Электр энергетика саласында қолданып жүрген «Розетка« сөзінің баламасы ретінде "Электр ойымы" сөзін ұсынамын.
Бұл терминнің ағылшынша атауы "Power Socket". Бұл сөзді тікелей "Қуат ойымы" деп аударуға болады. Бірақ ағылшындарда "Power" сөзі Толығырақ ...қуат, электр энергиясы, тоқ деген мағынада қолданыла береді. Бізде "Қуат" сөзі электр энергияның тек қасиеті ғана болып табылғандықтан, тікелей "Электр" сөзін қолданған жөн деп есептеймін.
Неге бұл жерде тек »ойым» сөзін ғана қолданбасқа? Өйткені, мысалы құрылыста ойымдарды тек электр энергетикасы үшін ғана қолданып қоймайды. Ойымдардың жасалу мақсаты бірнеше болады. Олар: құрылыстық, сәулет және т.с.с.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

"Ойым" сөзі дөрекілеу алсақ "қазаншұңқыр" ұғымымен мағыналас, бұның тағы бір нұсқасы бар - "ойдым". Қазақ ойдым-ойдым деп шоқалақ жерді айтады. Ойым да, ойдым да бір дефинициядағы сөздер. оған ештеңе Толығырақ ...кіріп, ешбір нәрсені бекітпейді. Розетканың географиялық нұсқасы - ұңғы. Осының жіңішке нұсқасын, яғни үңгіні алсақ, сол лайық. ҮҢГІ. Бұл сөзден үңгір сөзі туындайды. Бұған кіретін вилканы "сүңгі" деп алуға болады. Сонда бір бірін толықтыратын және дефиницияны толық қанағаттандыратын бір емес жүйелі екі баламаны аламыз
"Үңгі" және "сүңгі" сөзі өзара үйлесіп тұр. Десек те "Информатика және есептеуіш техника" саласында "щуп" термині "сүңгі", "Көлік және қатынас жолдары" саласында "зенкер" термині "үңгі", ретінде бекітілген... Сондықтан әріптесіміз ұсынған Толығырақ ...терминдерді талқылау барысында жақсылап ойланған жөн. Сондай-ақ қазақ тілінде ұ - ү фонемаларының өзара алмасып қолданылу ерекшелігі жиі кездеседі. Ұ-ү сәйкестігі түбір сөздерде алмасып қолданылатын дыбыстық өзгерістерге жатады. Әріптесіміз ұсынып отырған "үңгі" сөзін жуандатсақ "ұңғы" сөзі шығады. Мұнай саласында "скважина" сөзін ұңғыма деп қолданып жүр. Ал машина жасау саласында "дуло" терминін "ұңғы" деп бекіткен. Осы ретте Әбу Әлиман ұсынып отырған нұсқадағы электр және Серік Ерғали ұсынған үңгі сөзін алып, "электр үңгісі" яғни, сөз тіркесі түрінде беру мәселесін қарастыруға болады