"
Самокат, электрлі самокат дегеннің қазақша нұсқасы не болмақ?
Итеғұлова Сая Ағанасқызы
  • Самокаттың қазақша баламасын бермес бұрын алдымен оның не екенін анықтап алайық. "Самокат" деп әуел баста, нақтырақ айтқанда Бірінші дүниежүзілік соғыс және азамат соғысы кезінде велосипедтің, механикалық вагонның әскери атауын берген Толығырақ ...екен. Кейінірек балалардың ойыншығының атауына айналып отыр. Бүгінде доңғалақтары, басқарып отыратын тұрақты тұтқасы бар бұйым немесе қозғалыс құралы осылай аталады. Самокат - аяқты орнынан тұрып итеру арқылы қозғалатын қозғалыс құралы. Ол тек жеке көлік ретінде ғана емес, сонымен қатар ойыншық түрі, спорт және дене шынықтыру құралы ретінде де қолданылады. Енді осы атаудың қазақша мағынасына тоқталайық. "Самокат" орыс тілінен калькалағанда "өзі сырғанайтын; өздігінен сырғанайтын" дегенді білдіреді. Мен бұл атаудың қазақша баламасы ретінде "сырғуыш" және "тоқ сырғуыш" нұсқасын ұсынар едім.

  • Серік Ерғали 2 жыл бұрын

    Саяны қолдаймын

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.