік. "Суармалы" сөзіне Қазақ әдеби тілінің сөздігінде: "СУАРМАЛЫ — с ы Толығырақ ... н. Суғарылатын, су арқылы шығатын" деген анықтама берілген. Онда бұл сөз тіркесі "су арқылы шығатын су" мағынасын береді. Ауылшаруашылығында "Суармалы су режімі" тіркесін кездестірдік, орыс тілінде "Режим ирригационный водный". "Ирригация - құнарлылығын арттыру мақсатында жеткіліксіз ылғалданған топырақты жасанды суару". Олай болса, журналистер "суармалы судың" мағынасын өздері түсіндіріп берер.
Су - ауыз су немесе суармалы егіске арналған су болуы мүмкін. Ауыз судың мағынасы түсінікті. Ол - иісі, дәмі, мөлдірлігі және химиялық құрамы адам ағзасы үшін қауіпсіз табиғи су. Адам Толығырақ ...денсаулығы осы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді болып келгендіктен оған қойылатын арнайы мемлекеттік санитарлық талаптар бар. Ауыз суды сондықтан тірі су, тұщы су, жерасты сулары деп те айтады. Ауыз суға бұлақтар мен жерден ұңғып шығарылған құдықтардың сулары жатады. Ал суармалы егістік үшін пайдаланылатын судың құрамы ауыз судан өзгерек болады. Ол - көктемгі ағын, қар, жауын-шашыннан құралған көл, тоғандардың сулары. Десек те өзен сулары да суармалы егістік үшін пайдаланылады. Менің түсінуімше, "суармалы су" деп осы егіншілікте, диханшылықта қолданылатын суды айтып отыр