"
Құрметті termincom.kz сайтының қолданушылары, «Информатика және есептеуіш техника» категориясы бойынша төмендегі екі терминнің анықтамасын және аудармасын ұсынамын. Осыған пікірлеріңізді білдіріп, сайтқа тіркеуді қарастыруларыңызды сұраймын.

Параллельді есептеу - күрделі есептерді жалпы жад Толығырақ ...арқылы байланысатын бірнеше процессорлар бір уақытта орындай алатындай кішігірім, тәуелсіз және көбіне ұқсас бөліктерге бөлшектеу процесі.

Cимволдық есептеу - бағдарламашыларды символдармен, семантикамен және символдар арасындағы қатынастармен жұмыс істеуге бағыттайтын парадигма.
#Қазақша нұсқасыОрысша нұсқасыРейтинг
1.Параллельді есептеуПараллельное вычисление
2.Cимволдық есептеуСимвольное вычисление
Askar Bazarbay, Алибек Айтжан
  • Алибек Айтжан 3 жыл бұрын

    таңбалық есеп

  • Серік Ерғали 3 жыл бұрын

    Параллель - қазқатар, параллельное вычисление - қазқатар есептеу. параллельді есептеуді кері аударсақ - вычисление с параллелом

  • Алдымен "параллель" терминінің баламасы бар ма деген мәселені шешіп алсақ деймін. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарық көрген Алаш оқығандарының еңбектерінде, сол жылдардың мерзімді басылымдарын­да терминдердің мүмкіндігінше ана тіліміздегі баламасын Толығырақ ...қолдану мәселесі көтеріле бастаған еді. 1927 жылы Н. Қаратышқанұлының құрастыруымен «Пән сөздері» деген жарық көрген терминдер жинағында "параллель" - "қатар" деп беріледі. Одан берегірек келсек 1971-1981 жылдар аралығында лингвистика саласында параллельные слова - жарыспалы сөздер деп бекітіліпті. Тіпті беріде, информатика саласында паралельный регистр терминін қосарлас регистр деп бекітеді. Демек, паралель ұғымы қазақ танымына жат емес. Сондықтан паралельное вычеслениені жоғарыда Серік Ерғали көрсеткендей "қазқатар есептеу", болмаса "жарыспа есептеу" немесе "қатар есептеу" деп берген жөн.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.