Обсуждение
Библиография



Ашытқы
1. Нанды, тағы басқа тағамды ашыту үшін қойылатын қалдық (қамыр, айран т.б.). 2. Нан ашытуға қажетті өндірістік зат: дрожжи. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.
«Ашытқы» Толығырақ ...сөзі қазіргі уақытта қолданыста бар, мысалы:
«Алматы ашытқы зауыты» АҚ – АО «Алматинский дрожжевой завод»
Ашытқы өнімдері – Дрожжевые продукты
Ванилин атауын өзгеріссіз қалдыруды қолдаймын. Ваниль мен ванилиннің айырмашылығына тоқталсақ:
Ваниль – табиғи өнім, ванилин – синтетикалық өнім.
Ваниль (lat: Vanıl)
1) орхидея тұқымдас тропиктік өсімдік; 2) осы өсімдіктің белгілі бір түрлерінің жемістері Толығырақ ...кондитерлік өнеркәсіпте, кулинария мен парфюмерияда қолданылады.
Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
Ванилин (lat: Vanılın) – ванильдің жасанды алмастырғышы. Англияда (Гоблин, 1858 ж.), Германияда (Тиман жонс Герман, 1874 ж., 1876 ж.) және Францияда (де Леер, 1891 ж.) бір-біріне байланыссыз жағдайда ойлап табылған. XX ғ. көпке дейін бұл әдіс құпия сақтаулы тұрған. Қазіргі уақытта шайыр күйінде шығарылады. Алуан түрде кондитерлік өнімде пайдаланады. Сусынның иісін шығару үшін және тәтті тағамды, қайнатпаны дайындау кезінде ванилин таптырмайтын қоспа. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қоғамдық тамақтандыру. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. – 232 бет.