Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Ағылшынша Mask, Орысшасы Маска терминінің Қазақша ТҰМША баламасы бола тұра не себепті бетперде сөзі қолданысқа енгізілгенін түсінбей келемін. Қызметі мұрын, ауыз, бетті айналадағы жағымсыз әсерлерден қорғайтын ТҰМША мен масканың еш айырмашылығы жоқ
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.МаскаТұмша
Әбу Әлиман, Мөлдір Бақытқызы, Ai-kerim Qojahmet
  • Серік Ерғали 5 жыл бұрын

    Қос қолдап қолдаймын, Есет мырза!

  • Иә, тұмша, тұмшалау ұғымы - қазақта бар ұғым. Мұқағали ағамыз "Жанарымды тұманмен тұмшаладым, Серіппесі үзіліп тұр садағым" деп жырлаған еді. Бірақ бетперде сөзі айналымға еніп кетті. Маска сөзін солай Толығырақ ...ала салмадық па деп аңсайтындар да бар. Өз басым бетпердеге қарсы емеспін. Перде - терезені күн көзінен көлегейлеп тұрады. Ал бетперде аузымыз бен мұрнымызды көлегейлеп, бүркеп, жауып тұр. Яғни адамды тура келетін әсерден тасалап, қорғап, бүркеп, көлегейлеп, бір сөзбен айтқанда жауып тұрады. Сондықтан бетперде деп болса да қазақшаланғанына қуаныштымын

  • Серік Ерғали 5 жыл бұрын

    Бетперденің қазақ ұғымында екі түрі бар: бетті жабатын түрі - бетперде, тұмсықты тұмшалайтыны - тұмша. Театрдағысы - бетперде

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.