Сусын ба, ішімдік пе?
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында:
1) пивные напитки – сыра сусындары;
«Жарнама туралы» Толығырақ ...2003 жылғы 19 желтоқсандағы ҚР Заңында, 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 394-VI ҚР Заңында:
2) алкогольные напитки – алкогольді сусындар;
2014 жылғы 5 шілдедегі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде:
3) алкогольный напиток – алкогольдік ішімдік;
Алаңдағы тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет саласында
4) напиток алкогольный – алкогольді сусын;
5) безалкогольные напитки – алкогольсiз сусындар;
Алаңдағы заңтану саласында
6) спиртные напитки – спирт ішімдіктері. Құрамына спирт (алкоголь) қосылған өнім сусын ба, әлде ішімдік пе?
Обсуждение
Библиография

Алкогольный/безалкогольный напиток сөздерін алкогольді/алкогольсіз сусын деп аударған дұрыс деп ойлаймын.
Бірақ, ішімдік сөзі алкогольді сусын мағынасын беретіні шын. Алайда, тамақтану саласында жоғарыда айтқан аударманы қолданғанды жөн көремін
Ішімдік – ішуге арнап дайындалған сұйықтық. Салқындатқыш, спиртті және т.б. түрлері бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.)
1. Ішетін нәрсе, сусын. 2. Арақ-шарап т.б. спиртті нәрселер (Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Толығырақ ...Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.)
Заңтану категориясында спирт ішімдіктері – спиртные напитки. Медицина категориясында ішімдікке салыну – злоупотребление алкоголем, запой деген нұсқасы қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 297-IV Заңында алкоголь өнім, спиртті ішімдіктер деп жазылған.
Сусын – шөлді қандыратын сұйық тағам (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.)
Алкоголь шөлді қандыруы кәдік. Жоғарыда баяндалғанды ескерсек, «Алкоголь ішімдік» нұсқасы бекітілген дұрыс.
Басқа пікірлерді көрсету