Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Қазір сахарный диабет тіркесін қант диабеті деп аударылып жүр. Алайда , бұл дұрыс емес. Өйткені ілік септігі жасырын түрып қанттың диабеті деп басқа мағына Толығырақ ...беріп тұр. Дүрысы -қантты диабет.
Қантты диабет пен қантсыз диабет деп екіге бөлінеді.
Shakenova Meruyert
  • Shakenova Meruyert 4 апта бұрын

    Қант диабеті – матаса байланысқан зат есімдер (дұрыс модель). Қазақ тілінде ауру атауларының басым көпшілігі бірінші үлгімен жасалады:
    - қан ауруы;
    - өкпе обыры;
    - бүйрек тасы;
    - жүрек жеткіліксіздігі.
    «Қант диабеті» де осы заңдылыққа бағынады.

  • Бұл жерде қанның ауруы,өкпенің обыры, бүйректің тасы деген мағынады, ал қант (-тың) диабеті болмайды негізгі сөз диабет , қантты, қантсыз анықтаушы сөздер

  • Қант диабетінің ең негізгі белгісі кіші дәрет көбею. Қазақ бұл ауруды Шыжың деп айтқан. Қантты несеп десе де болады.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Cәлеметсіздер ме! Балкон , лоджия сөздерін қалай қазақшалауға болады?
кей сөздіктерде балкон -қылттима деп аударылған.
termincom.kz
  • Балкон – балкон
    Лоджия – лоджия

    Дереккөз: Терминологиялық хабаршы, №1 (47) 2014. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында мысал ретінде жиі сын айтылып жүрген балкон – «қылтима», фонтан Толығырақ ...– «шаптырма» деген терминдер комиссияда қарастырылмаған, бекітілмеген және бекітілуі мүлдем жоспарланбаған. Сондықтан мұндай дәлелсіз, дерексіз мысалдар қоғамдық ортада қате пікір қалыптастыруға себепші болды, термин бекіту жүмыстарына деген халықтың жағымсыз пікірін қалыптастыруға жағдай жасайды.

    Дереккөз: Терминологиялық хабаршы, №2 (54) 2017. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені.

  • Shakenova Meruyert 3 ай бұрын

    "Лождия" сөзіне қазақша балама ұсынуда терминнің екі түрлі ерекшелігіне мән беру керек: архитектуралық мағынасының дәл сақталуы; "балкон" терминіне қарағанда ғимарат көлемінің ішінде, ішке кіріккен түрде орналасуы. Демек, "лождия" мен "балкон" Толығырақ ...ссөздерінің мағынасы бір емес. Бұл орайда ұсыныс ретінде "жапсаржай" немесе "кірігежай" терминдерін ұсынуға болады. Жапсаржай - қабырғаға жапсарлас кіріккен орын. Кірігежай - ғимаратқа кіріге орналасқан ашық орын.

  • Гаухар Асылбек 2 ай бұрын

    Балкон – ауажай, лоджия – іргежай деп ұсын ұсынар едім.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.